ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫ БОЙЫНША
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ
ДЛЯ РОДИТЕЛЕЙ
«ПО ПОДГОТОВКЕ РЕБЕНКА К ОБУЧЕНИЮ В ШКОЛЕ»
Нұр - Сұлтан
2020
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында
әзірленген
«Баланың мектепке дайындығы бойынша ата-аналарға арналған
әдістемелік құрал, Нұр – Сұлтан, 2019 ж. - 44 бет.
Пікір жазғандар:
С.Жиенбаева, п.ғ.к.
Ж.Махмутова,
меңгеруші
М. Елубаева, әдіскер
Әдістемелік құралда баланың мектепке дайындығында ата-аналармен
жұмыстың негізгі бағыттары мен кезеңдері қарастырылған.
Осы құралды ата-аналар балаларды мектепке даярлауда қолдануына
болады.
Әдістемелік құрал ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығының Ғылыми
әдістемелік кеңесінде қаралып,
ұсынылған. (2020 жылғы 3 ақпандағы № 2 хаттама)
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
3
республикалық орталығы, 2020 ж
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Бүгінгі күні баланың мектепке даярлығы мәселесі барынша өзекті
болып отыр. Бұл мәселенің өзектілігі балалардың (5-6 жастағы) мектепке
дейінгі білімнен мектепте жүйелі оқуға көшу кезеңінде байқалады. Бұл
Қазақстан Республикасында «Білім туралы»
заңына өзгерістер енгізіліп,
балаларды 1 сыныпқа алты жастан қабылдауға қатысты норманың күшіне
енуіне байланысты
Осыған байланысты балалары 1 сыныпқа
баратын ата-аналарды
әдістемелік және психологиялық қолдау қажеттігі туындап отыр. Бұл
мәселедегі ата-аналардың қобалжуы өте орынды себебі бала мектепке
қандай дайындықпен нені біліп баруы керек осының барлығы ата-аналарды
толғандыратын мәселелер.
Осы мәселе бойынша ата-аналардың жан-жақты хабардар болуы әлі де
жеткіліксіз. Оның бірінші себебі ата-аналардың
өздерін қызықтыратын
сұрақтарға жауап беретін пайдалы ақпараттарды алуға үнемі уақытының
болмауына байланысты.
Осы құралдың мақсаты