«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет58/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   188
Дескрипторы
: - обучающийся
- выделил основные идеи представителя эпохи Зар-заман ; 
- привел аргументированные доказательства/опровержения гипотезы. 
Вывод
: таким образом, организация работы над проектами развивает 
навыки научно-поисковой работы через анализ идей, выдвинутых 
выдающимися личностями эпохи Зар-Заман 
Список литературы 
1.Комарова, И.В. Технология проектно-исследовательской деятельности 
школьников. СП., КАРО, 2014. 
2. Калжанова, Г. М. Модернизация системы образования в Казахстане / Г. 
М. Калжанова. // Проблемы и перспективы развития образования : материалы 
VIII Междунар. науч. конф. (г. Краснодар, февраль 2016 г.). — Краснодар : 
Новация, 2016. — С. 52-55. — URL: https://moluch.ru/conf/ped/archive/187/9555/ 
3. Мединцева, И. П. Компетентностный подход в образовании / И. П. 
Мединцева. // Педагогическое мастерство : материалы II Междунар. науч. конф. 
(г. Москва, декабрь 2012 г.). — Москва : Буки-Веди, 2012. — URL: 
https://moluch.ru/conf/ped/archive/65/3148/
4. Лучшие практики по развитию soft skills обучающихся в ходе освоения 
основных профессиональных образовательных программ СПО. — СПб.: 
ГБПОУ «ПК № 4 СПб», 2022. — 148 с.— URL:http://college4.kobr.gov.spb.ru/ 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН 
ДАМЫТУ 
 
Кашкынбаева Назгул Шалгынбаевна 
 
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің 
“С.Сейфуллин атындағы 7мектеп-гимназиясы”КММ 
 
Мақалада «Зерек -зерттеуші» таңдаулы курс бағдарламасы бастауыш 
сынып оқушысының дарындылығын дамытудағы ең алдымен, зерттеушілік 
ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігі түсіндіріледі. Бастауыш 
сыныпта жаратылыстану бағытына сай жасалған «Зерек-зерттеуші» таңдаулы 
курс бағдарламасы және оның жұмыс дәптері жайлы айтылады. Ғылым мен 
техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізде білімді, 


130 
жоғары дайындығы мол білікті мамандар қажет. Оқушыны ізденушілікке баули 
отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз 
жолдарын дәл табуға көмектеседі. 
В данной статье рассказывается о программе курса по выбору «Зерек- 
исследователь» по естественно-научному направлению, а также о 
разработанной рабочей тетради для начальной школы. Целью программы 
является развитие одаренных детей, их стремление к познанию мира. Для 
развития науки и техники на мировом уровне стране нужны образованные , 
высококвалифицированные специалисты. В содержании курса указаны новые 
пути для достижения своих целей. 
Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге 
дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер 
балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Зерттеу білігі мен дағдысы тек 
ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр оқушының болашақта 
таңдайтын түрлі кәсіби құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Зерделеу 
оқушыларға мынандай дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. 
Зерттелетін тақырыпты таңдау, сұрақ қойып, оған жауап беру тәсілдерін табу, 
зерттеу жоспарын құру, болжам жасау, зерттеу жүргізу, нәтижесінде алынған 
деректерді жинау, өңдеу және түсіндіру.
Бастауыш сыныпта жаратылыстану бағытына сай жасалған «Зерек-
зерттеуші» таңдаулы курс бағдарламасы және жұмыс дәптері жайлы айтып 
кетсем. «Зерек -зерттеуші» таңдаулы курс бағдарламасы бастауыш сынып 
оқушысының дарындылығын дамытудағы ең алдымен, зерттеушілік ізденістің 
жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Бағдарламаның 
мақсаты: Әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай дарындылығын 
әр түрлі әдістермен айқындау және дамыту, оның ішінде ғылыми іздеу 
қызметімен ұштастыру. Таңдаулы курс бағдарламасы бала бойында зерттеу- 
жобалау дағдыларын қалыптастырады және «Жаратылыстану» пәнінің «Мен 
зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттарына енгізілген. Жаратылыстану пәнінде 
Мен-зерттеушімін тақырыбына арнайы сағат бөлінбегендіктен, сабақ үдерісінде 
түрлі тәжірибелер жасауға үлгермей жатады. Сондықтан да оқушы курс 
барысында оқу мақсаттарына қол жеткізгеннен кейін, зерттеушілік қабілетін 
шыңдауға, дамытуға, өздігінен білім алуға жетелейтін қосымша «Зерек- 
зерттеуші» жұмыс дәптерімен жұмысты жалғастыратын болады.
Осыдан бала бойында өзін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеу, іздену 
барысында түрлі тәсілдер қолдану, ғылыми жаңалықтардың адам өміріне 
тигізетін әсері туралы, таңдаған әдістің тиімділігін түсіндіре алуы, қоршаған 
ортаны зерттеуге қажетті қасиеттерді білуі, ғылыми жаңалықтарға мысал 
келтіру дағдылары қалыптасады.
Жұмыс дәптері 4 бөлімдер тізбегінен, алғашқы беті оқушыға арналған 
алғы сөзінен, шартты белгілерінен тұрады. Жұмыс дәптерімен жұмыс жасау 
барысында - қоршаған әлем құбылыстарын бақылап, тәжірибе жасауда түрлі 
сызбалар толтырып, нәтижесін жаза алады. Әр сабақтың мақсаты мен қол 
жеткізетін дағды көрсетіліп отырылады. Бақылау жүргізуде мақсат, нысан, 


131 
жоспар, мерзім, нәтиже сияқты негізгі кезеңдерін ажыратып, білімін толықтыра 
түседі. Тәжірибе барысында арнайы білімді, проблеманы көру және анықтау; 
сұрақ қоя білу; болжамын ұсыну; ұғымға анықтама беру зерттеушілік білігі мен 
дағдыларын игереді. Сабақтан соң білімін тексеруде, бақылау күнделігін 
жүргізеді. Бақылау күнделігіне өзінің сабақта үйренген, қызықты болған 
сәттерін жазады.
І бөлім. Кіріспе сабақтарды ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларына 
зерттеушілік әрекеті мен осы процестегі ойлау тәсілдерін түсінуіне мүмкіндік 
береді. Әрбір оқушы табиғатынан таныс еместің барлығын білуге құмар және 
оқуға деген ынтасы зор екені белгілі. Сол себепті шығармашылыққа, таным мен 
белсенді әрекетке ұмтылады. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу әрекетшілдігі 
қоршаған орта туралы оқушының танымын кеңейтудің ең басты тәсілдерінің 
бірі болып келеді.
№1 
ІІ бөлім. Жаттығу сабақтары бастауыш сынып оқушысының зерттеушілік 
қабілеттерін дамытуға арналған. Жаттығу сабақтары барысында арнайы білімді, 
зерттеушілік білігі мен дағдыларын игереді. Олар: проблеманы көру және 
анықтау; сұрақ қоя білу; болжамын ұсыну; ұғымға анықтама беру; ойды 
графикалық бейнеде жеткізе білу; бақылау (ойша эксперимент жүргізу) өзіндік 
идеяларын дәлелдей және қорғай білу. 
№2 
ІІІ бөлім Зерттеушілік практикасы. Бұл бағдарламаның негізгі мазмұны 
оқушының өз бетімен зерттеу жүргізу және шығармашылық жобаларды 
орындау болып табылады. Осы бөлімдегі сабақтар оқушының зерттеушілік 
әрекетіндегі өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің біртіндеп өсуіне қарай 
құрылады. Белгілі бір пән бойынша зерттеу түрлерін мұғалім де ұсына алады.
IV бөлім. Жобаны презентациялау және бағалау. Оқушының өз жұмысын 
презентациялау ол үшін өте маңызды. Оқушы жобаны тұсау кесер практикасын 
игеру қажет, өзіндік пікірін дәйектей алуы тиіс. Осы бөлімдегі «Қаптама 


132 
қалдықтарын жинау және қайта өңдеу» тақырыбында Қағаз қалдықтарын өңдеу 
және екінші рет пайдалану қалай жүретіндігін бақылап көреді. Ресурстардан 
қарап бақылау нәтижесін кестеге түсіреді. Әрі қарай осы тақырыпты тереңінен 
зерттеп, қызығушылық танытқан оқушым Зерде республикалық конкурсына 
жұмысын ұсынды. Үздік нәтижеге қол жеткізіп, сынып оқушыларына, 
мектептегі басқа да сынып оқушыларына «Ағаштарды қорғайық» акциясын 
ұйымдастырды. Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ғылымның 
алғашқы баспалдағы» атты бастауыш сыныптар арасында өткізілген зерттеу 
фестивалінде жүлделі орын алды. Өз ойын тұжырымдап, қорытынды жасай 
алуы тиіс. Сондай-ақ ораторлық, төзімділік, басқаның пікіріне дәйекті жауап 
қайтара білу, өз әрекетін бағалай білу қабілеттерінің болғаны жөн.
Жұмыс нәтижемді жинақтайтын болсам, кейінгі 3 жылда оқушылардың 
Мен-зерттеушімін фестивальіне, Зерде республикалық сайыстарына белсенді 
қатысып, Диплом, Мадақтама жүлделі орындарын иеленуде.
Ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін 
елімізде білімді, жоғары дайындығы мол білікті мамандар қажет. Ал, ол 
мамандарды дайындау бастауыш сыныптан бастау алған осындай 
жұмыстардың нәтижесінен көрінеді. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, 
ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын 
дәл табуға көмектеседі.
Әдебиеттер тізімі: 
1Ү.Б.Жексенбаева. Мен зерттеуге үйренемін. Оқу құралы. Астана,
2006. 32 б. 
2Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.[1, 13б ] 
3Бастауыш сынып оқушыларының, ізденушілік қабілеттерін арттыру. 
4Бастауыш 
білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған 
«Жаратылыстану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.[ 4-5 б] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет