236
өзбек, тәжік тілінде жүретін мектептерде ана тілі мен әдебиетін,
бағдарлы
пәндерді оқытуға бөлінетін сағат сандарын нақтылайды.
Мектеп оқушыларының дайындығына қойылатын талаптар екі деңгейде
құрылады: минимал (қажетті) және базалық (міндетті).
ОМ оқушыларының дайындығына қойылатын минимал деңгей (білім
мазмұнының минимал қажетті көлемі) оқушылар дайындығының ең төменгі
шегін айқындайды.
Мектеп қамтамасыз ететін базалық (міндетті) оқыту бағыты мен профилі
және оларға сәйкес білім мазмұнының көлемі ескеріліп беріледі.
Орта жалпы білім беретін мектептердің Базистік оқу жоспары төмендегідей
нормативтер ауқымын қамтиды:
-
оқыту ұзақтығы (оқу жылдарымен);
-
сыныптар және пәндер бойынша апталық оқу жүктемесі;
-
оқушылардың міндетті тандау сабақтары;
-
факультативтік сабақтары;
-
үйірме жұмыстары.
Мектепте қандай да болмасын бір пәңді оқытуды оқу-әдістемелік кешені
қамтамасыз етеді, ал
оның құрамына бағдарлама, оқулық, анықтамалықтар,
есептер мен жаттығулар жинактары, әдістемелік зерттеулер,
жалпы және жеке
әдістемелер, түрлі дидактикалық материалдар (өзіндік және бақылау
жұмыстарының жинақтары, дәптерлер, кестелер, диафильмдер және т.б.) жатады.
Осы құралдардың ішінде оқулық жетекші рөл атқарады. Ол бағдарламаны
нақтылап, оған енген материалдарды белгілі бір әдістемелік жүйеде баяңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: