43
Пантомимика
–
қарым-қатынаста адамның қолының,
денесінің,
аяқтарының кимылдарының қатысуы.
Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан
көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге
қарағанда адам көру арқылы
көбірек ақпарат алады екен.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы,
іс-қимылдары да қатысып
тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті,
әсіресе көзі
көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл күйде екенін түсінуге
болады.
Мұғалім тұлғасы мәдениетінің сапалық жақтары С.Т.Шацкий,
С.Ұзақбаева,
Р.К.Төлеубекова,
Л.И.Рувинский,
В.А.Кан-Калик,
В.А.Сухомлинский, З.А.Исаева, Ш.Т.Таубаева және т.б. ғалымдардың
еңбектерінде ашылады.
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Әдеп (такт) –
латынша «tactus» – жұғысу, адамдар ара-қатынасының түрі,
адамдардың өзара
жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: