Пайғамбарға қастандық жасау үшін жан-жақты дайындалады. Үйді қоршап, торуылдайды. Аллаһ
елшісі (с.а.с.) өзін аңдыған мүшріктердің қолына түспей түнделетіп Əбу Бəкірдің (р.а.) үйіне
келеді. Олар Сəуір тауындағы үңгірге жасырынады. Үңгірді үш күн паналап, төртінші күні жолға
шығады.
Жолда хазірет Əбу Бəкір Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тағы бір ғажап мұғжизасына куə болды.
Бір бала қой жайып жүр еді. Шөл қысқан екі жолаушы одан қойдың біреуін сауып, соның
сүтімен таңдай жібіткісі келетіндіктерін айтады. Бала əлдеқашан суалып кеткен қысыр тоқтыны
көрсетті. Сол жерде Аллаһ елшісі дұға оқып, қойдың желінін ұстағаны сол еді, сүт атқылап қоя
берді
[402]
.
Аллаһ елшісі мен Əбу Бəкірдің де (р.а.) жасырын Мəдинаға кеткенін кеш аңғарып, сан соғып
қалған мүшріктер Меккеде «пайғамбарды тірідей не өлідей тапқанға немесе қайда
жасырынғанын білген адамға жүз түйе атаймыз» деп жар салады. Бəрі жабылып төңіректі түгел
шарласа да іздеген адамдарын таппады. Көмекке тəжірибелі із кесушілерді шақыртты. Олардың
бірі мүшріктерді Пайғамбарымыз жасырынған үңгірдің аузына дейін алып келіп: «Іздеген
адамдарың көкке ұшып кетпесе, осы үңгірде болуы тиіс» деді.
Оның бұл сөзін Аллаһ елшісі мен Əбу Бəкір де естіді. Мүшріктер үңгірдің аузына дейін
келгенімен, есіктің көзінде тоқылған өрмекшінің ауын көріп, «Бұл үңгірге жуық арада ешкім
кірмеген» деп кері қайтты. Мүшріктердің дабырлаған сөздерін естігенде өзі жанынан артық
жақсы көретін Пайғамбарымызға мүшріктер зақым тигізбес пе екен деп қатты қорыққан Əбу
Бəкірге (р.а.) Расулаллаһ (с.а.с.)
ﻣَ
ﻌَ
ﻨَ
ﺎ
ا
ﷲﱠ إِ
نﱠ
ﺗَ
ﺤْ
ﺰَ
نْ
ﻻَ
«Қорықпа, Аллаһ бізбен бірге»
[403]
деді.
Арада үш күн өткенде Əбу Бəкірдің (р.а.) келісуімен жол бастаушы Абдуллаһ ибн Үрайкит
атты кісі оларға екі түйе алып келді. Осылайша олар сапарын одан əрі жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: