Түйін сөздер
:
Қазақстан, Шанхай ынтымақтастығы, ұйым, лаңкестік, ядролық қару.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымының мемлекеттерімен қарым-қатынас жасау арқылы
ӛздерінің кӛздеген мақсаттарына жету, бір-біріне сенімділікпен қарау, түсіністік таныту,
ӛзара бекітілген құжаттардың міндеттемелерін сақтай отырып, мемлекет мүдделерін сақтау
қажет. Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің кӛптеген елдерімен әрі тарихы тағдырлас елдермен
ынтымақтастық жағдайында ӛмір сүруге баса кӛңіл бӛліп, Орталық Азияның
кӛшбасшысына, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың
таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.
Бүгінде Халықаралық қатынастарда Халықаралық ұйымдар елеулі роль атқарып келеді.
XIX ғасырдан бастап қоғамдық ӛмірдің кӛптеген қырлары Халықаралық достықтың жаңа
үлгілерін құруға алып келді.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, халықаралық қоғамдастықта қазақ халқы үшін
қашан да болсын бейбітшілікті жақтаушы, қолдаушы ел ретінде танылғаны баршамызға
белгілі. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден-ақ сыртқы саясатта кӛрші жатқан елдермен
тығыз қарым-қатынасты ұстанып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына арнаған биылғы
Жолдауында «Еліміз әлемдік саясатта талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді
серіктес. Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды роль атқарамыз, халықаралық
терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік
қауымдастықты қолдай отырып, Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен
Ынтымақтастық Ұйымына, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына және Ұжымдық Қауіпсіздік
Ұйымына тӛрағалық етіп келе жатқанын» атап кӛрсетті [1].
Сондықтан да, елімізде 140 этнос пен 17 конфессияның ӛкілдері тұрса да елдің ішкі
саяси тұрақтылығы мен ұлттық бірлігін сақтай отырып, саясатымыздың нығаюына
Ұйымдардың қосқан үлесі зор. Мұндай жағдай елімізге шын мәнінде стратегиялық
артықшылықтар, оларды іске асыру Қазақстанның дамуына ғана емес, тіпті күллі Еуразия
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
127
құрлығында оңтайлы ахуалдың қалыптасуына жәрдемдесуі мүмкін» [2] - деп Елбасы осыдан
он жеті жыл бұрын 1996 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің сыртқы
саясатының нақты даму бағыттарын айқындап берген болатын. Міне, кӛріп
отырғанымыздай, қазіргі күні Қазақстан шынымен де бүкіл Еуразия кеңістігінде оң ахуалдың
қалыптасуына бастамашы, ұйытқы болып отыр.
Еліміздің алыс-жақын шет елдерімен қарым-қатынас орнатуда үнемі кӛптарапты
бағыттарды ұстанатынын атап ӛту қажет. Қазақстан ӛзінің орналасу аймағы жағынан алғанда
да еліміз аса ықпалды үш геосаяси орталықтардың: Ресейдің, Қытайдың және мұсылман
әлемінің ортасында тұр. Оған қоса Еуропа мен Азияның түйіскен тұсында орналасқан.
Мұның ӛзі кӛп жағдайда еліміздің сыртқы саясатының мазмұнын айқындап келді және
келешекте де айқындай беретін болады.
Негізінен, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатта ұстанатын бағыты ӛңірлік
және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан еліміз Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымы, Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы
сияқты интеграциялық ұйымдардың атқарып келе жатқан жұмысымен жан-жақты дамытуға
ӛз үлестерін қосып, жетілдіре түсуге белсене араласып келеді.
Ал, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп
атаумен құрылған халықаралық ынтымақтастыққа бағдарланған ашық ұйым болып құрылды.
ШЫҰ-ның мақсаты мен міндеті – ӛзара сенімді, достық пен татулықты нығайту, саяси,
сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, энергетикалық, экологиялық және басқа
салаларда мүше мемлекеттер арасында тиімді ынтымақтастық орнату, ӛңірде бейбітшілікті,
қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету.
«Шанхай бестігі» Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы сыртқы саясатында
ұстанған негізгі бағыты бойынша айтарлықтай орын алды. Ол Қытайдың Шанхай қаласында
шекаралары шектесіп жатқан 5 мемлекет - Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы,
Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы
басшыларының 1996 жылы 26 сәуірде алғашқы кездесуі ӛтті. Осы форумға қатынасқан
мемлекеттердің басшылары кейін Мәскеуде (1997 ж.), Алматыда (1998 ж.) және Бішкекте
(1999 ж) кездесулерін ӛткізді [2].
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Еуразия кеңістігінің жер аумағының 3/5-ін құрайды, ал
жалпы ауданы 30 миллион 189 мың шаршы шақырым. Халық саны - 1 миллиард
455 миллион адамды қамтиды, яғни мұның ӛзі жер шарын мекендеген тұрғындардың тӛрттен
бірі осы ұйымның мүшелері болып отыр дегенді білдіреді [5].
ШЫҰ құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Қытай және Ресей
тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесінің кіруі, ұйымның халықаралық аренада үлкен саяси
беделге ие болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңгермешілік
дәрежеде ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ ӛзге мемлекеттерге қарсы
бағытталмаған және ашық саясат принциптеріне жүгінеді:
-
ШЫҰ ауқымында оған мүше мемлекеттердің бірлесіп жасалатын іс-қимылдары
әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту, сенімділік шараларын нығайту;
-
лаңкестіккке және экстремизмге, заңсыз кӛші-қонға, есірткі тасымалына,
трансшекаралық ӛзге де қылмыстық істерге тосқауыл қою;
-
экономикалық ынтымақтастық, ӛзара сауда жүйесінде Дүниежүзілік сауда ұйымының
стандарттарына біртіндеп жақындау;
-
табиғи және техногенді мазмұндағы тӛтенше жағдайларды бірлесе отырып
сақтандыру және болдырмау;
-
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша атқарылады.
«Шанхай бестігінің» осы кезге дейін ӛткен тӛрт кездесуінде Қазақстан делегациясы
айтарлықтай белсенділік кӛрсетті. 1996 жылы Шанхайда ӛткен алғашқы басқосуда ортақ
шекараларға байланысты әскери саладағы сенім мәселелері талқыланды. Мәскеуде ӛткен
кездесуде шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқарту жӛніндегі құжатқа қол
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
128
қойылды. Ал, 1998 жылы Алматы саммитінде «бестік» елдерінің ӛзара қатынастарындағы
басым бағыттар айқындалып, осы елдер арасындағы сауда - экономикалық қатынастарды
теңдік және ӛзара тиімділік негізінде дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, Қырғыз Республикасының
Президенті А.Ақаевтың, Қытай Халық Республикасының Тӛрағасы Цзян Цземиннің, Ресей
Федерациясының Президенті Б.Ельциннің, Тәжікстан Республикасының Президенті
Э.Рахмоновтың қатысуымен 1999 жылғы 24-25 тамызда Бішкекте ӛткен басқосуда осыдан
бұрын Шанхайда, Мәскеуде және Алматыда қол жеткен келісімдердің орындалу барысы
жӛнінде пікір алмасылды, ӛңірдегі қауіпсіздік пен қарым-қатынас мәселелері талқыланды
және «Бішкек декларациясы» деген маңызды құжат қабылданды.
Осы кездесудің алдында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қытай
Халық Респуликасының Тӛрағасы Цзян Цземинмен әңгімелесті. Мемлекет басшылары екі ел
арасындағы қатынас оңды бағытта дамып келе жатқандығын атап ӛтті. Қазақстан ТМД
елдері арасында тауар айналысы бойынша Қытай үшін екінші әріптес болып отырғаны
айтылды.
Соңғы кезде ұзаққа созылған келіссӛздер нәтижесінде екі ел арасындағы шекаралық
мәселелер екі жақ үшін де әділ шешімін тапты: Шағын-Оба асуы мен Сарышелді ӛзені
аудандарындағы даулы болып келген жерлер жӛнінде Қазақстан мен Қытай арасында
келісімге қол жетті. Жалпы кӛлемі 1000 шаршы шақырым болатын осы даулы жердің, 57%-ы
Қазақстанға, 43%-ы Қытайға жатады деп шешілді [3].
2001 жылғы 28 сәуірде Мәскеуде ӛткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде
Шанхай ұйымның ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі туралы ереже бекітілді. Бұл ережеде:
-
әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту мен сенім шараларын нығайту;
-
экономикалық ынтымақтастық пен ӛзара сауда ұйымының стандарттарына біртіндеп
жақындату;
-
табиғи және техногендік тӛтенше жағдайлардан бірлесіп сақтану және олардың
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту;
-
мүше мемлекеттердің сыртқы саяси, ішкі экономикалық, құқықтық мәртебесін кӛтеру;
-
антитеррорлық шараларды бірлесіп жоспарлау және ӛткізу;
-
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ұлттық жарнамаларды үйлестіру;
-
тиісті кадрларды даярлау [7].
Ал, 2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда ӛткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия
энергетикалық стратегиясын жасауға бастама кӛтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық
салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. ШЫҰ-ға мүше
мемлекеттерінің парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің
алғашқы кездесуі ӛтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, кӛлік пен
мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты
ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында ӛзара іс-қимыл нығаюда.
Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз кӛші-қонмен күрес жӛнінде келісім
жасасуды ұсынды.
Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы ӛңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты
модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша,
«Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ,
АӚІСШК және ШЫҰ» [5]. ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын
қамтып келеді. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы кӛп
жақты ӛңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды.
Шанхай ұйымына мүше елдердің жарғысында атап кӛрсетілген негізгі бағыттар. Десек
те, Шанхай ұйымының белсенділігі мен геосаяси бағыты үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде
Астанада ӛткен саммиттен кейін нақты кӛріне бастады. Астана саммитінде тұңғыш рет
«АҚШ-қа Орта Азиядан әскери базаларын алып кету туралы» шарт қойылды. ШЫҰ-ға мүше
барлық мемлекеттер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
129
Демек, Орталық Азияда әскери базалары бар АҚШ-қа Каримовтың, тіпті алғашқыда
жаңадан президент болған Бакиевтің «базаларды алып кету туралы» пікір айтуының
астарында не жатыр деген кӛзқарастар қалыптасты. Бұған «Шанхай ынтымақтастық ұйымы -
Қытайдың Орта Азияға дендей енуіне мүмкіндік жасайтын құрал» дегенді айтады. Демек,
осы ұйым арқылы Қытайдың аймаққа ықпал ету рӛлі арта түсетінін байқауға болады. Бұл
жӛнінде британ сарапшысы Филип Наубел: «ШЫҰ - жаңа құрылым. Мұнда Қытайдың рӛлі
басым. Кіндік Азияда Қытайдың саяси әрі экономикалық мүддесі бар. Қытай үшін кӛрші
елдердегі мол мұнай мен газ және ӛзге де ресурстар ауадай қажет. Сондықтан Цзинтао елінің
сыртқы саясатының ең бір негізгі тетігі, осы Кіндік Азия елдеріне қандай да бір жолдармен
әсер ету», – деген байлам жасаған [4]. Шанхай ұйымы қазір аймақтық қана емес, әлемді
ауқымды қамтып барады. Соңғы саммитте Шанхай ұйымына Монғолия, Үндістан, Пәкістан
мүше болып енді. Алдағы уақытта бұл ұйымға, сондай-ақ, Иран бақылаушы, сонан соң
толыққанды мүше болмақ деген болжам бар. Олай болған жағдайда, Шанхай ұйымының
антиамерикалық бағыт ұстанатыны тіпті айқындала түседі. Мысалы, Ұжымдық қауіпсіздік
шарты ұйымының (ОДКБ) Бас хатшысы Николай Бардюжаның пікірінше, «Шанхай ұйымы
әскери-саяси Одаққа айналмаса да, ол аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белсенді бір
ұйым болып табылады деп ӛзінің пікірін айтқан болатын [5].
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына
қарсы күрес жүргізу бойынша ӛкілеттік берілген органдар басшылары кеңесінің есірткіге
қарсы сұранысты тӛмендету жӛніндегі сарапшылар тобының бас қосқан отырысы болды.
Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша
құзыретті органдары сарапшыларының жұмыс тобы мүшелері қатысты. Отырыс барысында
аса маңызды әрі кең ауқымды мәселелер қаралды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған
есірткіге қарсы стратегиясын іске асыру бойынша тараптардың ұсыныстары талқыланды [6].
Ӛйткені, Шанхай ынтымақтастық ұйымы – ӛңірлік халықаралық ұйым болып табылады.
Сондықтан да аталған отырыста есірткіге қарсы сұранысты тӛмендету, есірткіні насихаттау
үшін қолданылатын мүмкіндіктерді шектеу айтылып, бұған қоса есірткіге қарсы күресте
үкіметтік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің әлеуетін пайдалану жӛнінде нақты
ұсыныстар жасалды. Кездесуге қатысушылар медициналық-әлеуметтік оңалтудың
толыққанды жүйесін қалыптастыру, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде халықтың нашақорлыққа
салыну деңгейін анықтау арқылы есірткіге тәуелділерді есепке алу жүйесін жетілдіру, ШЫҰ-
ға мүше мемлекеттерде нашақорлыққа әлеуметтік ауру мәртебесін беру жӛнінде нақты
ұсыныстар айтты. Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткінің жаңа түрлерін
анықтау мәніне есірткі нарығына мониторинг жүргізу және нақты профилактикалық
шараларды қабылдау бойынша бірлескен іс-қимылдардың үйлестіру тетіктері талқыланды.
Сӛйтіп, бұдан әрі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары басшыларының
кеңесінде қаралатын болды. Отырыста қабылданған шешімдер ШЫҰ-ға мүше
мемлекеттерде есірткіге қарсы сұранысты тӛмендетудің тиімді кешендік жүйесін
қалыптастыру мақсатында құзыретті органдардың есірткінің заңсыз айналымына қарсы
жұмысын үйлестірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге және нашақорлықтың
алдын алуды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жоғарыдағылардың барлығын қорыта келе, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының
мемлекеттермен қарым-қатынас жасау арқылы ӛздерінің кӛздеген мақсаттарына жету, бір-
біріне сенімділікпен қарау, түсіністік таныту, ӛзара бекітілген құжаттардың міндеттемелерін
сақтай отырып, мемлекет мүдделерін сақтау қажет. Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің
кӛптеген елдерімен әрі тарихы тағдырлас елдермен ынтымақтастық жағдайында ӛмір сүруге
баса кӛңіл бӛліп, Орталық Азияның кӛшбасшысына, халықаралық лаңкестікке, есірткінің
жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |