Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


VІІІ.Психологиялық тренинг бағдарламалар



Pdf көрінісі
бет77/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

 
VІІІ.Психологиялық тренинг бағдарламалар:
1.«Менің лидерлік қасиеттерім» 
1-Жаттығу: Менің лидерлік қасиеттерім сурет түрінде

Нұсқау.
Өзіңіздің ойыңыздағыдай өзіңіздің лидерлік қасиеттеріңізді сурет бетіне салып
көрініз. Достарыныз немесе әріптестеріңізден сіздің лидерлік қасиеттеріңіз бар сурет
салуды сұраңыз. 
Сіздің және басқа адамдардың өзіңіздің лидерлік қасиеттеріңіз жайлы ойларын
салыстырыңыз. Зейініңізді мынаған бөлініз:

Сіздің достарыңыз бен өзіңіздің қандай лидерлік қасиеттеріңіз сай келді.

Суретке қарап, өзіңіздің мінез- құлқыңыздағы қандай қасиеттермен жұмыс істеу 
керек екендігін анықтаңыз. 
2-Жаттығу: Сенімд
і 
мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау
. Жаттығу шеңбер ішінде орындалады. Әрбір қатысушы өзін сенімді сезінген 
жағдайды қысқа бейнелейді. Бұл қадам сәтті болуы міндетті емес.
Талқылау. 
Әрқайсысына сенімді мінез-құлықты қалай елестететіні туралы айту
ұсынылады. Қатысушылардың сенімділік туралы ойларын мақсатты түрде қысқа тақта
бетінде бейнелеген дұрыс.
3-Жаттығу: Тәуелсіздіктің көрінуі.
Эксперимент. 
Бұрын сіз тәуелді болған адамдар мен жағдайларға қатысты тәуелсіз 
болдыңыз. Қорлану мен сұрауды тоқтатыңыз. Бірінші күндері ауыр болғанымен өзіңізге 
сенімді болуға тырысыңыз. Келесі сабақта эксперименттің нәтижесі туралы айтыңыз. Ол 
сізгежәне қоршаған адамдарыңызға қалай әсер етті. Қажеттісін блакнотқа жазып қойыныз.
4-Жаттығу: «Мен өткен шақтағы лидер», «Мен қазіргі лидер», «Мен 
болашақтағы лидер». 
Нұсқау. 
Сурет салыңыз: «Мен өткен шақтағы лидер», «Мен қазіргі лидер», «Мен 
болашақтағы лидер». Бұл жерде фантазияңызды көрсетіп, өзіңізді атақты адамдардың 
қасында қымбат машинада немесе керісінше ешкім араласқысы келмейтін адаммен
бейнелеңіз. Сабақ барысында қатысушылар өздерінің суреттерін көпшілікке көрсетеді.
Сурет бойынша келесі сұрақтарға жауап беру сұралады:
«Мен өткен шақтағы лидер» қандай?
«Мен қазіргі лидер» қандай?
«Мен болашақтағы лидер» қандай?
«Мен қазіргі лидер» мен «Мен болашақтағы лидердің» айырмашылығы қандай? «Мен
қазіргі лидерді» «Мен болашақтағы лидерге» қалай жақындатуға болады жәнемен не істеп 
жатырмын, болашақта не істеймін?
Мен қалай өзімнің кемшіліктерімді түзеймін және неге қазір олар бар? Жетістікке жету
үшін не істеу керек? Мен идеалды лидер болғым келген уақыттың айы мен жылын 
анықтаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет