Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Оқыту сапасын диагностикалау. Ұғымдар:оқушының оқу жетістігін



Pdf көрінісі
бет257/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
Оқыту сапасын диагностикалау. Ұғымдар:оқушының оқу жетістігін 
бақылау, бағалау, белгілеу.
Білімнің қай саласында болмасын, еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы 
мен сапасының диагностикасы жетекші рөл атқарады. Қазіргі ғылыми 
әдебиеттерде «педагогикалық диагностика» терминіне біршама анықтама 
берілген. Көптеген жағдайларда бұл анықтамалар психологиялық көзқарас 
тұрғысынан беріледі. Сондықтан да педагогикалық диагностика мазмұнында 


273 
психологиялық процестерді оқып үйрену және педагогтар мен оқушылардың 
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді. 
«Диагноз» грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді. Психологиялық-
педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық 
диагностика бағыттары анықталады (Б.С.Кобзарь, Л.И.Катаева, Е.А.Берулова, 
Б.П.Макарова, Б.П.Битинас, В.П.Симонов және т.б.).
Б.П.Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған 
көрсеткіштерін 
айқындайтын 
ғылыми 
бағыттағы 
педагогикалық 
диагностиканың негізгі міндеттерін анықтады. 
Педагогикалық диагностика
– сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-
әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын 
анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-оқушы» 
жүйесі мүмкіндіктерін анықтау .
Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік 
негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту 
және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс.
Білім беру қызметі білім сапасымен, оқыту сапасымен анықталады. 
Білім беру сапасы
дегеніміз – білім берудің белгілі бір нормалар мен 
стандарттарға және оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын мүдделері 
мен қажеттіліктеріне сай болуы. 
Оқыту сапасы
деп білім мазмұнын игерудің (білімнің, іс-әрекет 
тәсілдерінің, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің, эмоционалдық-құндылық 
қарым-қатынастарының) және оқушылардың оқу процесінің түрлі кезеңдерінде 
өздерінің жеке мүмкіндіктері, талпыныстары мен оқыту мақсатына сәйкес 
дамуының белгілі бір деңгейін айтады. Егер оқыту нәтижелері операциялық 
тұрғыда берілген мақсатқа сәйкес келсе және әлеуметтік даму аймағында 
болжанған болса, онда оқыту сапалы деп танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет