Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогтың сөйлесу мәдениеті



Pdf көрінісі
бет54/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Педагогтың сөйлесу мәдениеті 

кәсіби іс-эрекет жетістігінің шарты. 
Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын этикалык талаптар. Мұғалімнің 
сөйлеуінің тәрбиелік және білім берушілік әсері. 
Атақты педагог Я.А.Коменский: «Педагогтың оқушы назарын өзіне 
аудара алатындай деңгейдегі сөз мәнері болуы қажет. Мұғалім тілі оқушыға 
түсінікті, нақты әрі тартымды болуы қажет» – деп, сөз мәнеріндегі 
мәдениеттілік педагогтың рухани байлығының, ойлау мәдениетінің маңызды 
көрсеткіші және тұлғалық қалыптасу құралы болып табылатын айрықша атап 
өтті. 
30-суретте мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар ашылды. 
Сөйлеу, сөйлесе білу – өнер, мәдениеттіліктің етене белгісі. Ал тіл – 
тұлғаны қалыптастырудың, әлеуметтік тұрақтануының маңызды құралы. Оқу-
тәрбие процесінде тіл ерекше орынға ие. Егер сөзді педагог белгілі бір мақсатта 
тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланса, оның ықпалы артады. 
Ы.Алтынсарин

«Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда 
мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі 
кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, 
сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді 
қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек» – деп, 
мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен 
мимикасы мәнерлі және бай болуы қажет екенін көрсетті. 


59 
Сурет-30. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар 
мәдениеттілік талаптары 
 
Педагогтың дұрыс сөйлеу техникасына қойылатын талаптар: сөйлеудегі 
дауыстың маңызы, оны тәрбиелеу жолдары;дикция; екпін қоя білу; дауыс 
ырғағы; үзіліс
(31-сурет). 
В.А.Сухомлинский
:
«Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш 
нәрсемен ауыстыра алмайсың. ... Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі сөздің 
тәрбиелік мағынасын аша білу дағдысына тікелей байланысты анықталады» – 
деп оның маңызына ерекше назар аударады. 
Ұстаздың сөйлеу техникасының құрамы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет