Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет215/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Мемлекеттік стандарт
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім 
беретін мектептерінің оқу жүктемесі минимумына және оқушылардың 
дайындық деңгейлеріне, мектеп бітірушілердің білімдерін объективті бағалауға, 
әртүрлі деңгейдегі оқу бағдарламаларын жасауға қажетті және білім туралы 
құжаттардың эквиваленттілігіне қойылатын талаптарды тағайындайды. 
Бағдарлама
жаңа оқу жоспарларын, жаңа буын оқулықтары мен оқу-
әдістемелік кешендерін енгізуге бағытталған және білім беру жүйесін 
ақпараттандыруды қоса алғанда, оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен 
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту міндеттері бір-бірімен 
өзара байланысты және білім беру жүйесін ақпараттандыру, қашықтықтан 
оқытуды енгізу және т.б. арқылы оқу процесіне заманауи технологиялар мен 
оқытудың мультимедиалық, компьютерлік-техникалық құралдарын толықтай 
енгізуді көздейді. 


234 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарты ҚР-ның «Білім туралы» Заңына сәйкес жасалынады, ол жалпы 
орта білім беретін мекемелер жүйесінде оқушылардың оқытудың мемлекеттік 
негізгі ұстанымдарын айқындайды. 
Білім стандарты – 
мемлекеттің әрбір азаматы алдындағы, өз кезегінде 
азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершіліктерінің басын біріктіретін басты 
құжат. Мемлекет әрбір жас азаматынан стандарт бойынша анықталған білім 
деңгейін игеруді талап етеді, ал өзі соған қажетті мүмкіндіктердің бәрін 
жасауды мойнына алады. 
Бұл жаңа құжатта «білім стандарты» деген ұғым мемлекет тарапынан 
жалпы білім беруге қойылатын талаптар жүйесі деген кең мағынада 
қарастырылған. Сондықтан, мемлекеттік білім стандарты бір-біріне сабақтас үш 
құрамдас бөліктен тұратындығы алғаш рет нақтыланды: тұжырымдамалық;
нормативтік; әдістемелік бөліктер.
Бірінші бөлікке бұған дейін дайындалған мектептің дамуы мен ондағы 
білім мазмұны жөніндегі екі тұжырымдама ендірілген. Екінші бөлікке 
нормативтік қызмет атқаратын жаңа құжат базистік оқу пәндері бойынша 
дайындалатын білім стандарттары кіргізілген. Ал үшінші бөлікті оқу-
әдістемелік кешен құрайтындығы нақтыланған. 
Бұл жұмыстардың заңды жалғасы ретінде оқу процесін жаңа мотивациялық 
идеяда құрудың ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік негіздерін 
ойластыратын уақыт келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет