күні сандарыңның көптігіне масайрап едіңдер, бірақ оның сендерге пайдасы тимеді.
Қанша кең болса да əлем сендерге тарылғандай күй кештіңдер. Артынша-ақ бытырап,
жауды тастап бетбеттеріңе қаша бастадыңдар.
Іле Аллаһ расулына жəне мүминдерге сенімділік беріп, сендер көре алмайтын əскерлер
жіберіп, кəпірлерді азапқа ұшыратты. Міне, кəпірлердің жазасы осындай.
Одан кейін бұл соғыстың соңын ала Аллаһ олардың өздері қалаған (құлдарына) күпірліктен
қайтуды нəсіп етті. Өйткені Аллаһ өте кешірімді əрі рақымды»
[413]
Хунайн соғысында мұсылмандардың қолына 22 түйе, 40 мың қой, 4 мың оққа күміс, 6 мың
тұтқын олжа түсті
[414]
. Аллаһ елшісі бұл түскен олжадан жаңа мұсылман болғандарға молынан
таратып осылайша олардың көңілін аулап, Исламға оң көзбен қарауына жақындай түсуіне
жағдай жасады.
Мұсылмандар ат белін суыипай іле-шала Таиф қамалына да шабуыл жасаған еді. Бірақ
қамалды ала алмады.
Достарыңызбен бөлісу: