233
1.Оқушылардың
әлеуметтену
мүмкіндігін
кеңейтіп,
Қазақстан
азаматтарының сындарлы рөл ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру
жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.
2. Жалпы орта білім берудің жеке оқу жоспарларын
жобалау мен іске
асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап
жіктеу үшін нормативтік және ұйымдастырушылық
педагогикалық жағдай
жасау.
3. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін,
олардың қабілеті мен
қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне
сәйкес қамтамасыз ету.
4. Жоғарғы кәсіби және орта білім деңгейінің
сабақтастығын қамтамасыз
ету.
Жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне,
кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты
бейіндік оқытудың
ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды.
Бірбейінді оқыту
кезінде (
мonos
(грек сөзі) - біреу, жалғыз) оқу орны
бейіндік оқытудың бір бағытын іске асырады (жартылыстану-математикалық
немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).
Көпбейінді оқыту
кезінде (
polys
(грек сөзі) –
көптеген, есепсіз, көлемді)
оқу орны бейіндік оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану-
математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).
Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім
беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу
бағдарламалары, оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендер (ОӘК).
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын жасаудағы басты мақсат –
жалпы білім беретін орта мектептердің әр сатысындағы оқу процесі барысында
оқушы меңгеруге міндетті білімнің ең төменгі деңгейін (минимумын) белгілеу.
Мемлекеттік стандарт Қазақстан Республикасы жалпы орта білім жүйесі
аясындағы білімнің
жалпы нормаларын сақтай отырып, оқушыны саралап
оқытудың түрін таңдау құқығын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: