Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет99/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен ерекшеліктері 
Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және 
жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысында 
болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және 
отбасы олардың іс-әрекетін тиімді етіп ұйымдастыруы тиіс.
Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері қатайып, бұлшық 
еттері өседі, дамиды. Бұл кезде балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл 
еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытта еңбекті 
көтермейді. Сондықтан ата-аналар балалардың күш-қуатын есепке алып, еңбек 
тәрбиесінің түрлеріне бірте-бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.
Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді 
тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс-әрекеті – ойын. Ойынның 
барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен 
балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалім де, ата-аналардың 
өздері де сезе бастайды. Ол қасиеттер – баланың оқуға ынтасы, сөз қоры мен тіл 
дамуының дәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді 
білу, дененің жетілуі және т.б.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән және олардың құмартып кірісетін іс-
әрекеттің бір түрі – ойын. Ойын – балалардың денесін, ақыл ойын дамытудағы 
сарқылмас көзі. Интеллектуалдық және спорт ойындары да баланы дамытудың 
басты 
себептерінің 
бірі. 
Интелектуалдық 
ойындар 
балалардың 
аңғарымпаздығын, ұғымталдығын, зеректігін дамытады, қысынды ойлауын 
жаттықтырады. 
Баланың дамуында іс-әрекеттің рөлі зор. Ол дамудың негізі іс-әрекеттердің 
түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркем өнер іс-әрекеті, спорт
және т.б. Өсіп келе жатқан бала тәрбиенің обьектісі болып қана қоймай, ол 
тәрбиенің субьектісіне де айналуы керек. Бала тәрбиенің субьектісі болатын 
себебі: ол, бір жағынан, өзін қоршаған ортаны - обьектіні танушы, білуші; 
екіншіден, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы сол өзі танып ортаға өз тарапынан 
ықпал жасайтын адам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет