61
Сурет-32. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу процесінің кезеңдері
Мұғалім өзін-өзі ұдайы дамытып отырса ғана нағыз мұғалім бола алады.
Мұғалімнің өзін-өзі кәсіби тәрбиелеудің қозғаушы күші – мақсаттар мен
мотивтер арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңуге деген мұғалімнің
қажеттілігі. Мотивтің мақсатқа қарай жылжуы өзін-өзі тәрбиелеуге деген нағыз
қажеттілікті тудырады.
А.Дистервегтің сөзімен айтсақ, ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені бере
алмайды, өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса, басқаларды
дамыта, тәрбиелей, білім бере алмайды.
Педагогикалық
рефлексия
–
өзін-өзі
тәрбиелеудің
негізі.
Педагогикалық ұжымның педагог тұлғасының өзін-өзі тәрбиелеуіндегі
рөлі. Өзін-өзі тәрбиелеудің үздіксіз білім беру жағдайында педагогтың
кәсіби құзыреттілігін жоғарлатудағы рөлі.
«Рефлексия»
ұғымы алғаш философия ғылымына енді, индивидтің өз
санасында өзінің жасаған іс-әрекеттерін ой елегінен өткізуін білдірді. Рефлексия
(
“reflexio”
латын сөзінен шыққан, тікелей аудармасы – артқа қарау, бұрылу)
қандай да бір нәрсені үйрену мен таңдаудың көмегімен ой елегінен өткізу
процесі.
Рефлексия – жалпы алғанда, адамның өзінің ішкі жан дүниесіне, өзінің
тәжірибесіне, өмірлік іс-әрекетіне сүйенуі, білім беру іс-әрекетінде субъектінің
мотивін ұйымдастыру формаларының бірі және білім берудің алдыңғы қатарлы
жаңашыл тәжірибесінде пайдаланылатын мақсатқа жету құралы.
Рефлексия – субъектілердің бірін-бірі екіжақты (айналы) өзара бейнелеу
процесі. Нәтижесінде бір-бірінің ерекшеліктерін қайта қарай алады. Осының
нәтижесінде төмендегідей рефлексивті процестер ажыратылады: өзін-өзі түсіну
және басқаны түсіну, өзіне-өзі баға беру және өзгені бағалау, өзіне-өзі
интерпретация беру және басқаны интерпретациялау.
«Рефлексия» ұғымының мағынасын философтар, педагогтар, психологтар
жан-жақты ашуға тырысты:
Достарыңызбен бөлісу: