239
керектігін айтып, қалай жүру керектігін түсіндіреді. Әрбір оқушының міндетін
айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ басшыларын тағайындайды, жауапты
оқушыларды бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы нұсқаулар береді.
Кіріспе әңгімеде мұғалім әкскурсияның мақсатын айтады, содан кейін
оқушылар объектілерді қарап,
тапсырманы орындауға кіріседі; сурет салады,
жазады, объектінің ерекшіліктерін бөліп, көргендерінен қорытынды жасайды.
Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін демонстрациямен ұштастырады.
Оқушылардың бақылауларына басшылық етеді. Экскурсияның соңында
мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді, қорытынды әңгіме болады.
Керек жағдайда оқушылар үй тапсырмасын орындайды.
Экскурсия
материалдарын кіріктіріп сабақ өткізуге болады.
Мектепте өтетін экскурсиялар оқытудың тиімді формасы болғандықтан,
оларды жиі өткізу керек, себебі ол өмірді тану дағдыларын қалыптастырады.
Ол үшін экскурсияларға тапсырмалар әзірлеп, нәтижелерін тексеріп отыру
керек.
Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар табиғат сұлулығын түсінуге
үйреніп,
өздерінің әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау арқылы білдіреді.
Мұражайларға, көрме залдарына, өндіріс орындарына бару өнер шығармаларын
түсінуге, үйреншікті заттар мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адамның
еңбегінің
сұлулығын
сезінуге
үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: