Дипломдық жобаға ТҮсініктемелік жазба 5В060200 «Информатика» мамандығы Алматы 2019


-сурет – «Найти в Огу» қосымшасының көрінісі



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127561
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Карабалаева Динара. Find system мобильді қосымшасы

1.1-сурет – «Найти в Огу» қосымшасының көрінісі 
1.5 REST API
Мобильді қосымша клиент сервер бөлімінен тұратындықтан, REST 
технологиясын қолдану арқылы жұмыс жасалынады. 
RESt - клиент-сервер моделі бойынша желіде бөлінген қосымша 
компоненттердің өзара әрекеттесуінің ерекше бір архитектуралық стилі ретінде 
саналады.
Архитектуралық стиль ерекшеліктеріне: 
- әрбір мәнде бірегей идентификатор – URI болуы керек. 
- мәндер өзара байланысты болуы тиіс. 
- деректерді оқу және өзгерту үшін стандартты әдістер қолданылуы тиіс. 
- ресурстардың бірнеше түрлерін қолдау болуы тиіс. 
- өзара іс-қимыл жағдайсыз жүзеге асырылуы тиіс. 
REST API-белгілі бір көлемдегі деректерді қайтаратын стандартты 
әдістердің қашықтағы шақырулардың жиынтығы. 
REST API -ды пайдалану, әлбетте, Интернетті пайдалануға байланысты 
болып табылады. Дегенмен, Android бағдарламалары тек android рұқсаты бар 


болған жағдайда ғана Интернетке қол жеткізе алады. Ол үшін бағдарламалық 
кодта android.permission.INTERNET жолы болуға тиісті.
Rest бағдарламасының артықшылықтары: 
-
Rest компоненттердің өзара әрекеттесуі үшін бірыңғай интерфейсті 
ұсынады;(веб-бет және мобильді қосымша) 
-
REST-деңгейден тұратын жүйе. Жекелеген компоненттер қазіргі уақытта 
өзара әрекеттесетін деңгеймен шектеледі; 
-
REST тамаша, өйткені ол жағдайды бақыламайды (stateless) Егерде cіз 
деректермен жұмыс жасасаңыз, ол оның жолын бақыламайды; 
-
Rest арқылы сіз HTTP кэштеу қуатын басқара аласыз!(яғни 
сұраныстармен жұмыс жасай аласыз.) 
Rest API архитектурасымен төмендегі 1.2-суретте таныса аласыздар. 
1.2 - сурет – REST API архитектурасы 
Rest көбінесе веб-бетпен жұмыс жасауға ыңғайлы. Ал мобильді қосымшаға 
келетін болсақ, бірқатар заңдылықтар арқылы жұмыс жасайды. REST cерверден 
алынған мәліметтер әдетте sql деректер қорында сақталады. Себебі олар activity-
ға тікелей берілмейді және де деректер қорында қосу, өшіру, енгізу 
операциялары орындалатын болса, онда Rest сервирі екі рет орындалады. Бірі 
операцияны жіберсе, екіншіде соған жауап қайтады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет