tuber calcanei, түрінде
жуандаған, ұзарған пішінге ие болған.
Асықты жілік сирақ сүйектерімен (жоғарғы жағында) және
қайықтәрізді сүйекпен (алдыңғы жағынан) буындасуға бейімделген,
оның үлкен және буындық беттерінің болуы осыған байланысты.
Тілерсектің үлкен ауырлық көтеретін басқа сүйектері де едәуір
қомақтанып және аяқ ұшының күмбез пішініне бейімделген.
1. Асық топай сүйек,
talus, алдыңғы жағында тарылған мойынға,
collum tali айналатын денеден,
corpus tali тұрады; мойын қайықтәрізді
сүйекпен,
facies articularis navicularis буындасуға арналған буындық
беті бар сопақ дөңес баспен,
caput tali аяқталады. Асық сүйек денесінің
жоғарғы жағында сирақ сүйектерімен буындасуға арналған шығыршық,
trochlea tali, орналасады. Шығыршықтың жоғарғы буындық беті
, facies superior асықты жіліктің дисталды буындық бетімен буындасатын жер,
алдынан артқа қарай дөңес және фронталды бағытта сәл ойыс. Оның екі
жағында жатқан шығыршықтың екі бүйір буындық беттері,
facies m alleolares m edialis et lateralis толарсақтармен буындасатын жер болып
табылады. Латералды толарсаққа арналған буындық беті,
facies m alleolares lateralis төменгі жағында асық сүйек денесінен шығатын
бүйір өсіндісіне,
processus lateralis tali, иіледі. Шығыршықтың артында
асық сүйек денесінен m. flexor hallucis longus сіңірі өтуге арналған
кішкене жүлгемен бөлінген артқы өсінді,
processus p o sterio r tali, шығады. Асық сүйектің төменгі жағында өкше сүйегімен буындасуға
арналған екі (алдыңғы және артқы) буындық беті болады. Олардың
арасымен терең жүлге,