[
26
]
туралы түсінік айқын көрінеді.
Қазақтардың сары ала қаз
неме се көкек бұрын адам болыпты деген мифінің ең бір көне
варианты екені күмәнсіз. Адам мен хайуанның бірбіріне
опоңай айналып кететіні – анимистік көзқарас тұрғысынан
өте заңды нәрсе, өйткені мифтік сананың бірінші сатысында
адам мен табиғат теңдігі заңы бойынша адам да, табиғат та бір
нәрсе, бір құбылыс деп ұғылған. Сондықтан да алғашқы қауым
мифтерінде оларды бөлу жоқ. Мысалы, африкалық бушмендер
мифтерінің кейде «Ерте уақытта ағаштар да, жануарлар да
адам болған»
28
деп басталуы біздің ойымыздың дұрыстығын
дәлелдейді.
Ал енді жоғарыда келтірілген кесірткенің адам кезіндегі
дене сінен екі таудың жаралуы алғашқы қауым кезіндегі миф
тер кейін құлиеленуші мемлекет тұсындағы мифологияда
өзінің дамыған жалғасын тапқан. Көне Египет, Шумер, Вави
лон, т.б. елдердің мифологиясындағы әлем бөлшектерінің әр
түрлі құдайлардың денесінен пай да болуы – осының айғағы.
Таутастың адамнан пайда болғаны туралы қазақ мифология
сында да айтылады. Мәселен, атақты «Келіншектау», «Қырық
қыз», «Жеке батыр» деп аталатын таутастардың пайда болу
тарихы осылай әңгімеленеді. Рас, олардың пайда
болу себебі
әр түрлі. «Қырық қыз» тауы адамдарға төнген қауіптен пай
да болса, «Жеке батыр» адамның қатты шаршап, ұйықтап
кетуінен пайда болады. Ал «Келіншектау» – әке қарғысынан
тауға айналған адам, яғни, мұнда рухиелік мифологияға тән
кінәлі адамды жазалау әдісі көрініс береді.
Адамдардың пайда болуы. Осы уақытқа дейін біз жер
бетіндегі объектілер мен жанжануарлардың пайда болуы тура
лы мифтерді сөз қылдық. Енді адамдар
қалай жаралғаны жайлы
мифтерді қарастырамыз. Алғашқы қауымның архаикалық
мифтерінде адамның пайда болу жолы (әдісі) әр алуан: адам
дар өзөзінен пайда болған, олар ағаштан (бамбуктан), т.б. зат
тардан немесе аңнан адамға айналған, яки болмаса, оларды
жасампаз қаһармандар әр нәрседен жасаған. Мына бір көне
мифке көңіл бөлейік:
«Бушмендердің бабалары жердегі тесіктен шыққан.
Тесік
бүкіл елді басқан алып ағаштың тамырларының арасында екен.
Адамдардың артынан ілешала жануарлар да шығыпты: екіден,
[
27
]
үштен, төрттен, кейбірі – топтобымен. Бәрі жанталасып, бірін
бірі итеріп, жаншып аласұрыпты. Біртебірте топтар көбейіп,
енді аңдар ағаштың тамырларынан ғана емес, бұтақтарынан
да шыға бастапты. Күн батқан кезде хайуандардың шығуы
тоқтапты. Жер бетіне шыққан аңның бәрі алып ағаштың асты
на, маңайына орналасыпты. Аңдар адамша сөйлейді екен...»
29
.
Текстен байқалатын нәрсе – алғашқы адамдардың өзөзінен
пайда болғаны. Оларды ешкім жасамаған Жердің астында олар
аңдармен бірге өмір сүрген, яғни аңдар мен адамдардың өмір
салты, тілі бірдей, олардың карымқатынасы да адам қауы
мындағыдай...
Екінші мысалға тоқталайық:
«Бір замандарда Сангаста демалар
(керемет нәрселер, ілкі
Достарыңызбен бөлісу: