Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогика ғылымы  мектеп гигиенасымен



Pdf көрінісі
бет74/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
Педагогика ғылымы 
мектеп гигиенасымен
тікелей байланысты. Мектеп 
гигиенасы
 - 
жылу, жарық, ауа режимдері, мектеп оқу құралдарының талаптарын 
зерттейді. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту 
және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әртүрлі 
факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның 
жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі 
сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етіп, көру 
мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ 


80 
үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл 
жағдай үлгермеушілікті туғызады. 
Педагогиканың 
медицинамен
байланысының нәтижесінде педагогикалық 
білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды. 
Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім 
берудің тәсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін 
пайдалана отырып, бала ағзасындағы кемшіліктердің орнын толтыру мен оның 
қоғам өміріне толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал-
жабдықтар жүйесін түзіп, қолдануға келтірді. 
Педагогика 
экономика
ғылымымен байланысты. Себебі, экономикалық 
саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты. Осы ғылымдардың 
байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы педагогика саласы дүниеге 
келіп, білім беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, 
олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді. 
Педагогика 
әлеуметтану
ғылымымен тығыз байланысты. Жас ұрпақты 
тәрбиелеу мәселесін қарастырғанда педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен 
тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады. 
Әлеуметтану – қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары 
туралы ғылым. 
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет