Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет31/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

Өтті шаттан аяңдап,
Отыра алмады баяулап. 
Екеуінің мінгені – 
Белгілі қату көк еді. 
Жануардың шабысы 
Таусылмастай көп еді. 
Жонас мінген Ақтанау 
Ауыздықпен алысып, 
Аспанға қарғып келеді, 
Бөкең-бөкең желеді, 
Шаңқай түсте жөнеді, 
Ар жағында тар қолтық, 
Одан өтіп келеді. 
Бірнеше күн болғанда, 


[
 
 127  
]
Күн намазшамға толғанда, 
Оның арты – Құбатау, 
Соған барып енеді. 
Астындағы Ақтанау, 
Қайраты оның таусылмай, 
Әлі дөңгеленіп келеді. 
Арғы жағын сұрасаң, 
Амудария су еді, 
Жағасы қалың ну еді, 
Сол нуды келіп жағалап, 
Қырық күндей жол жүрді. 
Азғана емес, мол жүрді. 
Аты арып, тон тозып, 
Сонда жеткен секілді, 
Әзірет Әлі жатқан жерлерге, 
Мекендеген елдерге, 
Жақын қалды моласы. 
Моланың көрді қарасын. 
Ақжонас та ер еді
Астындағы тұлпардан 
Түсе қалып ханыңыз, 
Жолдасқа атты береді. 
Етігін салып иыққа 
Жаяулатып жөнеді. 
Желген атқа ол батыр 
Бір перзенттің зарынан 
Жүгірумен ереді. 
Моласының басына 
Келді батыр қасына. 
Табытын оның құшақтап, 
Хан да болса жылады. 
Көзінен жасын бұршақтап, 
Ақжонас сонда сөйледі. 
– Асыл туған Арыслан, 
Бір перзентке зар болып, 
Басыңа келіп түнедім, 
Жатып перзент тіледім. 
Тілегімді бере көр, 


[
  128  
]
Көздің жасын көре көр 
Тілекті егер бермесең, 
Жіберме мені, алып қал, 
Тар шұңқырға мені сал.
Бір кезде Ақжонастың көзі ілініп кеткен екен. Арыслан 
келіп: «Ақжонас, енді тілегіңді бердім, ауылыңа қайт, үлкен 
кеңеспен шығып едің, әйелің ұл туар, атын Кеңес қой!» – деп 
өзі ғайып болды
34
.
Көріп отырсыздар, мұсылман дінінің әсері бұл мотивте 
айқын сезіледі.
Кейіпкердің керемет жағдайда дүниеге келуінің бұл тү­
рі, әсіресе, Орта Азия халықтарының фольклорында жиі 
кездеседі. Бұл туралы  В.М.  Жирмунский былай деп жазады: 
«В среднеазиатском фольклоре сказочно­мифологичес 
кий 
характер мотива чудесного рождения значительно ослаб­
лен по сравнению с алтайским и в особенности монгольс ким 
фольклором. Мотив этот обычно оформляется здесь в соот­
ветствии с господствовавшими у мусульманских народов 
Средней Азии религиозными суевериями и бытовой прак­
тикой врачевания бесплодия магическими средствами. Роди­
тели будущего героя совершают паломничество на могилу 
по 
читаемого мусульманского святого «чудотворца» – Али 
Шахимардана («Алпамыш»), Баба­Тукласа («Шора батыр»), 
Баба Омара («Сайынбатыр»), Олав­Хаджи (в узбекском дастане 
«Ширин и Шакар»), ночуют на его мазаре. Обычно во сне им 
является старец, предвещающий исполнение их заветно 
го 
желания; в дальнейшем этот старец становится покрови телем, 
чудесным помощником рожденного по его предсетельству 
богатыря»
35
.
Ертек  кейіпкерінің  керемет  жағдайда дүниеге келуінің бір 
түрі – әкесі үйде жоқта тууы. Қазақтың көптеген ертектерінде 
кейіпкер туғанда, оның әкесі үйде болмайды: ол аң аулап 
жүреді  немесе  жорыққа аттанып кетеді, яки  болмаса сапарда 
болады.  Әйтпесе, жаңа туған баланың дауысын естісем, 
жүрегім жарылып өлермін деп, басқа жаққа кетіп қалады
36
.
Бала  туғанда әкесі үйде болмау мотиві басқа халықтар 
фольклорында да кездеседі. Әсіресе, Алтай мен Сібірдегі түркі 


[
 
 129  
]
халықтарының батырлық ертектерінде бұл мотив  өте кең 
тараған. Осы жайында академик В.М. Жирмунский былай деп 
жазады:
«В богатырских сказках тюркоязычных народов Сибири, 
(алтайцев, шорцев, хакасов и др.) богатырь – обычно сын 
бездетных  старика и старухи, достигших семидесяти, вось­
медесяти, иногда ста лет. Обстоятельства чудесного рождения 
долгожданного наследника не всегда одинаково ясны. Участие 
отца для младенца как будто не нужно: отец уезжает в 
далекую, иногда долголетнюю поездку, в поход против врага, 
чаще всего по собственному желанию или по совету жены – на 
продолжительную охоту»
37

Бұл ертегілік мотивті В. Жирмунский ғайыптан туудың 
өзгерген түрі деп дұрыс айтады да, алайда оның шығу тегін 
портеногенезисті туғызған тотемизммен байланыстырады
38
.
Сөз жоқ бұл мотив өте көне. Көне болғанда матриархат 
дәуірінде туған. Бірақ ол тотемизммен байланысты емес. Біздің 
ойымызша,  мұнда аналық ру  заманының  болмысы  көрініс 
тапқан.  Әрине,  ол өз қалпында  емес, өзгерген түрде. Ежелгі 
өмір елесі көркем  ертегіде эстетикалық қызмет атқарып, 
көркем мотив ретінде кейіпкерді дәріптеуге себін тигізіп тұр.
Ал оның түп төркіні сонау бағзы аналық ру кезінде болған 
кувада салтына меңзейді. Кувада салтының жалпы фольклорда 
көрініс тапқаны жайлы алғаш рет А. Веселовский жазған.
 
Бірақ ғалым бұл салттың шығуы жайлы анық пікір алған. 
Тек оны патриархаттың жеңуімен туған болар деген болжам 
айтады
39
.
Алайда совет ғалымдарының зерттеулері кувада салты 
мат 
 
риархат қауымына тән екенін дәлелдеп, оның әр түрлі 
өзгерістерге ұшырағанын көрсетіп берді
40
.
Бұл салттың мәнісі мынау: әйелі босанып жатқан кезде, 
екеуі төсекке жатып немесе басқа жерде әйелінің толғағын, 
алысын бейнелеп, өзі босанып жатқан кейіп көрсетуі керек 
немесе әйел босанғаннан кейін, күйеуі ауыр жұмыс істемеуі 
керек, күннің көзіне түспеуі тиіс, жауынның астында қалмауы 
керек, қатты қимылдамауы керек, т.т.
Кейін, матриархаттық қауым ыдыраған тұста кувада сәл 
өзгеше күйде көрінеді: күйеуі жас босанған әйелден аулақ 
9­279


[
  130  
]
жүруі керек. Мәселен, маланезийліктер мен африкалық және 
Солтүстік Американы мекендейтін тайпалар мен руларда әйелі 
босанатын кезде күйеуі міндетті түрде бір жаққа кетуі керек. 
Бала бір жасқа толғанша ол әйелінің үйіне келмейді. Жас 
босанған әйелге жәрдем берушілер – төркіндері
41
.
Міне, қазақ ертектері мен Алтайдың батырлық ертектерін­
дегі кейіпкер туғанда әкесінің үйде болмауы көне заман 
сал 
тының өзгерген кездегі бір түрінің көрінісі. Жоғарыда 
айтылғандай, бұл – кейіпкерді дәріптеу үшін пайдаланылған 
ғайыптан туу мотивінің даму барысындағы өзгеше сипат 
қабылдаған түрі. Негізінде, куваданың бұл түрі матриархат 
ыдырап, патриархат орныға бастаған заманда фольклорға 
патриархаттың толық жеңіп, шарықтаған кезінде кірігуі 
мүмкін. Бұл фольклорлық мотивтің көбіне­көп батырлық ер­
тегіге тән болатыны ойымызды дәлелдейді. Себебі батырлық 
ертегі көркем жанр ретінде патриархаттық қауымда қалып­
тасқаны аян.
Бертінірек, яғни патриархалды­феодалдық және феода­
лизм заманында бұл мотив сәл басқаша көрінеді. Енді кейіп­
кер­батыр дүниеге келерде міндетті түрде бір төтенше оқиға 
болады: болашақ қаһарманның не әкесі, не шешесі қаза болады 
я болмаса олар қуғында жүреді. Немесе ол туар кезде елді жау 
шабады, т.т. Қалай болғанда да, болашақ батырдың тууы бір 
ғаламат жағдаймен тұстас келеді. Бұның өзі жаңа туып жатқан 
сәбидің осал еместігін, оның келешекте керемет адам болатынын 
көрсетеді. Міне, тағы да баяғы ғайыптан туу мотивінің мақсаты 
мен қызметі. Бірақ кейіпкер кереметпен күннен, судан, 
тотемнен тумайды. Ол – адамның баласы, ал оның кереметтігі 
туардағы ғаламат оқиғамен байланыстырылады. Мұны эпос 
жанрынан анық байқауға болады. Эпос болғанда феодализм 
дәуірінде өмір сүрген эпикалық шығармалардан көруге бо­
лады. Мысал үшін қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жы­
рын, ортағасырлық француз рыцарьлық эпосы «Тристан мен 
Изольданы» немесе герман халықтарының «Эдда» сағасын 
алуға болады.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлуда» бас кейіпкердің әкесі аң 
аулап жүріп, Қарабайдың кесірінен буаз, киелі маралды атып, 


[
 
 131  
]
қаза табады. Осы кезде қайтыс болған Сарыбайдың әйелі үйінде 
ұл туады. Сөйтіп, Қозы туғанда, әкесі дүние салады.
Ал француз халқының «рыцарьлық роман» деп аталып 
жүрген «Тристан мен Изольда» эпосында болашақ кейіпкердің 
тууы трагедиялық жағдаймен байланысты. Өлең түріндегі 
текст Тристан туған кезде, әкесі қаза болады
42
. Ал проза тү­
ріндегісінде Тристан дүниеге келгенде, анасы дүние салады
43
.
Біз бұл жерде «рыцарьлық роман» деген терминді «эпос» деп 
атауымыздың себебі орта ғасырда пайда болған «романдардың» 
көбісі бұрынғы аңыз­эпостармен байланысты. Зерттеуші А.Д. 
Михайлов былай деп жазады:
«...До «романа» уже существовала разветвленная и богатая 
традиция народно­героического эпоса (так называемых «жест»)... 
Новый жанр – «роман» – был ближе всего к «жес там», ибо 
также повествовал о воинских подвигах, при мерах небывалого 
героизма и благочестия и т.д...
Между «жестом» и романом не было непреодолимой грани. 
Немало памятников носят переходный, гибридный ха рактер. 
Немало эпических поэм было переработано затем в произведе­
ния нового жанра»
44
. Ал герман халықтарының  эпосында тө­
тенше  жағдай сәл басқалау. Онда  болашақ  батыр  әкесі  жау 
қолында  олген  соң, жетімдік күнін кешіп, қиыншылық жағ­
дайда оседі. Мысалы, «Эдда» жырында әкесі жаудан қаза тап­
қан Сигурд (Зигфрид) өзінің балалық шағын өгей әкенің үйінде 
өткізеді
45
.
Төтенше жағдайдың тағы бір түрі, жоғарыда айтқанымыздай, 
болашақ кейіпкердің ата­анасы қуғынға ұшырауы. Осы 
қуғында жүргенде ерлі­зайыптылар немесе ғашықтар дүниеге 
болашақ батырды әкеледі. Бұл мотив көп жағдайда феодолизм 
дәуіріндегі фольклорға тән. Айталық, роман халықтарының 
(яғни француз бен испандықтар) «Роланд туралы жыры». 
Мұнда келешекте әйгілі батыр болатын Роланд қуғында жүр­
ген екі ғашықтан туады. Ғашықтардың бірі – ұлы Карлдың 
қарындасы да, екіншісі – тексіз рыцарь. Ро ланд өгей әкесінің 
қолында өседі.
Феодализм дәуірінде қаһарманның ғайыптан тууы тура­
лы мотив басқаша сипат қабылдайтыны жайында В.М. Жир­
мунский былай деп жазады:


[
  132  
]
«В более позднюю, феодальную эпоху мотив чудесного 
рождения героя принимает новые формы: для рыцаря типа 
Роланда рождение от воды или от яблока вряд ли могло рас­
сматриваться как достаточно благородное происхожде 
ние. 
Однако исключительный характер событий, сопровож 
даю­
щих появление на свет эпического героя, сохраняется и в 
новой героико­романической форме. Во французском ры­
царс ком эпосе Тристан, Ланселот, Парсифаль рождаются при 
трагических и печальных обстоятельствах, после смерти отца, 
погибшего в феодальных распрях или на турнире, от мате ри­
изгнанницы.
Другая «феодальная» формула необычайного рождения 
ге 
роя – рассказ о гибели его отца, верного слуги, неспра­
ведливо оклеветанного и наказанного жестоким властите лем (в 
эпических сказаниях тюркских народов – отец Кероглы, отец 
Едигея). Мальчик, потерявший отца, воспитывается среди 
простых людей: отсюда впоследствии его связь с народом, де­
мократические симпатии, характер «доброго властителя»
46
.
Дамыған феодализм дәуірінде өмір сүрген кезде  ежелгі 
ғайыптан туу немесе тотем­баба мен әулие­әнбиелер жәр­
демімен дүниеге келу басқа сипатта да көрінеді. Бұл кезеңдегі 
эпос  қаһарманның  туу  тарихын баяндамай, оның қалай 
ерекше адам болғанын әңгімелеуі мүмкін. Мысалға орыстың 
Илья  Муромецке байланысты былиналарын алуға бола ды. 
Жалпы  орыс былинасының көпшілігінде болашақ батырдың 
қалай, қандай жағдайда туғаны айтылмайды. Оның есесіне 
қаһарманның жастық шағы мен ерекше қасиеті жайлы толық 
баяндалады. Және қаһарманның айрықша адам  болып шы­
ғуы  –  оның тууымен еш байланысы жоқ. Илья  Муромецтің 
орасан күш иесі болу себебін былиналар былай деп түсіндіреді: 
болашақ батыр туғаннан бастап отыз жылдай мешел болады. 
Бір күні тентіреп жүрген диуана шал (кейде кемпір) келіп, одан 
садақа  я  сусын сұрайды. Бала мешел екенін айтады. Диуана: 
«Сен қол­аяғыңды қимылдат», – дейді. Бала қимылдатса, қол­
аяғының жаны бар. Ол зыр қағып жүріп, диуанаға қалаған 
сусынын әкеп береді. Шөлі қанған диуана  ғайып  бола ды, 
ал бала бойында  орасан  күш  бар  екенін сезініп, ата­анасына 


[
 
 133  
]
барады. Осыдан бастап ол батырлық әрекеттер істей бастайды
47

Былинада бұл былай суреттеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет