Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


-  ықпал таныту (рефлексивтік) және реттеу-түзетулер енгізу



Pdf көрінісі
бет66/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)


ықпал таныту (рефлексивтік) және реттеу-түзетулер енгізу 
(коррекциялық
): 
ғылыми-зерттеу нәтижелерінің оқу-тәрбие процесіне болған 
әсер-ықпалын бағалау және одан соңғы ғылыми теория мен тәжірибелік іс-
әрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу -түзетулерді іске асыру. 
Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі 
міндеттері. 
Еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтар, білім мен практика жетістіктері негізінде жеке 
адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып 
табылады.
 
Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі негізгі 
міндеті – педагогикадағы жаңалықтың өмірге келуін жүйелі зерттеу, оның даму 
жолдарын анықтау, инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне тиімді
енгізуі.
Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі негізгі 
міндеттерін 
инновациялық педагогика айқындайды. Инновациялық 
педагогиканың теориялық негізін жалпы педагогиканың теориясы мен 
педагогикалық инноватика құрайды: педагогикалық шығармашылық теориясы; 
озат педагогикалық тәжірибені тарату; педагогикалық жаңалық теориясы; 
ғылыми жетістіктерді практикаға енгізу теориясы; педагогикалық неология
педагогикалық аксиология; педагогикалық праксиология. 
Оқу-тәрбие процесінде педагогикалық жаңалықтардың теориясы және 
практикалық маңыздылығын анықтау үшін жаңалықтың шығу тегін, 
құндылығын білуіміз қажет. Ал бұл мәселемен педагогиканың жаңа саласы
педагогикалық аксиология айналысады. 
 
 Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру
педагогикалық процесс), олардың өзара байланысы. Педагогикалық 
ғылымдарда пәнаралық ұғымдардың (іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, 
әлеуметтену, қалыптастыру) қолданылу ерекшелігі.
Педагогиканың негізгі ұғымдарына тәрбие, білім беру, оқыту жатады. 
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың 
байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардың негізгісі – 
тәрбие
. Тәрбие дегеніміз–
адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, 
жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға 
қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Тәрбие – педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген 
адамдары – мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін 
мақсатты процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның 
қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып 
әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.


74 
«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті 
азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді 
адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа 
болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев). 
Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер 
азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін – оны өмір сүре 
білуге, өзін қоршаған орта мен қарым-қатынас жасай білуге үйрету. 
Олай болса
тәрбие процесі деп – қоғамның талап тілектеріне сай әрбір жеке 
тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін 
жүйелі 
түрде 
қалыптастырып, 
дамытудағы 
тәрбиешілер 
мен 
тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз. Тәрбиенің қоғамдағы 
атқаратын қызметіне орай
өзіндік ерекшеліктері
бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет