Методическое пособие для родителей «по подготовке ребенка к обучению в школе» Нұр Сұлтан 2020 2


БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата27.11.2023
өлшемі457,9 Kb.
#128785
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
 
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ
Психологиялық аспект үш компонентті қамтиды: зияткерлік 
дайындық, тұлғалық және әлеуметтік, эмоциялық-ерік. 
Мектепке зияткерлік дайындығы: 
-
бірінші сыныпқа барғанда баланың белгілі бір білім қорының болуын; 
-
бала кеңістікте бағдарлана алады, яғни мектепке, дүкенге барып 
келетін жолды білуін; 
-
бала жаңа білім алуға ұмтылуы керек, яғни ол білуге құмар болуын; 
-
есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту жасына сәйкестігін 
қамтиды. 
Ата-аналар балалардың мектепке зияткерлік дайындығын заттар мен 
олардың қасиеті туралы ұғымдарды білуімен қатар ең алдымен баланың 
ынтасына назар аудару қажет. 
Тұлғалық және әлеуметтік дайындық:
-
баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасай 
білуін;
қарым-қатынаста ашуға берілмеуін, ал басқа баламен жанжал кезінде 
проблемалы жағдайдан шығуды бағалай және іздей білуін; баланың 
ересектердің беделін түсінуі және мойындауын; 
-
төзімділік; бұл баланың ересектер мен құрдастарының сындарлы 
ескертулеріне сәйкес жауап беруін; 
-
адамгершілік дамуы, бала не жақсы, не жаман екенін түсінуін; 
-
бала педагог қойған міндетті мұқият тыңдай отырып, түсініксіз 
сәттерді нақтылап, қабылдауын, ал орындалғаннан кейін ол өз жұмысын 
дұрыс бағалауын, егер бар болса, өз қателіктерін мойындауын
 
білдіре
ді

Баланың мектепке эмоционалды-еріктік дайындығы: 
-
баланың неге мектепке баратынын түсінуі, оқытудың маңыздылығы; 
-
оқуға және жаңа білім алуға қызығушылықтың болуы
-
оқу бағдарламасы талап ететін, баланың өзіне тән емес тапсырманы 
орындау қабілеті;
-
шыдамдылық, белгілі бір уақыт ішінде ересектерді мұқият тыңдау 
және бөгде заттар мен істерге алаңдамай тапсырмаларды орындау қабілетін
 
қарастырады. 
Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балалардың өте маңызды 
психологиялық ерекшеліктерін білуі тиіс, олардың әрекетінің негізгі түрі
ойын болып табылады, ойын арқылы бала дамиды және жаңа білім алады. 



Барлық тапсырмалар балаға ойын түрінде берілуі тиіс, ал үй
тапсырмалары оқу процесіне айналмауы тиіс. 

Бұл сұрақтарға жауаптарды әр бала білуі тиіс 


1.Өзінің толық аты- жөнін атау. 
2. Қанша жаста? 
3. Әкесі мен анасының атын білу ( бар болса). 
4. Әкесі қайда және кім болып жұмыс істейді? 
5. Анасы қайда және кім болып жұмыс істейді? 
6. Ағасы немесе әпкесі бар ма? Олар қанша жаста? Олардың жасы үлкен 
немесе кіші ме? 
7. Сіз тұратын қала? 
8. Мекен-жайы
9. Қай елде тұрасың? 
10. Сенің мектепке барғың келеді ме? Неліктен барғың келеді? Ұнайды 
ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет