Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнының



Pdf көрінісі
бет206/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнының 
тәрбиелік аспектісі. Құзыреттілік тәсіл негізінде ҚР 12-жылдық мектептің 
білім 
мазмұнын 
модернизациялау. 
Білім 
мазмұнын 
ізгілендіру, 
гуманитарландыру, этнопедагогикаландыру.
12 жылдық білім беру жүйесінің бұрынғы білім беру жүйесінің моделінен 
айырмашылығы төмендегідей: 
-
оқушының 
функционалдық 
сауаттылығы: 
оқу 
сауаттылығы, 
экономикалық сауаттылығы, ғылыми сауаттылығы; 
-
оқу жоспарының көп варианттылығы, оқытудың деңгейлі және бағдарлы 
сараланғандығы; 
-
оқытудың жеке тұлғаға бағдарланғандығы, аймақтық білім беру; 
-
оқыту технологиясын таңдаудағы мұғалімнің дербестігі; 
-
қоғамдағы, әлемдегі нарықтық бәсекелестікке қабілетті, өзін-өзі толық 
істе көрсете алатын шығармашыл жеке тұлға – маман даярлау. 


226 
Жаңа білім беру жүйесіне көшудегі білім берудің басты мақсаты –өзінің 
және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын, өзгермелі даму 
үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, 
шығармашыл, зияткер тұлғаны тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру
(96-сурет). 
Бағалау бойынша нормативтік құжаттарда бірыңғай стандартталған 
талаптардың болмауынан мектептер бағалау бойынша өздерінің жеке жергілікті 
құжаттарын әзірлеуге мәжбүр болады. Нормативтік-құқықтық құжаттарда 
оқушыларды оқыту нәтижелерін бағалаудың бірыңғай стандартталған 
тетіктерінің болмауы бағалаудың объективтілігі мен ашықтығының жоқтығына 
әкеледі.
 
Білім берудің құнды мәнін арттырудың арқасында оқушы үйренеді: 

Отан алдындағы өз міндеттерін орындау үшін және Қазақстанның 
дамуына үлес қосу мақсатында жауапты болуды, белсенді азаматтық 
ұстанымын көрсетуді;

қоғамдық өмірде сенімді шешім қабылдауда және оны жасауға қатысуда 
шығармашыл болуды әрі сын тұрғысынан ойлай білуді, өзгерістерге икемділікті 
және дайын болуын көрсетуді;

ұжымда, кез келген ортада ақпараттық-коммуникациялық құралдарды 
қолдана отырып, жұмыс істеу мақсатында коммуникативті болуды;

қоршаған ортаның шынайылығын объективті түрде көрсету үшін 
мәдениет пен пікірлерге сыйластық танытуды;

өзіңе және басқаларға сыйластықпен қарау үшін достық ниетте және 
қамқоршы болуды;

кез келген өмірлік жағдайда өзіңнің танымдық процесіңді өзің реттеуге 
және өзіңнің мансабыңның өсуі үшін өмір бойы оқуға дайын болуды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет