1-тапсырма. Қазіргі қазақ орфогрфиясы мен пунктуациясында соңғы 10 жылда қолданысқа енген терминдердің глоссарийін жасаңыз, сөзжасамын талдап, оған қатысты ой бөлісіңіз.
Библиография сипаттамада автордың атыжөні, шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі, көлемі туралы мәлімет беріледі.
Транзитив етістік басқа құрылымдық элементтерге қатынасына сілтеме жасайтын етістіктер мен ережелерді жіктеу әдісі болып табылады.
Ареалдық лингвистика лингвистикалық ареалдарды зерттеумен айналысатын тіл білімінің бөлімі; лингвистикалык ареалды зерттеуге ерекше мән беретін тіл біліміндегі бағыт.
Жанарғы газ бен ауаны алдын ала араластырмаушы зат
2-тапсырма. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіндегі қайшылықтарды анықтап, сараптамалық конспект әзірлеңіз.
Қазақ орфографиясында қайшылықтар бар ма? Сөз жоқ, бар. Қазір қолданылып жүрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін»[1] қолына алып, үңіле қараған кісіге ондай қайшылықтардың біразын табуға болады. Мәселен, онда бірде гүрбік (95), дастарқан (98), жанжәбіл (125), күжбан (179), мығыр (248) түрінде жазылған сөздер екінші жерде күрбік (182), дастархан (239), жемжәбіл (135), құжбан (217), мықыр (248) түрінде жазылған. Сондай-ақ, бір жерде бірге жазылған сөздер екінші жерде бөлек жазылады. Мысалы: бозғанақ – бос қонақ (73), бозшағыл – боз шағыр (73), қараот (199) – қара от (198), сарала (285) – сары ала (286), теміржолшы – темір жол (328), алаөкпе – ала өкпе болу (34), қарақұрт (199) – қара құрттай қаптады (198), құртқа шаш (222) – батпақ құртқа шаш (64) т.б.
Осы қатарға дыбысталуы жағынан бірдей сөздердің бірде Ботагөз (кісі аты), жарғанат, көгорай, сарыгідір, сүттіген болып, бірде ботакөз, жарқабақ, қарғакөз, майқара, қарақұрт болып, әр түрлі жазылып жүргендіктерін де қосуға болады. Бұл шағын еңбекте бұл сияқтылардың бәрін түгелдей тізіп шығу мүмкін емес. Сондықтан біз ол қайшылықтардың басты деген бір–екеуіне ғана тоқталып өтелік. Олардың біріншісі – үндестік заңының сақталу – сақталынбауына байланысты қайшылықтар, екіншісі – біріккен сөздердің жазылуына байланысты қайшылықтар.
Қазақ тіліндегі үндестік заңы – ұлы заң. Бұл заң болмаса қазақ тілі тіл болудан қалады. Оны жеке тіл атандырып жүрген де осы заң. Амал не, тіліміздің де, грамматикамыздың да орыстануына байланысты бұл заң көңілдің көк жиегінен алыстап, елеусіз қалды. Оқулықтарымызда ол заң туралы ат үсті ғана айтып, тиісті қағидаларын айтудан гөрі, оның қолдан жасалған қайшылықтарын көрсетуге, оған бағынбай жүрген қосымшаларды тәптіштеп санап шығуға көбірек көңіл бөлетін болдық.
Сол арқылы «бұл заң ескірген, тілде оны сақтау міндетті емес» дегенді қазақ зиялыларының санасына сіңдіргіміз келеді. Сондағы мақсатымыз – тілімізге орыс тілінен және орыс тілі арқылы үнді- еуропа тілдерінен енген сөздерді үндестік заңына бағындырмай айтқызып, бағындырмай жазғызу. Ол сөздердің шет жұрттан келгендігін, дыбысталуы жағынан тілімізге жат екендігін, аққа қара жапсырылғандай болып, көзге де, көңілге де оғаш көрініп тұратындығын білдірмеу, байқатпау, тіпті болмаса тігісін жатқызу.
Мұны оқу бағдарламасындағы үндестік заңын оқытуға бөлінген сағат санының аздығынан-ақ көруге болады. Онда қазақ тілінде жоқ В, Ё, Ф, Х, Ц, Щ, Ч, Ъ, Ь, Э, Ю, Я әріптерін үйрету мен олардың жазылуына және орыс тілі арқылы келген сөздерге қосымшалардың қосылуына, сондай-ақ, тілімізде атымен жоқ екпін деп аталатын категорияны оқытуға небәрі 16 сағат қана бөлініпті. Біз бұған дейін тарихи құбылыстардың бәрін «Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі» деп екіге бөліп, «дейінгісін» жамандап, «кейінгісін» аяғын жерге тигізбей мақтап келдік. Ал шындығында Қазан төңкерісіне дейін қазақ тіліне енген араб-парсы сөздері ғана емес, тіпті орыс тілінен енген сөздердің өздері де үндестік заңына бағынып айтылғандығын, бағынып жазылғандығын жоққа шығармайық. Мысалы, бәтеңке, болыс, бөрене, жандарал, жәрмеңке, кәмпит, кәрзеңке, кереует, көшір, нөмір, ояз, резеңке, сәтен, сиса т.б.
Қалай Кеңес өкіметі орнады, солай бәрі де өзгеріп шыға келді. Бұрыс дегеніміз – дұрыс, дұрыс дегеніміз – бұрыс болды. «Өзге тілдің сөздерін әр тіл өзіне ыңғайластырып қабылдайды» деген заң қате болып, жат сөздерді тілімізге сол жат күйінде алсақ, сол дұрыс болып шықты. «Ғылымның дамуы», «халықтардың мәдениетке жетуі» дегендер осы бұрыс заңды қабылдасаң ғана жүзеге асатындай ұғым туғызылды.
Әлгі солақай саясаттың салдарынан болуы керек, қазан төңкерісінен кейін шет тілдерінен енген сөздердің бәрін үндестік заңына бағындырмай, олардың өздерінде қалай айтылып, қалай жазылса, бізде де солай айтылып, солай жазылатын болды. Соның нәтижесінде тіліміздің түп қазығы болған – үндестік заңы бұзылды. Көптеген сөздер бұл заңға бағынбай жазылатынды шығарды. Шет тілдерінен келген сөздерге қосымша үндестік заңы бойынша қосылмай, жуан сөзге жіңішке қосымша, жіңішке сөзге жуан қосымша қосылатын болды. Мысалы, ось – осьтер, осі, цех – цехқа, цехтан, парк – парктен, паркке, паркі т.б.
Біздің қазақ тілі орфографиялық сөздігіміздегі үндестік заңына бағынбай жазылып жүрген сөздерді екі топқа бөліп қарастыруға болады. Оның бірі – орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа еуропа тілдерінен енген сөздер. Екіншісі – араб-парсы тілдерінен енген сөздер. Орыс тілі арқылы енген сөздердің үндестік заңына бағынбай жазылып жүргендігін түсінуге болады. Себебі алдыңғы ағаларымыз бен апаларымыз «Орыс тілінен және орыс тілі арқылы еуропа тілдерінен енген сөздерді орыс тілінде қалай айтылып, қалай жазылса, қазақ тілінде де оларды солай айтып, солай жазу керек», - деген заң шығарған . Ал араб-парсы тілдерінен енген сөздерге байланысты мұндай заң жоқ. Соған қарамастан ол сөздердің де біразын үндестік заңына бағындырып, біразын бағындырмай жазып жүрміз.
С.Мырзабекұлы «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіндегі» үндестік заңына бағынбай жазылып жүрген араб-парсы сөздерінің жалпы саны жүз шақты дегенді айтады [3]. Шындығында да мұндай сөздердің саны одан көп болмаса, аз емес. Мәселе олардың санында емес, жазылу ұстанымында (принципінде). Шығу тегі, қолдану аясы бірдей сөздердің біразы үндестік заңына бағынып жазылады, біразы оған бағынбай жазылады. Неге олай? Себебі не?
Қазақ тілі оқулықтары мен орфографиялық сөздіктерінде бұларға ешқандай жауап жоқ. Анығырақ айтсақ, бұл құбылыс, ешқандай заңға негізделмегендіктің салдарынан болып отыр. Әйтпесе, дыбыстық құрамы мен құрылысы жағынан бірдей сөздердің жартысы үндестік заңына бағынып, жартысы оған бағынбай жазылар ма еді?!
Жасыратыны жоқ, жазуымыздағы ала-құлалықтың үш түрлі себебі бар. Оның біріншісі – тілімізге араб-парсы және орыс тілі сөздерінің көптеп енуі. Екіншісі – орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа да еуропа тілдерінен келген сөздерді өзгертпей жазғызу үшін, 12 орыс әрпінің (дыбысының) қазақ тіліне зорлап ендірілуі. Үшіншісі – кірме сөздерде үндестік заңының сақталынбауы.
Бұлардың ішіндегі ең негізгісі деп, біз олардың екінші, үшінші түрлерін айтқан болар едік. Яғни жазуымыздағы ала-құлалықтың басты себебі – тіліміздегі үндестік заңының бұзылуында болып отыр. Осы заңды елемей, ескермей, аяқ асты еткендігімізде болып отыр.
Осы жерде біз сөздердің айтылуы мен жазылуы арасындағы алшақтық оқушылардың да, мұғалімдердің де титығына әбден жетіп болды десек, мұнымыз артық айтқандық болмас еді. Өйткені мектепте балаларға үндестік заңын оқытып, «Қазақ тілінің заңы осылай» деп үйретеміз де, ал жазуға келгенде ол заңды сақтамаймыз. Оқушыларымыз диктант жазғанда үндестік заңын сақтап, мұғалым, кітәп, зәрезәп, кәстірөл, кәдір, кәзір, кәнден, қабыр, қауып, онықы, мұнықы деп жазса, «жоқ, бұларың қате (бұл сөзді «кәте» деп жазса, «қате» болмай қалатындай-ақ), оларды орфографиялық сөздік бойынша мұғалім, кітап, зәрезап, кастрөл, қадір, қазір, қанден, қабір, қауіп, онікі, мұнікі деп жазу керек» дейміз де, дұрыс жазылған сөздерді қатеге түзеп, ол аз болғандай, саналы балаларға «санасыз» орфографиялық сөздіктің соңынан жүрмегендіктері үшін, екілік баға қоямыз. Осынымыз жөн бе?!
Өзіміз «былай» деп үйретеміз. Оқушылар «солай» деп жазса, «жоқ, мыналарың қате» дейміз. Қазақ тілінің заңы мынау деп оқытамыз, сөйтеміз де орфографиялық сөздігімізді оған қарама-қарсы түзіп (жасап) береміз. Онымен қоймай, оқушылар сөздерді айтылуы бойынша жазса, өзіміз қате түзіп берген орфографиялық сөздікке қарамадың деп, оларды жазғырамыз. Сонда оқушылар біздің қай сөзімізге сенеді?
Бұған мысал ретінде біздің орфографиялық сөздігімізде құжбан сөзінің бірде күжбан деп, бірде құжбан деп, екі түрлі вариантта жарыстырыла алынғандығын келтірсек те жетер деп ойлаймыз. Өйткені бұл сияқтылардың басты себебі біреу ғана. Ол – орфографиялық сөздікті түзушілер тілімізде бірде жуан, бірде жіңішке айтылатын әлгі сөздерді айтылуы бойынша екі жерге алып жіберген болуы керек
Күжбан демекші, осындағы -бан қосымшасын кейбіреулер: «Бұл араб тілінің қосымшасы. Ол қандай түбірге болса да, өзінің жуан қалпын сақтап қосылады» - дегенді айтқысы келеді. Жарайды, ол солай-ақ болсын делік. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіндегі» мейірбан, мейман, шадыман сөздеріндегі жуан қосымшаларды да осы заңға сыйғызайық. Ендеше, арабтың қадірмен сөзіндегі -мен қосымшасы неге жуан емес? Өзіміздің аларман, берермен («Аларманға алтау, берерменген бесеу көп»), шабарман, өлермен, білермен деген сияқты сөздеріміздегі -ман, -мен қосымшаларын қайда қоямыз? Олардың үстіне кейіннен жасалған оқырман, көрермен деген сөздерді қосыңыз. Сонда араб-парсы тілдерінен келген қосымшалар үндестік заңына бағынбайды деуіміздің өзі асығыстық болып шықпай ма?!
Жоғарғылар сияқты жуан қосымшалы сөздерді неге жіңішке түрде жазбасқа. Мәселен, ділмәр, діндәр, білімдәр, күнәкәр, дәуірнәмә деген сияқты. Біздіңше, бұлай айтуға да, жазуға да әбден болатын тәрізді.
Ойымыз түсінікті болу үшін, мәнбіге (фактіге) жүгінейік. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде мүбәда, мүкәммал, пәруар, пәтуа, пірәдар, рәсуа, сөзуар, тәкаппар, тілмар, тілмаш, уәзипа, уәлаят, хакім, хасіл, хикая, шәрбат, іждағат, ілтипат деген сияқты т.б. біраз сөздер үндестік заңына бағынбай жазылған. Неге?
Дәл осылар сияқты бір кездегі араб-парсының ғадет, ғаділ, ғиззат, қибла, құдды, мүдда сөздері біздің тілге енген соң, олар әдет, әділ, ізет, құбыла, құды, мүде болып, қазақ тілінің үндестік заңына сай, әп-әдемі болып өзгеріске түсіп кеткен жоқ па еді?!
Жоғарыдағы сөздердің солай жазылып жүргеніне (яғни аралас буынмен жазылуына) күнәлі – тағы да өзіміз. Кірме сөздерді айтылуы бойынша жазбай, басқаша айтсақ, ғасырлар бойы әбден қалыптасып кеткен табиғи заңымыз – үндестік заңына бағындырмай, араб-парсы тілдерінде қалай айтылып, қалай жазылып жүрсе, ол сөздерді бізде солай айтып, солай жазуға тырысамыз. Сөйтеміз де, біріншіден, тілдің даму заңдылығына жасанды түрде тежеу саламыз, екіншіден, сөздердің бірнеше нұсқасын туғызып, жазуда ала-құлалыққа жол береміз.
Әдетте біз дыбыстарды оқытқанда: «Қ» дыбысы – жуан, ол сөз ішінде тек жуан дауыстылармен қатар тұрады. Ал «К» - жіңішке дыбыс. Сондықтан ол тек жіңішке дауыстылармен тіркесіп айтылады», - деп үйретеміз. Шындығында солай ма?
Орфографиялық сөздікке үңіліп көрелікші:
1. Қабілет, қабір, қағілез, қадім, қадір, қазір, қайтіп, қапер, қасиет, қасірет, қате, қатер, қатім, қауіп, қорек, құдірет т.б.
2. Кәззап, кәлима, кәмшат, кәусар, күжбан, күләпара, күләпсан, күнәкар, күнәла, күстана, күшала, кінәла, кінәрат, кірпияз, кіріптар, кітап т.б.
Байқап отырған боларсыздар, бірінші нөмірлі сөздер жуан буыннан басталып, жіңішке буынға аяқталып тұр. Ал екінші нөмірлі сөздер, керісінше, жіңішке буыннан басталып, жуан буынға аяқталып тұр. Сонда балаларға үйреткен, әлгіде ғана айтылған ережеміз не болды?
Ережеде гәп жоқ. Гәп орфографиялық сөздігімізде. Жоғарыдағы сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке жазылуы керек еді. Амал не, біздің орфографиялық сөздігіміз олай етпеген. Бұлар сияқты сөздердің сөйлеу тіліміздегі айтылуына келсек, олар қадыр – кәдір, қазыр – кәзір, қайтып – кәйтіп, қата – кәте, қауып – қауіп түрінде бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Сөйлеу кезінде орфографиялық сөздікте жазылғанындай қадір, қазір, қайтіп, қате, қауіп деп, аралас буында айтылғанын (жазуда болмаса) біз естіген жоқпыз. Олай болса, бұл сөздерді орфографиялық сөздікке алғанда олардың жуан-жіңішке сыңарларының біреуін ғана таңдаған жөн еді [5].
3 тапсырма Қазақ тілінің электронды түсіндірме, орфографиялық, орфоэпиялық сөздігі біріктірілген (мысалы: құлын [құлұл] – жылқы төлі) жобасын әзірлеңіз, таныстырылымын жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |