Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
былай дейді: «Аллаһ тағала Адамды өз келбетінде жəне
бойын алпыс құлаш етіп жаратқан кезде:
«Барып, ана жердегі періштелерге сəлем бер.
Олардың да саған қалай сəлем беретіндіктеріне көңіл қойып тыңда. Өйткені сол сəлем сенің
жəне ұрпағыңның сəлемі болады», – дейді. Сонда Адам оларға жақындап: «Əс-сəлəму
алайкум!» – деп сəлем береді. Періштелер: «Əс-сəлəму алайкə уə рахматуллаһ», – деп жауап
береді. Олар «уə рахмəтуллаһ» дұғасын қосып айтады»
?">
[74]
?">. Міне,
хазірет Адамның алғашқы
айтқан сөзі осы болатын. Ол əу бастан бейбітшілікті жақтағаны тəрізді ұрпағына да мың жыл
бойы «Қашанда тура жолда жүріп, бейбіт өмір сүріңдер» деуден жалықпады. Ол өзі бұрын
жаннатта өмір сүрсе, жер бетінде де өзінің сол жаннатқа лайық екендігін мың бір машақатпен
дəлелдеді. Ол пайғамбар ретінде де ұрпағына дінді толықтай жеткізіп, оларға жер бетінде қалай
өмір сүру керектігін үйретті. Ол пайғамбарлықтан бұрын да, кейін де
пайғамбарлық атқа кір
келтірмей ғұмыр кешті. Сол себепті ол Хақ тағаланың «Сафиуллаһ» деген марапатына ие болды.
Құрандағы:
«Аллаһ тағала Адамды, Нұхты, Ибраһим отбасын жəне Имран отбасын таңдап,
мерейін үстем етті?">»
?">
[75]
аяты да осының бірден-бір дəлелі. Ол сондай-ақ,
шапағат хақындағы
хадисте де «Адамзаттың əкесі» деп аталып, үлкен баға берілген. Һəм халифалық тұрғысынан да
«Халифатуллаһ» деп білінеді. Ол сол халифалық міндетін атқарып, ең алғаш рет Хақ тағаланы
жер бетіне паш етті. Осы тұрғыдан алғанда да оның мерейі үстем еді.
Жаратылған кезде күнəдан қалай пəк жаратылса, бұл ғұмырдан
көшіп бақилық боларда да
күнəсіз күйінде көз жұмды. Өлер алдында ол Хақ тағалаға жалбарынып өзінің көз
жұматындығын, ал Ібілістің қияметке дейін өмір сүріп, бұның артынан мазақтап күлетіндігін
айтты. Сонда Аллаһ тағала оған уахи арқылы: «Сен қайтадан жаннатқа кіресің. Ол болса
қияметке дейін жер бетіне қанша адам келіп-кетсе, сонша өлімнің дəмін татып, азап тартады»
деп
жауап беріп, Адам атаны жұбатады. Кейбір деректерде ол қайтыс болғанда, балалары
денесін Қағбаға жақын Əбу Қубəйс деген төбенің басына жерлегені айтылады. Осылайша
топырақтан жаратылған денесі топыраққа қайтадан кіреді. Оның асыл жары – Хауа ана да көп
ұзамай қайтыс болғаны кейбір деректерде айтылад?">ы
?">[76]
?">. Хақ тағала
ардақты Пайғамбары мен
оның асыл жарына мəңгілік разы болып, рақым нұрын төксін!
Достарыңызбен бөлісу: