Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет21/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Нұх пайғамбардың кемесі
Нұх (а.с) пайғамбар дереу үмбетін жинап, қажетті құрал-саймандарын сайлап, Жəбірейілдің
нұсқауымен кеме жасай бастады. Жоғарыда айтылғандай, пайғамбарлар ақыретке қатысты
нəрселерді үйретумен қатар өркениеттің де дамуына үлес қосқан. Керек десеңіз, өркениет пен
мəдениеттің негізін пайғамбарлар қалады деуге негіз бар. Осы себепті Нұх пайғамбар да алғаш
рет кеме жасап, адам баласының су бетінде жүзуіне із салып кетті. Өйткені бұл кеме тікелей
Хақ тағаланың Жəбірейіл періште арқылы жіберген бұйрығы бойынша жасалды. Құранда
айтылғандай əрбір шегесіне дейін уахи арқылы қағылды. «Һұд» сүресінде ишарат етілгендей,
ғалымдар кеменің ішінде арнайы пеш пен су қайнататын қазан болғандығын айтады. Яғни
«кемелердің атасы» атанған Нұх кемесі бу арқылы жүзген деуге негіз бар секілді.
Нұх (а.с.) өзінің үмбетімен бірге кеме жасап жатқанда, кəпірлер оны келеке-мазаққа
айналдырды. Олар: «Ей, Нұх, саған өзі не болған?! «Пайғамбармын» деп бізді дінге шақырушы
едің. Еш нəтиже болмаған соң бəрін тастап ағаш ұстасы болғансың ба? Пайғамбарлықтан гөрі
ағаш жонуды тəуір көрдің-ау деймін», – деп айыздары қана əбден күлісті
?">[116]
?">.
Иə, олар Нұхты да, иман келтіргендерді де өздерінен төмен санап, қор көрді. Өйткені,
өздерін зиялы санап, шын ақиқат жолдамыз деп ұғатын-ды. Сол себепті мың жылға жуық
үгіттесе де, Нұхтың дініне назар аудармады. Шайтан мен нəпсі бұған мойын бұрғызбады.
Сондықтан да жалғыз Құдайға бас июден қашып, есесіне тастан жасалған пұттарға табынды.
Нұх (а.с.) кеме жасап жатқанда, қауымы: «Бұл маңда теңіз тұрмақ өзен де жоқ қой. Мына
кемеңді сен қалай жүргізбексің. Əлде бір жерден су тасып теңіз жасамақ ойың бар ма?» – деп
мысқылдады. Өйткені олар Хақ тағаланың құдіретінен бейхабар еді. Аллаһ тағала қаласа,
себепсіз де нəтиже береді.
Міне, бұл кəпірлер де Нұхқа (а.с.) күле қарап, дүние өзгерместей көрді. Олар пайғамбарды
келеке еткенде, Нұх (а.с.): «Сендер бүгін бізді мазақ етсеңдер, күн ертең біз де сендерді мазақ
етеміз. Көп ұзамай мəңгілік азаптың кімге келетінін көретін боласыңдар», – деп жауап
қатты
?">[117]
?">.
Осылайша күндер күліп, айлар аунап өтіп жатты. Кеме де дайын болды. Кейбір хабарларда
кеменің екі не төрт жыл құрастырылғаны айтылады. Кеме жай ғана кеме емес, үйдей
толқындарға төтеп бере алатын алып кеме еді. Оның үш қабаттан тұрғандығы айтылады
?">[118]
?">.
Аллаһ тағала Нұх пайғамбарға кеме жасалып біткенде, топан судың басталатындығын
білдірді. Сондықтан Нұх пайғамбар əуел бастан кемеге мінуге əзірлік жасап қойған еді. Күні
бұрыннан сол аймақтағы жан-жануарлардан бір жұптан жинады. Алдымен жан-жануарларды
арнайы əзірленген орындарға орналастыруға бұйрық берді. Артынша көп уақытқа жететін азық-
түліктерді тиеттірді. Ақырында өзімен бірге мұсылмандар да Аллаһтың атын айтып кемеге
мінді. Құранда бұл жайлы былай дейді: 
«Ақыр əміріміз келген заманда, тандырдан су қайнады.
Нұхқа: «Ол кемеге əр нəрседен бір жұп жəне опатқа ұшырайды деп үкім етілгеннен тыс
отбасыңды орналастыр. Əрі иман келтіргендерді де ал», – дедік. Негізінде, онымен бірге иман
келтіргендер өте аз ғана еді. Нұх: «Кемеге отырыңдар. Оның жүруі де, тұруы да Аллаһтың
атымен. Расында, Раббым аса кешірімшіл əрі рақымшыл», – деді»
?">[119]
?">.
Аятқа зер салсақ, мұсылмандардың өте аз болғанын ұғамыз. Тіпті кейбір деректерде кемеге
мінген адамдардың саны бар-жоғы сексенге де толмағандығы айтылады. Яғни, Нұх пайғамбар
халқын мың жылға жуық дінге шақырғанда, осыншама адам ғана иман келтірген еді.
Пайғамбарлар мен қарапайым пенделердің айырмашылығы да осында жатыр. Бұл –


пайғамбарлардағы «раббанилық» («Раббани» – Жаратушының бұйрығын қалтқысыз орындап,
толық бағыну деген сөз) қасиеттің көрсеткіші.
Пайғамбарлар Аллаһтан əсте үміт үзбейді. Мұндай ұғым оларға мүлдем жат. Олар тек қана
өздерінің міндетін толық орындауын ойлайды. Елін мың жыл дінге шақырғанда, ешкім ізінен
ермесе де, бірде-бір жанның иман келтірмейтінін сезсе де, бұдан салы суға кетіп, үмітсіздікке
салынбайды. Мерзімі біткенше, күндіз-түні басын сəждеге қойып, көз жасын көлдетті.
Пайғамбарымыз бірде: 
«Маған пайғамбарлардың үмбеттері көрсетілді. Бір пайғамбар көрдім.
Қасында санаулы ғана адам бар еді. Бір пайғамбардың қасында бір-екі адам ғана болды. Тіпті
бір пайғамбардың қасында ешбір адам жоқ еді...»
?">[120]
– дейді. Міне, пайғамбарлардың
кейбіріне ешқандай адам еріп, иман келтірмесе де, өз міндеттерін толық орындады. Солардың
бірі – Нұх пайғамбар еді. Ол тоғыз жүз елу жыл
?">[121]
?"> бойы елін ақиқат дінге шақырып, нəтижеде
жетпіс сегіз немесе сексен адам ғана иманға келді. Олардың жартысы ер, қалғаны əйел адамдар
еді.
?">[122]
Алайда Нұх (а.с.) бұған жасып жабырқаған жоқ. Өйткені ол біреуді адастырып, біреуді
тура жолға салу Жаратушының ғана еркінде екенін жақсы білетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет