«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет36/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   188
 
 
ОҚУШЫЛАРҒА МАТЕМАТИКА ПӘНІ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ БАҒДАР 
БЕРУ 
 
Измағамбетова Жахрия Идиятовна 
 
Балқаш қаласы білім бөлімінің 
«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ 
 


81 
Аңдатпа.
 
Бұл мақалада оқушылардың математикалық есептер шығара 
отырып, түрлі кәсіп түрлерімен танысып, оны игерудің жолдары туралы 
айтылады.
В данной статье рассказывается о том, как учащиеся, выполняя 
математические задачи, знакомятся с различными видами профессий и 
осваивают их. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мектептен бастау алады 
Мұғалім сабақта өмірден алынған мысалдар келтіре отырып, оқу пәндері 
арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға 
мүмкіндік жасайды. 
Оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылықтарын 
дамыту 
үшін 
жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушылардың сапалы есептерді өз 
бетінше шығаруына көп көңіл бөледі. Сапалы, әр түрлі мамандықпен 
таныстыратын есептер шығару барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді 
ғана меңгермей, өз бетінше әрекет жасауға және болашақ мамандығын таңдай 
білуге үйренеді. 
Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда кәсіби бағдар беру 
бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныптың көркем еңбек, бейнелеу 
өнері сабағы оқушылардың бойында белгілі бір кәсіпке қызығушылықты 
оятатыны белгілі. Сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстар мен пәндік 
үйірмелердің де қосатын үлесі мол. 
Пәндік сабақтарда да оқушылардың бойында белгілі бір кәсіпке 
қызығушылықты оятуға мүмкіндік бар деп есептеймін. Өзім сабақ беретін 9- 
сыныптың алгебра сабағында математикалық сауаттылыққа байланысты 
оқушыларға төмендегідей есепті ұсынғанды жөн көрдім. 
Есеп №1 
15т. кірпішті үш фирманың бірінен алу қажет. 1 кірпіш 5 кг тұрады. 
Төмендегі кестені пайдаланып, ең арзан сатып алуға қанша ақша төленетінін 
анықтаңыз. 
Фирма 
1 кірпіш бағасы 
Жеткізу 
Жеңілдік 
Кірпіш №1 
51 тг 
7000 
тг 
Жоқ 
Кірпіш №2 
52 тг 
6500 
тг 
100000тг-ден артық 
сомаға сауда жасаса, жеткізу тегін 
Кірпіш №3 
53 тг 
6000т
г 
125000 тг-ден артық 
сомаға сауда жасаса, 
жеткізуге 50
%
жеңілдік 
Бұл есепті шығаруды бастамас бұрын «сұрақ-жауап» әдісін қолданамын. 
1-сұрақ: Фирмалардан арзанырақ кірпіш сатып алу үшін жасалатын 
бірінші әрекет қандай? 
Жауап: Ең алдымен қанша дана кірпіш алатынымызды есептейміз. 
2-сұрақ: Келесі қандай қадам орындалады? 
Жауап: Әрбір фирма үшін алынатын кірпіш құнын жеңілдіктерді есепке 
ала отырып есептейміз. 


82 
Оқушылар арасында 51 тг ең аз болғандықтан 1-ші фирмадан арзан кірпіш 
алуға болады деген жаңсақ пікір де кездесуі мүмкін. 
А)162000тг В)165 500 тг С)153 000тг Д) 152000 тг Е) 156 000 тг 
Шешуі:15т
=
15000 кг, 15000: 5 
=
3000 (кірпіш) 
51 * 3000 
+ 7000 =
153000 + 7000 
=
160 000(тг) – 1- ші фирмадағы кірпіш 
құны 
52 *3000 
=
156 000(тг) – 2- фирмадағы кірпіш құны 
53* 3000 
=
159 000((тг) Осы бағаға 50
%
жеңілдік қосамыз: 
159 000 + 6000*0,5
=
162 000(тг) 3-фирмадағы кірпіш құны 
Нәтижесінде 156 000 тг төленетінін, яғни екінші фирмадан кірпіш сатып 
алу тиімді екенін анықтаймыз. 
Жауабы : 156 000 тг
Жоғарыдағы есепті қарастыру арқылы оқушылар тиімді сауда жасау 
жолдарын біле отырып, үнемділікке тәрбиеленеді. Құрылыс кәсібінің маманы 
ретінде де пайдалы мәлімет алады деп ойлаймын. 
Құрлықтағы және судағы қозғалысқа берілген есептер, жұмысқа 
байланысты есептер, екі құбырды сумен толтыруға байланысты есептер 
қарастырып көрейік. 
Есеп №2 
Арақашықтығы 500 км болатын екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы 
трактор мен жүк машинасы шықты. Егер жүк машинасының жылдамдығы 
трактор жылдамдығынан 4 есе артық және 4 сағаттан кейін олар кездесетін 
болса, трактордың жылдамдығы қандай? 
Шешуі:Трактор жылдамдығы х км/сағ, ал жүк машинасының жылдамдығы 
4х км/сағ. 
Бұл жерде бір-біріне қарама-қарсы бағытталған қозғалыс болғандықтан екі 
көліктің жолы екі қаланың арақашықтығын құрайды. Есеп шарты бойынша 
теңдеу құрамыз: 
(х+4х)
4 =
500 
5х 
=
500 : 4 
5х 
=
125 
х 
=
25
Жауабы: трактордың жылдамдығы 25 км/сағ 
Құрлықтағы қозғалыстың үш түрі болатынына назар аударамыз: 
1) Бір-біріне қарсы қозғалыс 
2) Бір-бірін қуалай жүретін қозғалыс 
3) Бір-біріне әр түрліі бағытта қарама-қарсы болатын қозғалыс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет