Байланысты: Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)
Адам ата мен Хауа ананың жер бетіне түсуі Адам ата мен Хауа ана жер бетінде ұзақ уақыт бойы бір-бірін көрмей, жеке дара ғұмыр
кешеді. Адам ата өзінің жасаған қателігіне өкініп қатты қайғырады. Хақ тағалаға ұзақ
жалбарынып, көз жасын төгеді. Арада бірталай уақыт өткен соң Аллаһ тағала оларды бір-
бірімен Меккеге жақын Арапат тауының етегінде жолықтырды. Олар қайта қосылған соң, жер
бетінде ең алғашқы отбасылық өмірді бастайды. Хақ тағала Адамға егін шаруашылығы жəне
осыған ұқсас басқа да көптеген ризық табу жолдарын үйретеді. Осылайша Хақ тағаланың:
«Байқаңдар! Ібіліс екеуіңді алдап Жаннаттан шығарып жүрмесін. Ей, Адам, онда өмірдің тауқыметін тартасың» ?">[62] ?"> деген сөзі айдан анық айтылған.
Адам ата мен Хауа ана қайта қауышқан соң, жер бетінде ұрпақ өрбіп, адамдар бірте-бірте
көбейе бастады. Хауа ана ұдайы бірі қыз, бірі ұлдан егіз туатын еді. Бірақ ол кезде адамдардың
көбеюіне байланысты егіздер өз жұптарымен емес, өзінен кіші немесе өзінен үлкен егіздермен
үйленетін. Бұл зəруліктен туған, сол заманда ғана рұқсат етілген үрдіс еді. Кейін осы зəрулік
тоқтатылды. Алғаш рет хазірет Нұхтың шариғатымен бауырлас қыз бен ұлдың бір-бірімен
үйленуіне тыйым салынды. Деректерде хазірет Адам қайтыс болған кезде, жер бетіндегі
адамдардың саны қырық мыңға жеткендігі айтылад?">ы
?">[63]
?">.
Хазірет Адам жер бетіндегі адамдардың əкесі ретінде алғаш рет жіберілген пайғамбар
болды. Ол өмір бақи осы міндетін адал атқарып, Аллаһтың əмірін қалтқысыз орындады. Ұлы
Жаратушы оған он парақтан құралған əмір мен тыйымдар жазылған үкімдер түсірд?">і
?">[64]
?">.
Осылайша Адам пайғамбар осы үкімдерді ұрпағына шашауын шығармай, толық жеткізді.
Адам пайғамбар ұрпағына шайтаннан қалай сақтану жолдарын жəне өзінің бір рет оған алданып
қалғандығын, Жаннаттан қуылғандығын ұрпағының санасына əрдайым сіңіріп отырды. Ол
ұрпағына нағыз өмір ақыретте екендігін, бұл өмірдің фəнилігін айтып, Хақ тағаланың ақиқат
жолына шақырды. Ақтық сəтіне дейін ұрпағына осыны ескертумен өтті. Ақыр соңында мың
жылға жуық ғұмыр кешкен
?">[65]
?"> ол өзіне тиісті уəзипасын ада етіп барып өмірден озады.