213
инклюзивті тәрбиені дамыту» тақырыбында тәжірибелік –эксперименттік
жұмыс бағдарламасының жинақталған тәжірибені білім беру ұйымдарына
тарату үшін Ресурстық орталық құруға және профессор С.С.Қонтаевтың
аталған орталықта ғылыми жетекшілік жұмысын әрі қарай жалғастыруына
рұқсат беретіндігі туралы хат;
2.Білім бөлімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы «Айналайын» бөбекжайы
базасында ресурстық орталық құру туралы №8 бұйрығы;
3.Ресурстық орталықтың жылдық жұмыс жоспары.
Білім бөлімінің бұйрығы бойынша «Айналайын» бөбекжайы базасындағы
ресурстық орталыққа серіктес балабақша ретінде «Балақай» бөбекжайы,
«Балбөбек» бөбекжайы және «Еркетай» шағын орталығы бекітілді.
Ресурстық орталық - бұл оқу-тәрбие үрдісінде инклюзия қағидаларын іске
асыруда және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай
жасауда мектепке дейінгі ұйым педагогтарына көмек көрсету үшін құрылған
арнайы ұйымдастырылған кеңістік. Ресурстық орталық базасында мектепке
дейінгі ұйымдар үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленуде, мектепке дейінгі
ұйым педагогтарына әдістемелік көмек көрсетілуде, балалардың жеке білім
беру маршруттарымен жұмыстар жүргізілуде. Ресурстық орталық қосымша
білім беру ұйымы ретінде де әрекет етеді. Орталықта «Қызықты әлем»
психологиялық зертхана, «Қиқар дыбыстар» логопедтік зертхана, «Ғажайып
орта» әлеуметтік зертхана, «Саулық пен сымбат» денсаулық зертханасы және
ақылы түрде жүргізілетін «Шебер қолдар», «Ертегілер елінде», «Қызықты
математика», «Монтессори әлемі», «Ұлттық ойындар», «Әнші балапан», «Кел,
билейік» атты үйірмелер жұмыс істейді. Орталық қызметі ұжымның
материалдық-техникалық, ақпараттық, оқу-әдістемелік және зертханалық
ресурстарға
қолжетімділігін
сауатты
ұйымдастырудан
тұрады.
Материалдардың қолжетімділігі оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: