Дипломдық жобаға ТҮсініктемелік жазба 5В060200 «Информатика» мамандығы Алматы 2019


-cурет – Прецеденттер диаграммасының көрінісі



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127561
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Карабалаева Динара. Find system мобильді қосымшасы

2.1-cурет – Прецеденттер диаграммасының көрінісі 


Тізбек диаграммасы негізінен хабарламаларды уақыт бойынша тәртіпке 
келтіруді айқындайтын өзара әрекеттесу диаграммасы, яғни бір уақыт 
мезетіндегі іс әрекетті жобалау процесі. Негізінен ең көп қолданылатын өзара 
әрекеттесу диаграммасы болып табылады, себебі обьектілер арасындағы 
байланысты белгілі бір ретпен орналастырылады. Тізбек диаграммасы негізгі 
төрт элементтен тұрады: 
-
мәтіннің іс қимылы. Сол жақ жоғарыдан төмен жазылады. 
-
обьекттер. Обьектінің аты және обектінің класс номері жазылуы мүмкін. 
-
операциялар. Үзік сызық түрінде жасалынады. Тікбұрыш түрінде 
беріледі. Яғни, әдістерге кіретін сол обьектілер кіреді. Тікбұрыш ұзындығы 
ізбасарда басқару фокусын көрсетуде қолдануға болады.
Тізбек диаграммасының сызбасы төмендегі 2.2-суретте көрсетілген. 
2.2-сурет – Тізбек диаграммасының көрінісі 
Күй(State)-бұл кейбір обьектілерді орындау кезінде белгілі бір әрекет 
немесе сол не басқа оқиғаның түсуін күтуде мекендеуді жүзеге асыратын жиын 
шарты. Обьектінің күй класы бір немесе бірнеше атрибуттарымен сипатталады. 
Бұл диаграмма обьектінің бір жағдайдан басқасына ауысуын орындайтын және 
әрекеттері жағдайларын алмастырумен ескертілген оқиғалардың немесе 
хабарлаулардың обьектілік жағдайларының графикалық ұсынысы. Обьектінің өз 
күйін уақыт бойында қалай өзгертетінін түсіну үшін күй өзгерісінің 
спецификациясы бар. Обьектінің күйі оның атрибуттарының және оған қоса 
қатынас атрибуттарының мәнімен анықталады. Күй спецификациясы класс 
атрибутын анықтайды. Тәртіп спецификациясы класс операцияларын 
анықтайды, олардың кейбірі обьект күйін өзгерте алады.
 


2.2 Java бағдарламалау тілі

Андроид операциялық жүйесі негізінен Джава бағдарламасын негізге алып 


жұмыс істейді. Программа барысында жазылған кодтың барлығы арнайы 
Android Packagе есімді файлда сақталады. Сол себепті бағдарлама жазуда Джава 
бағдарламасының орны ерекше.
Java бағдарламалау тілін Джеймс Гослинг және басқа да Сан Микросистем 
компаниясының инженерлері ойлап тапқан. Бұл бағдарлама мың тоғыз жүз 
тоқсан бірінші жылы ұйымдастырылған, алайда жарыққа тек мың тоғыз жүз 
тоқсан бірінші жылы шыққан. Java алғашында С++ бағдарламалау тілінің 
орнына құрастырылған болатын және оның атын Дуб деп қоймақшы болған. 
Бағдарламаны құрудағы ең негізі мақсаттардың бірі ақпаратты қашықтыққа 
кодтау қауіпсіз болу үшін және еркін тұтас платформа құру үшін арналған.
Java бағдарламау тілі обьектіге бағытталған бағдарлама тілі болып 
саналады. Java тілі Android операциялық жүйесіне арналған мобильді 
қосымшаларды жасау үшін белсенді қолданылады. Бұл ретте бағдарламалар 
Dalvik виртуалды машинасын пайдалану үшін стандартты емес байтты-кодқа 
айналдырады. Мұндай компиляция үшін Google компаниясы әзірлеген Android 
SDK (Software Development Kit) қосымша құралы қолданылады.
Android бағдарламасына арналған әр қосымша бөлек үрдісте өзінің 
меншікті данасындағы Dalvik машинасында жұмыс жасайды. Бүкіл есте сақтау 
қабілеттілігі мен үрдістерді басқару жауапкершілігі Android-қа жүктеледі.
Бірінші кезеңде, Java тілінде жазылған бағдарлама компилятор арқылы 
байтты кодқа айналдырады. Бұл жасалынатын компиляция бір нақты 
процессордың және әлдебір нақты компьютердің архитектура үлгісінен тәуелді 
болмайды. Ол бағдарламаны жазып болған соң бір рет орындалады. 
Байт кодтар бір немесе бірнеше файлда жазылып, сыртқы жадқа сақталып 
немесе желі арқылы жіберіле алады. Бұл файлдың шағын өлшемді байт-кодтар 
үшін өте ыңғайлы болып келеді. Компиляция нәтижесінде, яғни бағдарлама 
нәтижесінде алынған байт кодтарды кез келген JVM-ді жүзеге асыратын жүйесі 
бар компьютерлерде орындауға болады. 
Байт кодтардың интерпретациясы және үдемелі процесс бірталай 
бағдарламаның орындалуын баяулатады. Байтты кодтарды желі арқылы 
жібергенде ескерілмеді. Сол себептен ылғи интерпретаторды жетілдіру жұмысы 
жүріп жатады.
Java – бағдарламада класс спецификациясы мен оның жүзеге асырылуы 
әрқашан да тек бір файлда болады. Бұл бағдарламалау тілінде мұрагерлік жоқ, 
тек конструктор бар.
 
Android қосымшасы арнайы VM Dalvik атты виртуалды машинада іске 
қосылады. Виртуальды машина негізінен маңызды емес, дегенмен жұмыс жасау 
кезінде пайдалы қызметтер атқарады. Яғни қабық қызметін атқару арқылы 
мәліметтерді сақтайды. Кез келген Android қосымшасы қандай да бір 
операциялық жүйеде жұмыс жасау үшін арнайы виртуалды машинаның 


данасымен жұмыс жасайды. Қосымша операциялық жүйеде қаралып сақталады, 
егерде дұрыс жасамай жатқан жағдайда операциялық жүйе ол қосымшаны 
жауып тастайды.
Класстар
 – 
java тіліндегі обьектіге бағытталған бағдарламалаудың базалық 
элементінің класс түрі болып табылады. Класс құру үшін шығыс файлы болуы 
жеткілікті. Файл құрамында class негізгі сөзі, одан кейін идентификаторлар мен 
фигуралы жақшалар жұбы болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет