16
болмайды, себебі ата-аналар бала туылғаннан бастап өмір бойы өз
баласының алғашқы және басты тәрбиешілері.
Ата-ананың міндеті – баланың өмірінде кездесетін барлық жайттарға
қызығушылық таныту, оны жақсы көретіні туралы сендіру және оған
қамқор болу.
Болашақ мектеп оқушысында толыққанды тамақтану мен қатаң күн
тәртібі болған кезде тек сирек шаршап қана қоймай сирек ауыратын болады.
Мұнда бұл жастағы балаларға қимыл белсенділігіне деген сұраныс жоғары
болғандықтан күнделікті көшеде серуендеудің пайдасы да зор.
Ата-ана баланың мектепке даярылығы тек ауызша нұсқау беруден
тұрмайтынын түсіне отырып, баланың әрекетіне басшылық жасап, оны
ынталандыруы және қолынан келетін еңбекке баулуы қажет.
Баланы мектепке оқуға психологиялық даярлау оны дамытудың
маңызды қадамы болып табылады, ол оқуға деген жауапкершілікті, өзінің
мінез-құлқын еркін басқаруға, ересектермен және құрдастарымен мәдени
қарым-қатынасты тәрбиелеу.
Баланы мектепке даярлауда бастысы жағымды көзқарасты
қалыптастыру керек. Балаға мектепте «қиындық болады, тыңдамасаң
бұрышқа тұрғызып қояды, ұрсады» деп айтуға болмайды. Керісінше
«мектепте қызық болады, онда жаңа достарың көп болады, онда ол көп
нәрсені үйретеді» деп, түсіндіріп баланы қызықтырған жөн.
Балалрдың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда ата-ананың өзін
баланың алдында ұстауы үлкен рөл атқарады. Бала үшін ата-ана көркем,
мәдени сөйлеудің болып табылады, себебі бала тыңдап, біреуге еліктеп
сөйлеуге үйренеді. Нәтижесінде бала дұрыс сөйлеуге және қоғамда
әлеуметенуге үйренеді.
Белгілі балалар психологы Л.А. Венгердің айтуы бойынша «Мектепке
дайын болу – міндетті түрде оқу, жазу, санау емес. Мектепке дайын болу –
осының барлығына үйрену».
Достарыңызбен бөлісу: