Мұсылман – МҰсылманға бауыр



бет1/6
Дата18.10.2023
өлшемі34,63 Kb.
#118131
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10.02.2023. Жұма уағызы. Мұсылман-мұсылманға бауыр


МҰСЫЛМАН – МҰСЫЛМАНҒА БАУЫР
الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ!
Қадірменді жамағат, құрметті бауырлар, баршаңызға күндердің төресі қасиетті жұма мүбәрак болсын!

Асыл дініміз Ислам иман еткен жандардың өзара туыс, бауыр екендігін айтады. Қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресінің 103-аятында Алла Тағала:


وَاذْكُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ كُنْتُمْ أَعْدَاءً فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُمْ بِنِعْمَتِهِ إِخْوَانًا
«Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені: Бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен бауырға айналдыңдар», – деп айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) насихатының алғашқы кезеңінен бастап мұсылмандардың өзара бауыр әрі туыс екендіктерін жариялаған. Бұл біздердің өзара бірлікте болып, бауырмал болуымыздың қаншалықты үлкен маңызға ие екендігінің көрінісі.
Ғалымдарымыз бауырмалдық пен бірлікті жайқалып өскен тоғайға теңеген. Себебі, тоғай өсіп, бұтағы көбейген сайын қуатталып, оған қатты жел әсер ете алмайтынындай, ауызбіршілігі мен бауырмалдығы мығым елге ешқандай жамандық теріс әсерін тигізе алмайды.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
مَثَلُ الْمًؤْمِنِينَ فِي تَوَادّهِمْ وَ تَرَاحُمِهِمْ وَ تَعَاطُفِهِمْ مَثَلُ الْجَسَدِ إِذَا اِشْتَكَى مِنْهُ عُضوٌ تَدَاعَى لَهُ سَائِرَ الْجَسَدِ بِالسَّهْرِ وَالْحُمَّى
«Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», – деген (имам Бұхари, Мүслим).
Денені құрайтын ағзалардың бірігіп дұрыс жұмыс жасағанында дененің сау болатындығы сияқты, қоғамның мүшесі саналатын адамдар да, өзара бауырмалдық пен бірлікте болса, ол қоғам өркендеп гүлденеді.
Мұсылман адам өзге адамдармен қарым-қатынаста өзара бауырмалдықтарын арттыратын амалдарды атқарып, бауырмалдық пен бірлікке сызат түсіретін істерден сақ болуы қажет. Бауырмалдықтың артуына себеп болатын амалдар мынадай:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет