ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет7/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Түйін сөздер:
отарлық, патша үкіметі, басқару ережесі, Қазақстан, Ресей, отарлау, 
ұжымдастыру, соғыс қарсаңында. 
КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде де империялық 
ойлауды кӛрінеу және жасырын жақтаушылар Ресей отаршыл, империялық держава 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
20 
болмаған дегенінен айнымай келеді. Бұл сұраққа кезінде Ресей тарихының аталары 
Н.М.Карамзин, В.О.Ключевский жауап қайтарған болатын. Олар «Ресейдің тарихы 
отарлаушы елдің тарихы» деп айқын жазған.
Ӛткен ғасырдың 90-жылдарынан Қазақстан тарихында «отар» және «отарлау» терминін 
ұрпақ санасында тарихи шындық тұрғысынан қалыптастыруға бағытталған жаңа 
зерделеумен ой-пікір басталды. Бұл зерделеулердің барлығына да тән нәрсе тарихи 
шындықты нақтылай отырып, бүгінгі күн талабы үрдісінен шығу мақсатында шынайы 
бағасын беру мақсатын кӛздеді. Ӛйткені, мұндай мәселе қазақ елінің ӛскелең ұрпағын 
тәрбиелеу, ұлттық рухты насихаттау ісінде ӛзіндік мәні бар екендігі рас. 
Қазақстанның мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі білім мен ғылым салаларында 
түбірлі ӛзгерістер жүргізуді, халықтың тарихи санасын объективтік шындық тұрғысынан 
қалыптастыруды қажет етеді

Осыған байланысты соңғы жылдары отандық тарих 
ғылымында бұрмалауға ұшырап, не болмаса ғалымдар назарынан тыс қалып келе жатқан 
тақырыптарға ден қойылуда. Қазақстан тарихшылары жалпы қоғамымыз тәрізді ұлттық 
құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда ӛткен тарихымызға қазақ 
ұлтының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшылардың еңбектеріне салыстырмалы талдау 
жасаудың маңызы зор. Бұл бүгінгі ұрпақтың тарихи дүниетанымын кеңейтеді, тарихи білімді 
толықтыра түседі. 
Кеңестік дәуірде патша ӛкіметінің қазақ жерін отарлау саясатын әшкерелеуге баса 
кӛңіл бӛлген еңбектер сонымен бірге ұлттық қатынастардың жер мәселесімен байланысты 
кейбір тұстарын батыл аша алмады. Қалыптасқан коммунистік идеология бұл мәселеде орыс 
ұлтының беделін түсіретін қандай да бір зерттеу әрекетіне, ашық пікірлер мен 
тұжырымдарға қолдау білдіре қоймайтын еді. Кезінде қуғындалған қазақ ұлттық 
тарихшыларының еңбектерінде осы мәселелер жан-жақты кӛтерілді. Олардың еңбектерін 
кеңестік цензура бақылауға алып, қоғамда оларды оқуға және пайдалануға ұзақ уақыт тыйым 
салды.
Ресей империясының отаршылық мүддесі, 70 - жылдық кеңес ӛкіметі кезінде тап- 
тартысы принциптері негізінде зерттеліп келді. Ал, егемендік алған бүгінгі кезеңде екі түрлі 
қауіп орын алып отыр. Ол бұрындардан орын алып келе жатқан шовинистік кӛзқарастармен 
шектен тыс ұлтшылдық пікірлер. Айталық кейбір ресейлік зерттеушілер Ресей империясы 
«отар» дегенді білмеді дегенді дәлелдегісі келеді. Осы пікірді қостағандар отар деген 
капитализм дәуіріне тән деп түсіндіруге тырысады [1]. Ал, енді бір авторлар «ресей 
капиталистік ел болған жоқ отаршылдық капитализмге ғана тән, сондықтан ол отаршыл 
емес, «халықтар түрмесі», оның тұтқыны башқұрт та, грузин де, эстон да, орыста болды» [3] 
деп қорытындылайды. Енді бір авторлар Ресейдегі отаршылдық Батыс Европа елдерінен 
ерекше оны батыс европалық метрополиялар мен олардың колониялары арасындағы 
қатынастармен салыстыруға болмайды, оның үстіне XX ғасырдағы экономикалық есеп 
бойынша Түркістан ӛлкесі Ресей қазынасы үшін қып-қызыл зиян болды, ал Түркістанға 
Қазақстан территориясының едәуір бӛлігі кіргені белгілі деген пікір білдіреді [4]. Осы 
кӛзқарасты ұстанғандар патша ӛкіметінің қазақ халқынан тартып алған 45 млн. десятина 
жерден табылған табыс, осы жерден ашылған рудник, мұнай құбырлары, кӛмір шахталары, 
алтын кендерінен алынған табысты есептеді ме екен? 
Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе, оның түйінді мәселелеріне отандық 
тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни, 1991 жылдан кейін баса назар аудара 
бастады. Шет аймақ халықтары сол кездегі отар елдер халықтары, жабайылар тарихы 
мәселелері ӛткен кездерде империялық ӛктемдіктің және марксизмнің қасаң қағидасы
тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен кӛрінеу 
бұрмалаушылыққа ұшыратылды. Әсіресе, XVІІІ – ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы 
Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресейлік 
империялық ӛктемдік тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи ӛткен 
кезеңге объективті түрде қарауды, жаңа кӛзқарастарды тиянақтауды талап етеді. 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
21 
Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның Ресейге қосылуы 
тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мәселенің экономикалық жағына да, саяси 
себептеріне де мүлде тереңдеп бармай оны тек қана сырт жағынан қарап қосылу 
кездейсоқтан болды деп есептеді. Әбілқайырды Ресейге бодан болуға итермелеген алдымен 
айнала қаптаған жаудың айбары және белгілі дәрежеде орыс мемлекетінің сыртқы саясаты да 
мәжбір етті. 
XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында патшалық Ресей ӛзінің сыртқы саясатында Орта 
Азия, Үндістан елдерімен тұрақты қатынас орнату үшін күреске белін түріп кіріскен еді. Ал, 
Қазақстан болса оның жолында жатты. Демек, Әбілқайыр ӛз еркімен бодандыққа ӛту арқылы 
Ресейдің жаулап алушылық саясатын болдырмады. Ерте ме, кеш пе, бәрі бір бұл саясат 
жүзеге асатын еді. 
Жоңғар шапқыншылығына ойдағыдай тойтарыс бергеннен кейін Қазақстан бірыңғай 
және біртұтас мемлекет ретінде бабалары мұраға қалдырған дәстүрлі аймақта ӛзінің 
шаруашылық ӛмірін қайтадан дамыта бастады. Алайда XVIII ғасырдың 30-жылдарының орта 
шенінен бастап Ресей мемлекеті қазақтардың жеріне империяның бодандары ретінде, 
қазақтардың ӛздеріне орыс мемлекеттік идеологиясы тұрғысында кӛз тіге бастады. Ӛлкенің 
әр әкімі Ресей империясының толық және шексіз билігіне кӛшкен жер деп есептеп оны 
ұлғайтуға ұмтылды. Осы саясатты жүзеге асыру барысында Ресейдің ӛкімет орындары 
жергілікті халықтың қайтпас қарсылығына душар болды. Сондықтан оларды бӛлшектеу, 
халықтарды қырқыстыру, халықтың барлық топтарында ӛз агентурасын құру, отарлаудың 
басты күші ретінде қазақтарды біржола бағындырып, оларды осы мақсатқа пайдалану 
сияқты түрлі әдіс - тәсілдер қолданыла бастады. Осы саясат империясының шекарасына ең 
жақын орналасқан аймақ ретінде алғаш Батыс Қазақстанда жүзеге асырыла бастады. 
Патшалық отарлау саясатының кӛздеген мақсатының ең бастыларының бірі жерге ие болу 
еді. Бұл саясат орыстарды қазақ жеріне қоныстандыру арқылы, алғашында бей-берекет, 
жоспарсыз, заңсыз, жүргізілді. Кейіннен біртіндеп қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан 
тұрмыс құру, тіршілік ету, шаруа жүргізу жүйелері мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр үрдістерінің 
күре тамырлары балталанды. Осыдан келіп қоныстанушылар мен тұрғылықтылар арасында 
ұлтаралық қақтығыстар бой кӛтерді. Мұның соңы ұлт - азаттық кӛтеріліске ұласқаны белгілі
.
Рас, отаршылдар бұл саясатын еппен, асықпай жүзеге асырды. Патша ӛкіметі алғашында 
кіші жүзде ел билеудің хандық жүйесін сақтап, оның ішкі ісіне араласпай, тұзақты алыстан 
құрып, сырттай келісім жасады. Қазақ даласын ӛзіне жағынып, бас шұлғып, бағынышты 
болған хандар мен сұлтандар арқылы басқарды. Кейіннен Кіші жүзде хандық билік 
жойылып, оның орнына аға сұлтандық жүйе енгізілді. Сӛйтіп, қазақ жерінде орыс 
әкімшілігінің басқару жүйесін орната бастады. 
XIX ғасырдың 60-жылдарында Ресей империясы Қазақстанды толығымен жаулап алып, 
оны ӛзінің отарына айналдырды. Капиталистік даму жолына түскен Ресей енді отарына 
айналған қазақ жерінде басқарудың империяға ыңғайлы жүйесін енгізуге кірісті. Патша 
үкіметінің алдында аса күрделі міндет - жаңа қосылған ӛлке жерін басқаруды реттеу және 
соның негіздерінде халықтан алым-салық жинау мәселесі тұрды. ІІ Александр патша 1867 
жылы 11 шілдеде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге», 
ал 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығын басқарудың 
уақытша Ережесіне» қол қойды. Шын мәнінде, қазақ даласында «бос жатқан» немесе «артық 
жерлер» жоқ еді. Әр аймақ белгілі бір рудың жаз жайлауы, қыс қыстауы болатын және оның 
шекарасы әр ру басы үшін әлдеқашан айқын белгіленіп қоятын.
«Қазақ» газетінде жарияланған (1915 ж., №156) Әлихан Бӛкейхановтың «Екі жол» 
деген мақаласында: ... 1897 жылы қазақ үй басына қазақ - орысқа жылына 10 сом тӛлеуші 
еді. Енді осы 10 сом 20-40 сом болды. Пайдаланған жер - баяғы он шақырым. Үй басына 40 
сом тӛлеу оңай емес. Қан тӛгіп, кір жуып, кіндік кескен ата - қонысымыз-Ертіс. Мұннан 
кетсек, бұдан неше есе бақытсыздыққа кез болуымыз анық?» – деп ащы шындықты ашына 
жазады [5]. Патшалық Ресейдің орыстандыру және отарлау саясаты Кеңес ӛкіметі тұсында 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
22 
одан әрі жалғастырылды. Ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі алынған 
бай-құлақ жер аударылды. Соғыстың алдындағы жылдары түрлі республикалардан ӛнеркәсіп 
құрылысын жүргізу сылтауымен тағы 1 миллион 200 мың адам қоныстандырылды. 
Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде «сатқындық пиғылда» деген жӛн - жосықсыз 
айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары қолға алынды. Сол кезде 
Қазақстанға 100 мыңға жуық Қиыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері, 
КСРО-ның батыс аймақтарынан 100 мыңнан астам поляк, Кавказдың 500 мыңнан астам 
тұрғыны күшпен қоныстандырылды. Қазақстанға күштеп кӛшірудің қара дауылын Қырым 
татарларының, гректердің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да кеңес 
халықтарының ӛкілдері бастап кӛшті. 
Ресми деректер бойынша, осындай келеңсіз жүргізілген жұмыстардан соң сол кезде 
Қазақстан жұрты 1,5 миллионнан астам адамға кӛбейген екен. Соғыс кезінде әр түрлі 
ӛндірістермен бірге мұнда 350 мыңнан астам адамның әкелінгені де анық. 
Солтүстік және Орталық Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеруге
2,5 миллиондай адам келді. Тыңгерлердің арасында Қазақстанға күшпен әкелінгендердің 
ішінде тікелей қамау орындарынан жеткізілгендердің болғаны да жасырын емес. Орталық 
ӛкімет жергілікті басшылықпен де, республиканың қарапайым тұрғындарымен де еш 
келісімі болған жоқ. Мұның ӛзі қазақ халқын ӛз жерінде азшылыққа айландырып біртіндеп 
орыстандыратын, отарлаудың кеңестік дәуірінің жалғасы болатын. Абырой болғанда алып 
империя КСРО-ның ыдырауы бұл процестің жалғасын табуына мүмкіндік бермеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет