Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.
Білім туралы – Қазақстан Республикасының Заңы.- Астана, 2007
2.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
www.egov.kz
.
3.
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету
арқылы қолдау
туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
4.
Концепция развития инклюзивного образование в РК.
www.egov.kz
.
5.
Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011, №7, 60-61 б.
6.
К.Жарықбаев. Инклюзивті білім берудің мазмұны қандай? // Мектептегі психология, 2010,
№5,18-20 б.
7.
Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения вклассах ЗПР. //
Психология в школе 2010 , №5(29) 34-37 б.
8.
Білім берудегі менеджмент // - Алматы, 2010. №2, 27-31б.
9.
Ахмедалиева, Д. У. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру //
Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. - . 15-17
10.
Э.Біләлова. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы дамыту. //
Психологияны мепктепте және ЖОО-да оқыту, 2007, №1,11-13 б
11.
Мангутова Б.Б. Мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы. // Психология,
социология, дефектология, 2009, №4, 23-26 б.
Мультимедиялық материалдар, электронды оқулықтар
https://youtu.be/ZNyIgFfvvA0
https://youtu.be/5WbQQdOlV5M
https://youtu.be/LMq0phPH2lU
https://youtu.be/kWARSyLpntc
https://cloudbox-map.com/Setup.php?t=1569168552
6. Дәрістер кешені
№ 1. Дәріс.
Тақырыбы: Инклюзивті білім беру пәні, критерийлер мен көрсеткіштері, компоненттері
1.
Инклюзивті білім беру пәні
2.
Инклюзивті білім беру крийтерийлері, көрсеткіштері, компоненттері
3.
Инклюзивті білім беру субъектісі
Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері
шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық
жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін
мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.Инклюзивті оқыту – ерекше
мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін
сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз
ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі
бар балаларға арнайы жағдай
қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен
балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың
даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды
оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе
балалардың жеке сұраныстары
мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен
білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық
мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз -
барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне
толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына,
шығу тегіне, дініне, жағдайына
қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға,
баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни,
жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару,
барлық адамдарға деген
теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар
балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Инклюзивті
білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу
орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл
бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның
Конвециясына
2006
жылдың
13
желтоқсанында
енгізілді.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім
мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы
мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі
шектеулі балалардың
ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары;
мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып
әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. Жаңа түсіндірме бойынша «инклюзивті білім
беру» - бұл ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере
отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз
ететін
процесс. Аталған анықтама жалпы білім беретін мектеп жағдайында барлық балаларды
оқыту үшін оңтайлырақ тәсіл ретінде халықаралық қауымдастықпен танылған білім
берудегі инклюзияның мәнін ашады. Бұл жағдайда инклюзивті білім беруді жүзеге
асыратын ұйымдар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды қамтуды,
соның ішінде мигрант,
оралман балалар, сондай-ақ қоғамға әлеуметтік бейімделуі қиын
балалар сияқты басқа да санаттағы білім алушыларға сапалы білім берудің тең
қолжетімділігін қамтамасыз етуді кеңейтуі мүмкін. Бастауыш мектепте ерекше білім
беруге
қажеттіліктері
бар
балалар
психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультацияның қорытындысына сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393
бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды. Қазіргі уақытта
негізгі және жоғарғы мектеп оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61
бұйрығымен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға
арналған негізгі орта және
жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленді.
Достарыңызбен бөлісу: