Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет103/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   369
, promontorium,
түзеді. Сегізкөздің алдыңғы немесе жамбастың беті, 
faciespelvina,
ойыс 
келеді. Онда көлденең сызықтар, 
Ііпеае transversae,
омыртқалардың 
қосылған жерлері, ал осы сызықтардың ұштарында жамбастық сегізкөз 
тесіктері, 
foramina sacralia pelvina,
байқалады. Сегізкөздің дорсалды 
бетінде, оларға 
foramina sacralia dorsalia
сәйкес келеді. Оның бойында 
омыртқалардың жеке бөліктерінің қосылуынан түзілген 5 қыр жатады. 
Олар қылқанды өсінділердің бітісуінен түзілген - тақ қыр, 
crista sacralis
mediana,
орта сызық бойында, оның жанынан жоғарғы және төменгі 
буындық өсінділердің бітісуінен түзілген - жұп аралық сегізкөз қырлары, 
cristae sacrales intermediae
және олардан латералды көлденең өсінділердің 
бітісуінен түзілген - жұп латералды сегізкөз қырлары, 
cristae sacrales
laterales.
Сегізкөз тесіктерінен сыртқа қарай көлденең өсінділер мен 
сегізкөздің бүйір қабырғаларының қосылуынан түзілген - сегізкөздің 
латералды бөліктері, 
partes laterales,
жатады. Олардың латералды 
жақтарында мықын сүйектерімен буындасуға арналған құлақтәрізді 
(auricula)
иілген буын 
беттері, facies auriculares,
орналасады.
Олардың әрқайсысынан артқа карай сегізкөз бұдырмағы, 
tuberositas
sacralis
(бұлшықеттер мен байламдардың бекитін жері), орналасады. 
Сегізкөздің ішінен сегізкөз өзегі, 
canalis sacralis,
өтеді, ол омыртқа 
өзегінің жалғасы болып табылады. Адамда құйрықтың жоғалып, 
құйрық бұлшықетінің редукциялануынан, сегізкөз омыртқаларының 
сәйкес бөліктері де редукцияланады. Сондықтан сегізкөз өзегі өзінің 
төменгі бөлігінде тұйықталмай, сегізкөз саңылауымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет