Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Сурет-18. Педагогтың кәсіби этикасы



Pdf көрінісі
бет42/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Сурет-18. Педагогтың кәсіби этикасы 
Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады және 
педагогикалық адамгершіліктің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық 
еңбектегі адамгершіліктің ортақ қағидаларының жүзеге асырылуын 
қадағалайды, оның негізгі қызметтерін және этикалық категорияларды 
қарастырады.
Педагогикалық 
тәртіп
Педагогикалық 
әділдік
Педагогикалық 
бедел
Кәсіби
ар-намыс
Кәсіби 
педагогикалық
борыш


45 
Педагогтік әдептілік – мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасына 
қойылатын талаптардың межесін сақтау, оқу және оқудан тыс уақыттарда 
олармен дұрыс қатынастың бабын таба білу білігі. 
Педагогикалық әдептің белгілері: 
 1) Ілтипаттылық. 
Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер 
оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, 
жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, 
өтініштерін құлықсыз, жүре тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап 
көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. 
 
2) Сенім.
Атақты педагог А.С.Макаренко: «Қателесу қаупі төніп тұрса да 
мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің 
батыл ойларымен ықпал жасауы қажет. Балалар өздерінің күштері мен 
мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына, әсіресе 
өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына сүйенеді» – деп, мұғалімнің 
оқушылардың жеке басына сенудің маңызын айрықша атап көрсетті. 
3) Әділдік. 
«Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз?»деген сауалға 
оқушылардың көпшілігі: «Мұғалімнің әділдігін» деп жауап қайтарады. Егер 
мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан 
беделді адам болмайды. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай, соған 
қоса өз іс-әрекетінің дұрыстығына иландыра білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет