132
Самғайын да, ақ әжеңді сұрайын.
Ана жүрек көрмесе екен мұң-қайғы.
Жүрегімде тылсым сезім орнайды,
Ақ әжеңді құшағым да аңсайды.
Ала алмай ақ әжеңнің аппақ қолын,
Иіскедім тек жүн орамал, аппақ тонын.
Дұғамменен ақ әжеңді құшақтайын,
Жүрегім мен дұғамда сенің де орның!»
Мендегі жаңалық осы, ата. Бара-бара осы екі
ананы өзіме белгісіз сезіммен сүйіп барамын.
Тіпті Қасымханға деген ықыласым ондай емес.
Бұл өзі не деген сезім, ата? Мені танымайтын, өзі-
ме де аса таныс емес жандар үшін жүрегім мен дұ-
ғамның төрінен орын бергенім ақымақтық емес
пе? Амал не, мына жүрек ақылға да, тәртіпке де
көнбейді екен…
Бір қолымен бесікті, бір
қолымен әлемді тер-
беткен
аналарға деген ыстық сезімнен бе деймін,
соңғы кезде мені қоғамдағы аналардың жағдайы
қатты алаңдатып жүр, ата.
Сен бізге тарихта өшпестей із қалдырған ана-
лар жайлы қаншама тағылым айттың. Қазақтың
домалақ анасына айналған Нұрила әжемізден
бастап, Бәйдібек бабаның қыздары Жүзей мен
Қызай,
Қоңыр аналарды, Қара бура әулиенің
қызы Бегім ананы, жалайырдан шыққан Дарабоз
ананы, найман еліне аты мәлім Ақсұлу ананы, қо-
ңыраттан тараған Жұпар ананы, Төле биге келін
болған Данагүл ана мен қожадан шыққан Ахмет
Иассауидің анасы Қарашаш ананы, махаббаты-
133
на адал болып, ақ сезім жолында құрбан болған
Айша бибі мен қазақтың Жібегін,
Баян сұлуды,
Құсни-Қорлан мен Айман-Шолпанды, басқа да
қазақтың рухы мықты қыздарын, аналарын біз-
дерге үлгі етіп, айтып отырушы едің.
Ата, қазір қоғам өзгеріп барады дейміз. Иә,
қоғам өзгеріп барады. Біз бесік жырын ұмытқан,
тілінен безген, бет әлпеті әлем-жәлем бояулы,
келте шаш кесір келіндері, адың-гүдің
еркек-
сымағы бар қоғамда өмір сүріп келеміз бе?... Са-
намдағы осындай сансыз сұраққа сенің баяғыда
айтқан ақылдарыңнан жауап іздеп келемін, ата.
Ата, сен кеткелі, әжеміз жалғызсырамасын
деп, ауылдағы үйде Ғали ағаны отбасымен бірге
қалдырдық та, әжені жанымызға, қалаға алдық.
Демек, енді бәріміз бір отбасы болып қалада тұ-
рып жатырмыз.
Ата-ау, білесің бе, сексеуіл ағаш шоғының түтіні
мен тезек, көңнің шайыр иісі аңқыған ауылды,
ауылдың ақ самала ауасын, ала таңнан сайраған
бозторғай үнін сағындым. Ерте келген көктемін,
көктемдегі көк белін, сары ала жаз, салқын күзін,
ақ қояны аймыштап, алдаусыратып із салған ап-
пақ қарлы қысын сағындым.
Ауылдағы албар
қақпадан аңқылдай шығып, алдымыздан тосып
алатын өзіңізді сағындым, ата. Сенсіз тегі ауылды,
ауылсыз сені көз алдыма елестете де алмаймын.
Сағыныш оты басыла қоймас өмірі. Одан да жа-
ңағы мәселеге оралайын. Сонымен, мен есейдім
бе, әлде заман өзгерді ме, әйтеуір, күн сайын бір
сұмдықты құлақ естіп, көз көріп жүр. Оны айту-
дың өзі қорқынышты. Өзің де жаманды айтпа
деуші едің ғой, айтпай-ақ қояйыншы.
134
Мен
өрнекті өмірді, айналамдағы адамдарды
балаша қабылдаған аңқау күнімді аңсаймын. Сіз-
дер бізді басқа көзқараспен, турасын айтсам, қа-
зақы құрмет, салт-санамен тәрбиелепсіздер. Осы
істеріңізге көп рақмет, ата! Сіз біздің құлағымыз-
ға: «Бесік жырын тыңдамай өскен бала – ертеңгі
мүгедек қоғамның бір бөлшегі» деп, күнде-күн-
де құятынсыз. Артымнан ерген іні-сіңлілерімнің
барлығына бесік жырын тыңдатушы едіңіз… Мен
бала болсам да, әжем мен анама қосыла айтып,
«Әлди» әнін, төрт шумақ тақпақ- өлеңді,
небір
дастан-қиссалардың жарты тарау-тармағын жат-
тап алатынмын. Сіздің «Бесік жыры» жайлы айт-
қан әңгімелеріңізде неткен терең ой, ұлысты ұла-
ғат бар еді. Мен оны енді-енді түсініп отырмын.
Кешкі шай үстінде айтқан ақыл да нақыл әңгі-
меңіз әлі есімде, ата:
Достарыңызбен бөлісу: