Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет8/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Жаннатқа кіру
Ұлы Жаратушы Адам мен Хауа ананы Жаннаттың төріне оздырған кезде, оларға: 
«Ей, Адам!
Жұбайыңмен жаннатқа жайғасып, қалағандарыңша жеңдер?">»
?">[41]
?">, – деді. Хақ тағала оларға сол
жерде ешқандай аштық пен шөл қасіретін тартпай, жалаңаш қалмай, қысқасы, ешбір


қиыншылық көрмейтіндіктерін білдірді
?">[42]
.
Адам мен Хауа ана жаннатта емін-еркін жүріп, əр түрлі нығметтердің дəмін татып,
тамашалайды. Алайда Хақ тағала бұларға Жаннаттың барлық жемістерін жеуге рұқсат
бергенімен, 
«Мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар»
?">[43]
?">, – деп бір
ағаштың жемісін жеуге тыйым салды. Бұл əмірді аттаған адам өкінішпен бармақ
тістейтіндіктен, Адам ата мен Хауа анаға 
«сол ағашқа жақындасаңдар, залымдардан
боласыңдар»
деп қатаң ескерткен
?">[44]
?">.
Міне, Адам мен Хауа анаға берілген бұл əмір олардың ең алғашқы сынағы еді. Өйткені
Аллаһ тағала оларды Жаннатқа кіргізген кезде, екеуінің ең үлкен дұшпаны шайтан екендігін, ол
кез келген уақытта өздерін арбап, алдайтындығын, жүрекке бойлап азғыратындығын алдын-ала
айтып ескерту жасаған. Сол себепті олар Құдай тағаланың осы бір тыйым салған ағашына
жақындамай бойларын аулақ салып, Аллаһтың əміріне қарсы келуден сақтануы тиісті еді. Ал
шайтан болса барлық күш-жігері мен қайратын сарп етіп, оларды тыйым салынған ағашқа
жақындатып, тіпті жемісінен жегізіп, Ұлы Жаратушының бұйрығына қайшы əрекетке
итермеледі.
Мəңгілік ғұмыр кешу – адам баласының ең үлкен арманы. Ібіліс хазірет Адамды: 
«Саған
түгесілмейтін, бітпейтін патшалық көрсетейін бе??">»
?">[45]
– деп алдаған. Мəңгілік өмір сүру
адамның болмысында болғаны тəрізді, түгесілмейтін патшалыққа иелік ету де адамның
болмысында бар. Жалпы адамды Хақ тағала жер бетіне халифа етіп жаратты. Ал халифалықтың
міндеті – жер бетін басқару. Билік – адамның ең осал тұсы. Адамның менмендігі мен
өзімшілдігінде де осы сезім бар. Сондықтан ол осы өзімшілдігіне бой алдырса, ешкімді көзге
ілмей кетеді. Бұндай адамдардың қолына билік бір тисе, сол арқылы өзін өзгеден үстем көріп,
билеп-төстегісі келеді. Адам ешқашан билікке тоймайды. Билікті көксеген адам қол жеткізген
биігін місе тұтпай, шыңды бағындырсам дейді. Ең жоғары билікке қолы жетсе, сол билікті
ешкімге бергісі келмейді. Мəңгі бақи сол тақта отырғысы келеді. Мəңгілік өмір сүруді қалайтын
адам патшалығының да мəңгілік болуын қалайды. Ол бұл жолда еш нəрседен тайынбайды.
Тарихта тақ үшін өз баласын да құрбан еткен билеушілер де аз емес. Бірақ адамның бəрі
осындай ма? Əлбетте, олай емес. Адамға билікке құштарлық Аллаһ тағаланы таныту жолында
пайдалану үшін берілген. Адамның бойында менмендік бар. Ол сол өзімшілдікті Ұлы Жаратушы
үшін құрбан етіп шалуы тиіс. Сонда ғана жұмыр басты пенде тəкаппарлықтан айығады. Міне,
хазірет Адам осы билік дейтін алапат күштің қатерлі сəтінен аман қала алмайды. Ол шамасы
халифалық міндетті мəңгілік атқарғысы келген. Ібіліс оның осы осал тұсынан ұстайды.
Негізінде, оның да бойында осындай сезім бар. Ол əуелі адам жаратылмай тұрғанда саналы
жандардың ішінен жалғыз өзі қара үзіп шығып, асқан тақуа атанып, періштеліктің жоғарғы
шыңына жеткен. Ол осы лауазымының бəріне нəпсілік үстемдікпен қараған. «Менде ғана болса»
деген өзімшілдігі хазірет Адамның өзінен жоғары тұруын қаламады. Биліктің бас айналдырар
ұшар шыңынан айырылғысы келмеді. Ол халифалық биліктің Адамда болуын көтере алмады.
Жоғары лауазымы оны тəкаппарлыққа ұрындырды. Екіншіден, оның бойында да мəңгілік өмір
сүруге деген сезім бар. Оның 
«Маған олардың қайта тірілетін күніне дейін мұрсат бер»
?">[46]
деуі осыны көрсетеді.
Кейін жер бетіне түскен шайтан қияметке дейінгі хазірет Адамның нəсілін осы осал
тұсынан ұстап, бір-біріне айдап салған еді. Жердегі адамдардың бір-бірімен билік үшін қырық
пышақ болып қырқысуы, бірінің жерін бірі жаулап алуы, т.б. бəрі де соның белгісі.
Адам мен Хауа анаға тыйым салынған ағаштың қандай ағаш екендігін нақты айтылмаған.
Ислам ғұламалары арасында ол туралы «нəсіл, ұрпақ» «бидай», «жүзім» немесе «інжір ағашы»


деген көзқарастар бар. Десе де, нақтысын білмейміз. Өйткені Аллаһ тағала ол ағаштың есімін
бізге нақты айтпаған. Хақ тағала жұмақта Адам атаға үлкен ерік нығметін берумен қатар шағын
тыйым да қойған еді. Егер бұл тыйымға құлақ аспаған жағдайда өздеріңе зұлымдық
жасағандардан боласыңдар делінген еді. Мұндағы мақсат – жұмақта бұл ағашты жеу емес,
өмірінде тəртіпке бас идіру еді
?">[47]
?">.
Сонымен қатар бұл ағашты «нəсіл» дейтін болсақ, ерлі-зайыптылардың ең осал тұсы да осы
нəсіл мəселесі екені рас. «Шаңырағым шайқалмаса екен, ұрпағым мəңгілік жалғасса екен» деу –
отбасының негізгі мəселесі. Шамасы, əурат жерлерінің ашылуы да осы мағынаны қуаттайды.
Яғни шайтан Адам ата мен Хауа ананы жаннаттан шығару жолын іздеген. Оның ұрпағының да
болатынын білген. Сол себепті шайтан ол екеуінің ұрпақтары тез арада болғанын қалаған.
Өйткені Жаннат бала-шаға бағып, ризық іздеп, бейнет тартатын жер емес. Негізінде аяттағы
«Шəжəрə» деген сөз де қазақ тіліне «шежіре» болып енген. Шежіре – ұрпақ деген ұғым. Ұрпақ
жетілдіру – ата-ана үшін ауыр сынақ. Ендеше, сол сынақ жаннатта емес, жер бетінде болуы тиіс
еді.
Тəубе
Адам ата мен Хауа ана Ібілістің азғырғанына алданып, тыйым салынған ағаш жемісін ауызға
салуы мұң екен, екеуінің əбүйірі ашылып, үлкен қате жасағандарын аңғарды. Екеуі дереу жаннат
жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады. Хазірет Адам мен Хауа ана шайтанның ант
еткеніне алданып, оның өздеріне деген дұшпандығын жəне сол жолда неден болса да
тайынбайтынын естен шығарып алд?">ы
?">[48]
. Сонда Аллаһ тағала оларға: 
«Мен екеуіңе де бұл
ағашқа жақындауға тыйым салған жоқ па едім? Шайтан сендердің қас жауларың деген жоқ
па едім?»
?">[49]
?"> – дейді. Аллаһ тағала осылайша шайтанның сөзіне ергені үшін, сөгіп, ескерту
жасайды. Осы кезде Адам ата мен Хауа ана дереу жаза басып, жазықты болғанын түсініп: 
«Ей,
Раббымыз! Екеуміз де нəпсімізге зұлымдық жасадық. Егер Сен бізге кешірім етіп, рақым
қылмасаң, біз қасіретке ұшырағандардан боламыз»
?">[50]
?">, – деп тəубесіне келді. Ерекше
мейірімді Аллаһ тағала да олардың бұл тəубесін қабыл етт?">і
?">[51]
?">. Хазірет Адамның осы кешірім
тілеп, шынайы тəубеге келуі Аллаһ тағаланың шарапатының шексіз екендігі, Адамның жəне
Ібілістің іс-əрекеті арасында қаншалықты айырмашылық бар екенін көрсетіп берді. Ғалымдар
Адамның бес нəрсемен қуанышқа бөленгенін айтады. Əмірге қарсы келуін мойындау, пұшайман
болу, нəпсісінен жеру, тəубеге ұмтылу, рақымдылықтан үмітін үзбеу. Ібіліс те бес нəрсемен
бақытсыз күйге душар болды. Күнəсін мойындамады, тіпті өкінбеді де. Өзімбілермендікке
салып, Аллаһ тағаланы кінəлады жəне рақымдылықтан үмітін үзді
?">[52]
.
Ібілістің тыйым салған ағаштың жемісін қайткен күнде де жегізуді көздеген ниеті Адам ата
мен Хауа ананы Аллаһ тағалаға қарсы айдап салып, жаннатқа жолатпау еді. Сонда олар дəл өзі
тəрізді қуылып, мəңгілік қасіреттің құшағында тұншығады деп ойлады. Алайда ол Аллаһ
тағаланың шексіз рақым иесі екенін ұмытқан-ды. Ібіліс олардың жасаған қателіктеріне тəубе ету
арқылы азаптан құтылатындықтарын ойламаған. Негізінде, ол тəубе ететіндерін білгенде,
адамдарға жақындамайтын да еді. Оның мақсаты – адамдарды күнəға сүйреу арқылы
жүректеріндегі иманын жою. Бірақ олар шынайы тəубе етіп, жасаған күнəларын жуып-шайған
заматта, шайтан оңбай жеңілді, əрі ашуға ерік беріп, қасарысқан үстіне қасарысып, кескілескен
жау болуға ант ішті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет