Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет87/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Хұдайбия келісімі
628 жылы Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұсылмандарға Қағбаға зиярат жасайтындықтарын білдіреді.
Көп ұзамай 1400 мұсылман Меккеге умра үшін жолға шығады.
Алайда, құрайыштар олардың Меккеге кіргенін қаламайды. Мұсылмандар өзара келісімге
келу үшін өз тарапынан Осман ибн Аффанды елші етіп жіберген болатын. Көп ұзамай оның
өлтірілгендігі туралы жалған хабар келеді. Оның жалған екендігін білмеген мұсылмандар
жаумен шайқасуға бел буады.
Сахабалардың əрқайсысы шайқастан бас тартпайтындықтары, Аллаһ жолында шайқасуға
дайын екендігі туралы Пайғамбарымызға жеке келіп серт берді. Бұл Ислам тарихында «Рыдуан


серті» деп аталып кетті. Артынан Османның аман екендігін естіген мұсылмандардың көңілі
орнына түседі.
Сахабалардың серт бергенін естіген мүшріктер мұсылмандардан сескеніп бейбіт келісімге
келуді ойлайды. Олар он жыл көлемінде бір-бірінің қанын төкпеуге Қағбаны келер жылы тауап
етуге, сонымен қатар Мəдинадағы мұсылмандардан Меккені паналағандарды кері қайтармауға
келіседі. Алайда, Меккеден Мəдинаға кім барса да, мейлі мұсылман болсын, мейлі мүшрік
болсын, ол адам кері қайтарылуы тиіс деген шешімге келеді. Бұл «Хұдайбия келісімі» деген
атпен тарихта қалды.
Келісімге қол қойылғаннан кейін Пайғамбарымыз бен оның сахабалары құрбандықтарын
шалып, шаштарын алдырады. Бірақ, мұсылмандар Қағбаны тауап етпей Мəдинаға кері қайтады.
Жолда ً
ﻣﱡ
ﺒِ
ﯿ


ﻓَ
ﺘْ

ـﺎً
ﻟَـ
ﻚَ
ﻓَ
ﺘَ
ﺤْ
ﻨَـ

إِﻧﱠ

«(Уа, Расулым! Меккені жəне басқа да мемлекеттерді қол астыңа
қаратуға себеп болатын Худайбиядағы бейбіт келісім арқылы) Біз сені шын мəніндегі ашық,
айқын жеңіске жеткіздік!…»
деген «Фəтх» сүресі түседі
[410]
.
Ел билеушілеріне хат
Көп ұзамай мұсылмандардың қатары көбейеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) көрші мемлекеттерге
Исламды қабылдауды ұсынып, хат жөнелтеді. Нақтырақ айтқанда, хатты Эфиопия, Мысыр,
Византия, Иран жəне Йемен билеушілеріне жолдайды. Бұл Ардақты елшінің (с.а.с.) бүкіл
адамзатқа пайғамбар ретінде жіберілгендігінің белгісі еді.
Бір мысал бере кетсек, Аллаһ елшісі Ираклийге арнаған хатын Дихиəтул-Кəлби арқылы
жіберді. Ираклий – Рим императоры еді. Ираклийге жолданған хатта былай делінді:
«Аллаһтың елшісі – Мұхаммедтен Рим патшасы Ираклийге! Аллаһтың сəлемі тура жолға
түскендерге болсын! Мен сені Исламға шақырамын. Мұсылман бол да, бақыт тап. Сонда Аллаһ
саған сауабыңды екі есе береді. Егер қабылдамасаң, онда бұқара халықтың да обалы мойныңда.
Ей, Кітап иелері, келіңдер, арамыздағы ортақ сөзде бірігейік. (Сендер мен біздің арамызда
мағынасы бірдей бір сөйлемге келейік). Аллаһтан басқаға құлдық ұрмайық, Оған ешқандай да
серік қоспайық жəне бір-бірімізді құдай орнына қоймайық. Егер олар бұған да көнбесе, онда:
«Біздің мұсылман болғанымызға куə бол!» – деңдер»
[411]
.
Бұл сөздер Ираклийге айрықша əсер етеді. Император Əбу Суфиянды шақыртып, екеуара
арасындағы əңгіме былайша өрбиді. Ираклий:
– Бұл адамның тегі қандай?
– Ақсүйек
– Бұрынғы ата-бабаларынан осындай пікірде болғандар бар ма еді?
– Жоқ, болған емес.
– Ата-бабалары арасында ел билегендер шықты ма?
– Жоқ, шыққан емес.
– Оған ілескендер əлсіздер ме, əлде бай-бақуаттылар ма?
– Көбісі əлсіз жандар.
– Жамағаты азаюда ма, əлде көбеюде ме?
– Күн өткен сайын көбеюде.
– Жалған сөйлеген жері болды ма?
– Жоқ, оның ешқашан жалған сөйлегенін көрмедік.
– Опасыздық жасаған жері болды ма?
– Бұдан кейінгісін қайдам. Бүгінге дейін жасаған жоқ.
Əбу Суфиян ол кезде əлі мұсылмандықты қабылдамаса да Аллаһ елшісінің турашылдығын


еріксіз мойындағанды
[412]
.
Алайда олардың арасынан тек Эфиопияның патшасы Ашама ғана мұсылмандықты
қабылдайды. Ал кейбіреулері Пайғамбарымыздың ұсынысын сыныққа сылтау іздеп кейінге
шегерсе, кейбіреулері мүлдем бас тартып хабар жеткізе барған елшілерге сыртын береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет