Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет79/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

2.Көңіл-күй және денсаулық 
Мақсаты: Жақсы көңіл-күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы түсінік 
беру. Өз көңіл-күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын 
дамыту. Денсаулыққа зиянды жағымсыз әрекеттерге қарсылық сезімдерін ояту. 
Жоспары:
1.Шаттық шеңбері. 
2. «Қол алысу» жаттығуы. 
3. «Менің ерке есімім» жаттығуы. 
4. «Көңіл-күй неге ұқсас» жаттығуы. 
5. «Сезім» жаттығуы. 
6. «Сезімді тап» жаттығуы. 
7. Күйзелісті қалай жеңуге болады. Ойын . 
8. «Ағаштын суретін салу» әдісі. 
9. Психологиялық кеңес. 
10. Аутотренинг.
3.«Автопортрет» жаттығуы.
Нұсқау: - әр қатысушыға парақ беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу 
керектігі және 2 минуттан кейін парақтың келесі жағына есімдерікөрсетілген беттерді тренер 
жинап алынатындығын ескертеді. Жаттығу шарты: - сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп 


99 
тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді 
ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу 
мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...
Рефлексия: Жазылған автопортреттер бір бірден таратылып оқылады, бұл кімнің 
портреті екенін анықтау керек. 
4. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. 
Сыйлықтар қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.Жаттығу шарты: қобдишадан әр 
қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған
адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын
айтады. Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-
жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! Сергіту сәті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет