58
Әрбір топта қарым-қатынас процесінің өзгешелігі болады, сол топтағы
сабақтың да өтілуіне қарым-қатынас әсер етеді.
2)
Тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру – топпен бастапқы байланыс
жасау кезеңі тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру деп аталады. Сабақта
оқушылардың танымдық әрекетін және оны тәрбиелеуді меңгеру ең алдымен
қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
3)
Қарым-қатынасты басқару – педагог шартты түрде педагогикалық
байланысы бар толып жатқан коммуникативті міндеттерді шешеді.
4)
Жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау – педагогикалық қарым
қатынастың төртінші кезеңі жүзеге асырылған қарым-қатынасты талдау.
Қарым-қатынас – педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы.
Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық процесс ретінде
сипатталады: тұлғаны тану, ақпаратпен алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, өзін-
өзі тану.
Мұғалімнің
коммуникативтік
іс-әрекетінің
қызметі
белгіленген:
ынталандырушы; жауап беруші; бақылаушы; ұйымдастырушы.
Қарым-қатынас жетістігі көп жағдайда әлуметтік перцепция деңгейімен
анықталады, яғни адамдардың бірін-бірі топта, әлеуметтік бірлестікте, өзін-өзі
түсіну және бағалалауы қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: