Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Есболат Айдабосынның «Қоңыр боти»



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата30.06.2023
өлшемі437,19 Kb.
#103861
  1   2   3
Байланысты:
Қоңыр боти Е.Айдабосын



Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Есболат Айдабосынның «Қоңыр боти» әңгімесінің осы электронды нұсқасын 
таратуға рұқсат бермеймін. Бұл шығарма kitapjaris ұйымдастырған кітап сайысында 
оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп 
сенемін. 
«Денсаулық-зор байлық»
(Халық даналығы) 
1-БӚЛІМ 
- Қадронды әйелі тастап кетіпті. Бір апта болды үйіне келгелі....
Ауылға барған бетте анамның айтқан алғашқы жаңалығы осы. Қант-шәй салынған 
қара дорбаның бірін босатып, екіншісінің сыдырмасын саусаққа ілген бетім еді, 
желкемнен біреу түйіп жібергендей кӛзім қарауытып кетті.
- Не үшін дегенді аузыммен ауа қармап, алқынып жатып әзер айттым.
- Денсаулығы бітті ғой байқұс баланың, баяғы ревматизм жүрекке шапқан, ана 
жылы жүрегіне операция жасатқанын білесің. Енді инсульт алып, құлапты. Әйелі темір 
жолдың қызы болатын: «Екі баламды бағамын ба әлде саған қараймын ба»,- деп үйінен 
қуып шығыпты шәрмӛңке. Ашуланып тұрсам да анамның ат тергегіштігіне еріксіз езу 
тарттым. Ағайын-туған тұрмақ ауыл-аймаққа ат қойып, айдар тағып алғыш... Әрі онысы 
ӛзіне жарасымды. Бақанастағы қайын сіңлісін құмдағы қыз десе, ол тұратын Ақкӛл құмды 
ауыл болып кеткелі қашан, ал ӛзінің тӛркіні - Дегерес, Бесмойнақ секілді тау ішіндегі 
елді-мекендерді «тӛс, тӛстегі ауыл» деп бір ауыз сӛзбен қысқа қайырады. Ауылға келін 
боп түскен сіңлілерін шайға шақырып, кӛже тамыр болып жүретін бауырмал ӛзі. «Біз 
тӛстің қызымыз» деп кейде кеуделеп кететіні де бар. Енді міне Қазақстанның әлдебір 


түкпіріндегі әлдебір бекеттен шыққан Қадронның келіншегіне «темір жолдың қызы» 
деген ат бұйырыпты.
-Ойбу, обал-ай,- деп әйелім сӛзге араласты. «Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы 
қатынға сенбе»,- деген. 
- Е.. балам-ай, денсаулығың болмаса, ешкімге де керек емессің! Бұл сӛзді анам 
маған қарата айтқаны рас. Ешқандай арам ойсыз айтқаны да белгілі. Бірақ «қызым саған 
айтам, келінім сен де тыңда» қағидасын жіті меңгерген ауыл әйелінің келініне жасаған 
құлаққағысы екені тағы анық... 
Қадронның әйеліне бола адуынды енесінен сӛз естіп қалған әйелім томсырайып 
барып басылды, ал келінін ренжітіп алдым ба дегендей шешем: 
-Менің де аяғым сырқырайтын болып жүр , Алматыға барып қаралмасам болмайтын 
секілді деп былғары мәсісінің сыртынан балтырын уқалап, зілсіз айтылған айыптауды 
жуып-шайғансыды. Ал мен ол екеуін оңаша қалдырып, қораға қарай бет алдым. 
*** 
Оның ӛз аты - Қадірбек еді, бірақ елдің бәрі Қадрон дейді. Менен бір жас үлкен, 
кӛрші тұрдық, тату болдық дей алмаймын, екі күннің бірінде балапан қораздарша 
шоқысып-тебісіп қалатынбыз. Екі үйдің бақшасын бӛліп тұрған сымтемірден тоқылған 
қоршау біз үшін мемлекеттік шегарадай маңызды. Ол ар жағын, мен бер жағын күзететін 
қырағы сарбазбыз. Екеуміздің келісімізсіз бұл шегарадан тірі жан арлы-бері ӛтпеу керек. 
Қадрон талай мәрте менің Ақтабан кәндегімді рагаткамен атқылап, қыңсылатып жіберген. 
Мен де есемді жіберген емеспін. Қадронның қияр,қызанаққа құмар жалмауыз қара 
тауықтары территорияма кірсе, террорист кӛргендей тырқыратып қуалаймын.
-Тауықты таспен ұрма,- деп ол айқайлайды. 
-Таспен емес боқпен ұрдым деймін бетбақтырмай. Жалма-жан жер сипалап, 
сиырдың жапасын, жылқының жұмыр тезегін іздеймін. 
-Соқ ӛтірікті....Бұзауың суға келгенде құйрығын бұрап жіберейін бе тура... 
-Ӛзіңнің құйрығың бұралып қалмасын.. 
-Не? 
-Же.. 
Екі жақтың бүгінгі дипломатиялық байланысы осы диалогтармен үзіледі. Аз ғана 
үнсіздіктен соң соғыс басталады. Шіріген алма, ұрықтанып кеткен қияр, жарамсыз қауын-
қарбыз, тас пен тезек басты қаруымыз. Тисе терекке, тимесе бұтаққа деп лақтыра береміз. 
Бастысы атқылаған «бомбамыз» қарсыластың ауласына барып жарылса болғаны. Мұндай 
қақтығыстарда жеңген мен жеңілген болмайды. Лап етіп тұтанған соғыс ӛрті үлкендер 
кӛріп қойса жалп етіп жылдам сӛне қалады. Сырт кӛзге солай кӛрінгенмен ішіміздегі 
жаулық оты сӛнбейді-ау, бықсыған қоламта секілді күні бойы түтіндеп жүреміз. Реті келсе 
ӛш алуды ойлап кектеніп, кіжінеміз. Ал кейде екі жақ армансыз атқыласамыз, шағын 
соғысымыз сілікпеміз шығып шаршағанға дейін созылады. Қадронның бір жақсы жері кек 


сақтамайды. Бұлқан-талқан болып боқтасып жатқан кезде де қалжыңын қыстырып, 
күлкіге айналдырып жіберуі тез. Екеуміздің қанша мәрте шекара маңында шекіскеніміз 
есімде жоқ, әйтеуір шекіссек те кетіскен емеспіз. Бүгін тӛбелессек, ертеңіне ол келіп 
тұратын ысқырып, немесе мен барамын флягымды қаңғырлатып... Оның үйінің тұсында 
кәтек қайнардың құдығы бар, су аламын....Мені кӛре салып ол шығады жымыңдап. 
Шекеміз тырысып, шылтиып тұрсақ та, артынша шынашақ айқастырып қайта достасамыз. 
-«Дос, дос... алдағанның басын кес»,- деп серттесеміз. Құшақтасып алып «Батыр 
бала Болатбекті» дуэтпен айтамыз.
***
Қадрон ұзын бойлы, аққұба ӛңді бала. Менің жайым белгілі, оның белінен келем, 
екеуміздің түрімізден сондықтан ұқсастық іздеп керек емес. Бірақ екеумізді бір нәрсе 
жақындатса ол- кенжелігіміз. Ол үйіндегі үш ұлдың соңғысы, менің екі ағам, бір 
қарындасым бар, яғни ұлдан кенжемін. Кенже баланың қандай болатыны белгілі, бізде кӛп 
кенжелердей ерке, ойынқұмар, тентек едік.
Қадронды атам Иембергеннің баласы дейтін. Иемберген шақылдаған ашуланшақ 
шал еді. Менің атам секілді атқа мініп алып, ел адақтайтын қыдырымпаз емес, үйкүшіктеу 
болатын. Кӛп ешкіммен сырласпайды, ӛзі құралпы қариялардан саяқтау жүреді. Атама 
күніне ауылдың насыбайшы шал-кемпірлері кезегімен келіп, насыбай атып, әңгіме-дүкен 
құрады. Ол кісіге барып жатқан тірі пенде байқамалмайтын. Біз кӛргелі біреуге бір сабақ 
жіп ары, бір сабақ жіп бері бермей бұйығы тірлік кешті. Біздің үйдің ӛткір балтасы, жақсы 
айыр-тырмасы, су таситын арба-шанасы кӛрші-қолаңды қыдырып жүреді. Кімге қажет 
болып қалды сол келеді де алып кете береді. Ескертіп, сұрап алса құдайдың жӛні-ау, 
құдды ӛзінің дүниесіндей қолына іледі де жүре береді. Ал сосын шарқ ұрып ізде...Ақыры 
бір кӛршінің үйінен табасың. Біздікі ғана емес, басқалардың құрал-сайманы да сол. Кім 
шӛп шабады, жақсы шалғы, айыр, тырма сол үйге тасылады. Кім ағаш кеседі, ара мен 
балта да солай қарай шұбырады. Осы бір ауыс-түйіске тек Қадронның үйі араласпайды. 
Үнемі ӛз қотырын ӛзі қасиды. Иемберген шалды былайғы жұрт «неміс» деп келеке 
қылатын. Біз де Қадронмен соғысып қалған кездері оны «фашист» деп мазақтаймыз. 
Мәніне оншалықты тереңдемейміз, ел айтқан соң балалар да айта береді. Басқа қалжың-
оспақты басынан асырып жүре беретін Қадрон үшін «фашистен» ауыр сӛз жоқ. 
Намыстанғаннан қып-қызыл болып кететін, «езуіңді тілем әкеңнің....» деп тістене 
селкілдейді. Қолына түскен затпен жіберіп ұрудан тайынбайды. Сондықтан «фашист» 
деуге кӛп ешкімнің дәті бармайды.
Қадронның атасын неміс, ӛздерін отбасымен неліктен фашист деп атау себебін 
кейіннен ұққандаймыз. Иемберген соғысқа ә деп кірген бетте тұтқынға түсіп, бес жыл 
бойы абақтыда азап кӛріпті. Кейіннен босанып шыққан соң да, Кеңес одағы майдан кӛрдің 
ғой деп маңдайынан сипай қоймаған. Қайтадан жер аударып, қара жұмысқа салған, 
«сатқын» деп үнемі қадағалауда ұстаған. Содан ба екен әйтеуір, Иемберген ата күдікшіл, 
күмәншіл еді. Әлденеге ӛкпелі адамдай жарты ғұмырын жабырқаулы ӛткізді. 


Әлі есімде...Мамыр айының тоғызыншы жұлдызы болатын. Атам екеуміз Керқоянға 
мінгесіп, Жеңіс тойына арналған мерекеге бет алғанбыз. Қадрон есік алдындағы арық 
суына қайық жіберіп ойнап отыр екен.
-Әй, Иемберген қайда деді атам оны кӛре салып. 
-Ұйықтап жатыр. 
-Ұйықтағаны несі...Әй Иемберген, Иемберген-ай.... бала құсап..... Атам аттың басын 
Қадронға қарай бұрды. Шарбаққа Керқоянды байлай салып, омырауындағы ордендерін 
сыңғырлатып, үйіне кірді. Артынан екеуміз ілестік. Есіктен ентелей енген сәтте 
байқағаным Қадронның үйінде мерекелік кӛңіл-күй сезілмейді. Қаракӛлеңке қоржын 
тамға әлі кӛктем кірмегендей, ызғар еседі. Тӛрге тақау салынған сықырлауық керуетте екі 
бүктетіліп біреу ыңыранып жатыр. Иемберген ата екен. 
-Ә, Әкімбаймысың деп басын кӛтерді біз барғанда. Иембергеннің аяқ жағына 
жайғасып отырған атам бізді байқай салып: 
-Әй екеуің кенералдың адюданты құсамай Керқоянды суғара салыңдаршы, 
ертеңгілік ұмытып кетіппін деп бізді жұмсап жіберді. Атамның тапсырмасын орындай 
сала, Қадрон екеуміз бұтақтарды бір қарыстан сындырып алып қайық жасадық. Ол он, мен 
он қайық шығарып, жарыстыруға кірістік. Атыздағы судың ағысына қайықтарды тастай 
саламыз да, құстай ұшып, екі жүз қадамдай жерден тосамыз. Кімнің қайығы бұрын жетеді 
сол адам жеңімпаз. Қайық қуалап жүріп, әудем жерге ұзап кеткен екенбіз, атамның 
дауысы шыққанда ғана бүгін мектептегі мерекеге баратыным есіме түсті. Атам Керқоянға 
мініп алып, кӛшеде күтіп тұр екен. Иемберген ата екеуі не туралы әңгімелескенін қайдам, 
әйтеуір жүзі жабырқаулы, жанары жасаураған. Иемберген ата да Қадрон да жеңіс тойына 
барған жоқ. Сол күні кешкісін атам аяғына жағып жүретін медициналық спиртін 
жартылыққа құйып алып, Қадронның үйіне кеткен. Содан түн жарымында әжем барып 
әзер ертіп келді.
-Қартайғанда намазыңды бұзып, бұ не қылғаның деп әжемнің күңкілдеп 
жүргенін....Ал атамның: 
- Әй кемпір-ай! Сен не білесің, сендер немістің атын естіп шошып жүргенде 
Иемберген сорлы солардың пленінде болған пенде. Ол пақырдың кӛңілін аулағанымды 
жасаған ием кешірер деп күбірлеп жатқанын құлағым шалды. Артынан атам мен әжемнің 
бӛлмесінен орыс тіліндегі әлдебір әскери ән естілген.
Атам кӛңілденген кездері «Катюшаны» ыңылдап айтушы еді. 
*** 
Қадрон екеуміз ӛсе келе жауласуды мүлдем ұмытып жақындасып кеттік. 
Шекарадағы шағын соғыстар мен бірде тату бірде араз қылған дүрдараздық тоқтады. 
Достық қарым-қатынас мығым орнады. Бізді жақын қылған кӛршінің ақысы ғана емес, 
кӛшенің намысы... Жаз болса кӛше-кӛше болып бәстесіп асық, футбол ойнаймыз, есек 
кӛкпар тартамыз, қыста «ауылдың ақ олимпиадасын» ӛткіземіз. Біресе жоғарғы кӛшенің, 


біресе тӛменгі кӛшенің балалары келеді топырлап. Кӛтеріліске шыққан мұжықтар секілді 
бәрінің қолында бір-бір таяқ. Күнұзақ қызылшеке болып хоккей ойнаймыз. Хоккейден 
жалыға бастасақ самоход, коньки жарыстырамыз одан қалса мәшинеге жабысамыз. 
Біздің кӛшенің намысын қорғайтын «батырдың» бірі Қадрон. Ойын десе сорайып 
алып алдына жан салмайды. Қадрон футбол мен хоккейде кӛбіне қорғаныс шебін күзетеді. 
Сирағы ұзын, соққысы жойқын. Жүгіріп келіп бар пәрменімен тепкен добы, 
қарсыластардың айып алаңына жетіп жығылатын. Хоккейде де сырықтай уықты ( киіз 
үйдің уықтарын шығарып алып хоккей таяқшасының орнына қолданамыз) құлаштап 
сермегенде қара шайба ақ қардың үстімен зырылдап барып, қақпадан табылады немесе 
әлдекімнің аяғына ұрылады. Шайба тиген баланың маңдайының соры бес елі, тобығын 
ұстаған күйі ойбайлап бірер домалап тұрады. Қадронның осындай алапат ұрысынан ӛзге 
кӛшенің майда балалары сескенеді, қасына жоламай алыстан қашады. Олар қорыққан 
сайын Қадрон ӛршелене түседі. Кей кездері шайба жерден кӛтеріліп кетіп, ауада допша 
қалықтап ұшатын. Ондайда қарсыластар «таяқшаны кӛтеріп ұрды, қараулық жасады» деп 
Қадронды бес минутқа ойыннан шеттеді. Ол ойыннан шеттеді дегенше, біздің қақпаға 
кемінде екі-үш голдан кірді дей беріңіз. Сондықтан біз Қадронға ойын басталар-
басталмастан «ақырын ұршы айналайын» деп жалынамыз. Бірақ Қадрон басында жап-
жақсы жүреді де, денесі қыза келе бас бермейтін қызба жүйріктей ӛзіне-ӛзі ие бола 
алмайды.
Самоход жарысында да Қадрон ӛзгелерге дес бермейді, ӛзі секілді ӛңкиген үлкен 
самоходы бар. Бір талпынып жіберу, бес рет тебіну, жүгіріп келіп жіберу секілді 
жарыстарда алдыңғы үштіктен түскен емес. Тек конькиге келгенде ебедейсіздеу. Бір 
қарағанда зуылдап сырғанап барады, енді бір қарасаң сорайып құлап жатқанын кӛресің. 
*** 
Қыстың орта кезі болатын. Біздің ауылдың жолдары жылдағыдай кӛктайғақ. 
Жылдағыдай кәрі-құртаңдар қалтылдап әрең жүр, жылдағыдай тағасыз тай-құнандардың 
шаттары айырылып, құлап жатыр. Осы кӛк мұздың үстінде күні-түні ерсілі-қарсылы 
жӛңкіліп жүретін әрі ит пен мысықтай араз екі түрлі тіршілік иесі бар бұл ауылда. Оның 
бірі совхоздың қара жұмысына жегілген трактор, кәсӛмсӛттер (К-700). Екіншісі азаннан 
қара кешке дейін қаратерге түсіп ойын салатын қараборбайлар. Кӛліктер шалғайдағы 
малшыларға жем-шӛп тартады, күртік қарды күреп жол аршиды, кӛмір тасиды. Ал 
балалар олардың жүрген-тұрғанын аңдиды. Алда-жалда сіз сол жылдары біздің ауылға 
барған болсаңыз, кӛшенің кӛк мұзында тайғанақтап, қырықаяқша қыбырлап кетіп бара 
жатқан кӛліктерді кӛрген болар едіңіз. Сонымен бірге сиырдың құймышағына үймелеген 
қара шыбындай кӛліктердің құйрығына жабысқан балаларды және байқар едіңіз. 
Осылардың арасында қоңыр боти киген ұзын бойлы сары баланы кӛзіңіз шалған болса, 
біздің әңгіменің бас кейіпкері - Қадрон деген сол сабаз...


Тракторға жабысу қыстың күні ойнайтын сүйікті әрі қауіпті ойынымыз еді. Кӛшенің 
аяғынан тыртылдаған трактор сұлбасы кӛрінсе, жол жиегіндегі ағаштар мен электр 
бағаналарының қалқасына жасырына қаламыз. Әлгі трактор тұсымыздан ӛте бере 
телешкісіне жармаса кетеміз. Кейбіріміз жіңішке темірдің басын ілмек бізше иіп, кӛлікке 
жабысқыш арнайы құрал жасап алғанбыз. Осылайша кӛшенің арғы беті мен бергі бетіне 
тракторға сүйретіліп сырғанаймыз да жүреміз. Тракторшы-шопырлардың қолына түссең 
оңдырмайды. Талай мәрте тоқтай қалып, монтировкасын лақтырып тырқыратқан. Әсіресе 
Сәткен жынды бала біткенге ӛш. Ӛзінің аузы арақтан босамайтын ішкіш. Жұрттың 
айтуынша жүз грамм ішпей жұмысқа шықпайды. Соляркам таусылды деп конторға сәлем 
айтып, аяғын аспанға кӛтеріп жата береді екен. Оның сырын білетін бригадирлер бір 
шелек соляркамен қоса бір шиша арағын қоса жӛнелтеді. Кӛп ұзамай кӛк трактормен қоса 
Сәткеннің ӛзі де оталады. Жұмысты жапырып істейді. Сондықтан совхоз басшылары 
тентек жігіттің еркелігіне кӛнген. Сәткен баланы кӛрсе шайтан кӛргендей екіленіп кетеді. 
Тракторын жыланша ирелеңдетіп, кӛшенің біресе ана қапталына, біресе мына қапталына 
шығып, есалаң адамша бар жылдамдықпен жүйткітіп айдайды. Біздің жабысып 
алғанымызды байқаса болды, тракторын аңыратып қатты жүріп барып, кілт тоқтайды. 
Ондайда кейбір тәжірбиесі жоқ жас балалар трактордың телешкісіне басын ұрып, мертігіп 
жатады. Бірақ бәрібір қайтпаймыз, арғы кӛшеден кӛк трактордың сұлбасы шалынса, жапа-
тармағай тӛтелей тартып, жолын торуылдаймыз. Түн уағында трактор мен камаз, жүк 
кӛліктері табылмай қалса жеңіл кӛліктерге де жармаса кетеміз. Бір-екі балаға олар да былқ 
етпейді, бірақ бес-алтауымыз қатар жармасқанда, жигулилер ӛрге қарай тарта алмай 
кӛтерем малдай кӛткеншектеп қалатын. Талай жеңіл кӛліктің артқы бамперін жұлып алып, 
талай кісінің «жетпей желкелерің қиылғыр» деп басталатын қарғысын естідік, бірді-екілі 
таяқ жегендер де бар.
Тракторға жабысудың бір жаман жері аяқ киім шақ келмейді, су жаңа керзі етіктің 
бірер аптада табаны қақырап шыға келеді. Сондықтан кейбіреулер конькимен шығатын 
болды, самаходымен жабысатындар кӛбейді. Күллі ауылдың балалары аяқ киімнің 
зардабын тартып жүргенде жалғыз Қадрон ғана сыр алдырмады. Кӛлік қуалаған 
балалардың атаманы атанған ол сӛйтсек, тракторға жабысатын күні аяғына боти киіп 
шығады екен. Табаны жайпақ, ӛкшесіз қоңыр ботиы бар еді, күнде соны шұлғауланып 
киіп алады да, безілдеп жүреді. Қадронның ботиына елдің бәрі қызығады, ӛзге 
ботилардың табаны бедерлі, мұзда сырғанамай, қырсық есекше мӛңкіп тұрып алады. Ал 
Қадрондікі тап бір сырғанау үшін жаралғандай, жүйрік. Әрі тӛзімді. Қадрон қоңыр 
ботидың арқасында алты ай қыс, аяқ киім ауыстырмай ӛтті. Бірақ кӛктем шыға мұрттай 
ұшты. Бастапқыда аяғым сырқырайды деп жүретін, бір күні аудандық ауруханаға түскенін 
естідік. Резіңке етіктің табанынан ӛткен суық балғын денеге ревматизм деген дерт жамап 
беріпті. Қадрон досым ойнақтап жүріп осылайша от басты.


*** 
Қадрон Ұзынағаштағы аудандық ауруханада екі айға жуық жатты. Сол екі ай 
досымды ӛзгертіп жіберді. «Қадрон үйіне келіпті» дегенді шешемнен ести сала жетіп 
барғанда кӛргенім басқа Қадрон. Бұрынғы досым жоқ. Басқа адам... Қолына Марк 
Твеньнің «Том Сойерін» ұстап, маған күлімсіреп қарап тұрған бозбала Қадрон емес 
секілді...Тек сорайған бойы мен қоңыр кӛзі ғана ӛзгермеген. Бұрын жазда күнге қақталып 
тотығып, қыста аяз шымшып күреңітіп тұратын жүзін дәрі сорып тастағандай, әппақ 
қудай. Беті ғана емес, қолы да әппақ, әрі қыздың саусағындай былбырап тұр. 
Амандасқанда бұрынғы әдетіне басып қолымды қысып қойды. Бұрын дәу алақанымен 
сығымдағанда шыңғыртып жіберуші еді, бұ жолы менің күс басқан жұмыр қолымды 
оншалықты мыжғылай алмады. Мамырдың ортасына қараса да аяғына аңғор ешкінің 
түбітінен тоқылған жүнді шұлық киіп алыпты. Екеуміз ӛзгелерден бӛлектеніп, Қадронның 
бӛлмесіне кіріп алып, кеш батқанша әңгіме соқтық. Ол аурухананың әңгімесін айтады, 
мен ауылдың жаңалығын соғамын. Футболдан қай кӛшенің балалары жеңіп жүргенін, 
біздің командада кімдер барын, әрбір ойынның қалай ӛткенін, кімнің қалай гол соғып, 
кімнің кімді шалып жыққанын, кімнің кіммен тӛбелескенін тәптіштеп тұрып айтамын. 
Мен әсірелеген сайын ол қопаңдап тӛсегінде отыра алмайды. 
-Ондай кезде бүйту керек... Міне қарашы... мынау доп болсын иә... доп болсын... деп 
диванның үстіндегі жұмыр бӛстекті жұлып алып еденге тастай салды. 
–Допты алып келе жатқанда алдыңнан біреу жүгіре шықты. Не істейсің? Былай сол 
аяғыңмен тепкен құсап доптың үстінен ӛткізіп жібересің де, оң аяғыңмен қайта іліп 
аласың. Кӛрдің бе? Міне былай деп біздің ауылда кӛп қолданылмайтын алдау тәсілін 
жасады.
-Мұны қайдан білесің деп таңырқаған мені одан әрі таңғалдыра түскісі келгендей, -
допты былай «крученный тебу» керек, сонда қақпашыны алдап кетесің деп бӛстектің 
шетінен ұзын аяғымен бір сүйкеді. Жұмыр бӛстек шыр кӛбелек айналып барып диванның 
үстіндегі орнына қайта қонжиды.
-Костя деген досым үйретті деді. Дауысында мақтаныштың лебі бар, ауруханаға 
емес екі ай Қаратеңіз жағасындағы «Артек» лагеріне барып келген адамдай мұрнын 
шүйіреді. Костя екеуінің басынан кешкен хикаялары кӛп екен. Соларды баяндағанда 
Қадронды тіпті танымай қалдым. Түрлі медициналық терминдер мен дәрі-дәрмектің атын 
бірінші рет естісем де, білместігімді сездірмей бас шұлғып отырмын. Байқаймын 
досымның ӛзі де, сӛзі де ӛзгерген. Орысша араластырып сӛйлейтін болыпты. Денесі 
толысқаннан болар, жүріс-тұрысы да басқаша. Бойына жаңа әдеттер сіңірген. Бұрын 
қысы-жазы тақырбас жүруші еді, желке шашы бес елідей болып, мойнына қарай 
жалданып ӛсіпті. Шаш қайырғаны да қызық. Басын кегжең еткізіп бір сілкігенде кӛзіне 
түскен кекілі лып етіп, тӛбесіне қона қалады. Мұнысы аз болғандай ара-тұра терезені 
ашып жіберіп, далаға «дызт» еткізіп түкіреді. Бұл түкіріс біздікінен бӛлек түкіріс. Екі 


тістің арасынан сыздықтатып шығара ма қалай, әйтеуір шприцтен су атқандай жып-
жинақы қалпында алысқа шашырайды.
Ол сӛйлеп жатыр, әрі осындай «ӛнерлерін» кӛрсетіп үлгеріп жатыр. Мен тыңдап 
отырмын. Оның әңгімесіне, шаш қойысына, түкіргеніне дейін қызығып отырмын. Мен де 
кекілімді ӛсіріп, осы құсап қайырсам қалай болар екен деп қиялдаймын. Іштей 
қиялдаймын да жаңадан тікірейіп ӛсіп келе жатқан тақыр шашымды, бас қасығансып
ұстап-ұстап қоямын. Қойшы әйтеуір әжең іздеп жатыр деген хабар жеткенше Қадронның 
әрбір әрекетіне қызығып, пірге қол тапсырған мүридтей ұйып отыра беріппін. Ауырса да 
Қадрон, Қадрондығын істеді. Бастапқыда досымның халін сұрауға бара жатқанда 
кеудемде аяушылық сезімі болған, бірақ қайтарда оны зор, ӛзімді қор санап қалғанымды 
байқадым. Қадронға қызығып қайттым, ауруханаға жата алмағаныма ӛкінгендей қызғанып 
қайттым. 
*** 
Ақыры арманым орындалды. Қадронның ауруханадағы хикаялары түгесіле 
бастағанда ойламаған жерден мен де сырқаттандым. Басында күркілдеп жӛтеліп 
жүретінмін, тұмауратқан деп әжем қойдың майымен сылап, шешем компресс тартып, 
күнде кешкілік үйдегілердің барлығы улап-шулап, шоколад, кәмпит береміз деп жүріп 
әзер дегенде қытай пияз жегізетін. Бірақ жӛтел кетпеді. Уақыт ӛте келе ауа жетпей, 
алқынатынды шығардым. Ақыры аудандық дәрігерлер «демікпе» диагнозын қойып 
Алматының шетіндегі балалар ауруханасынан бір-ақ шықтым. Әке-шешем шыр-пыр 
болып жүр, ал мен ауырғаныма аздап қобалжысам да іштей разымын. Қадронмен 
теңесетін болдым, мен де Костя секілді орыс достар табамын, бір-екі айда орысша үйреніп 
алып, Қадронға ауруханада болатын түрлі қызықтарды әңгімелеп беремін. Ӛйтемін, 
бүйтемін деп қиял қуамын. Ол Ұзынағашта жатса, мен Алматыға келдім. Одан асып 
түстім деген мақтангершілік те жоқ емес. Бірақ алғашқы ине жамбасқа шаншылып, 
аурухананың тӛсегінде елегізіп ұйықтай алмай шыққан бірінші түні-ақ әлгі мақтаныш 
сезімі сетінеп сала берген. Қадрон әлде әсірелеп айтады, әлде жанынан шығарады, 
ауруханада ешқандай адам қызығар дүние жоқ екеніне бір аптаның ішінде кӛзім жетті. 
Әрине мұнда да балалар кӛп, бірақ барлығы дімкәс. Қиқылдап-шиқылдап жӛтеліп, 
тұншығып жатқан ӛзімнен ӛткен кӛксауларды кӛргенде зәрем ұшып, құтым қашты. Мен 
секілді демікпенің алғашқы сатысында жеткізілген балалар да бар, солар бірігіп алып 
ойынның түбін түсіреміз. Аптасына сары жигулиді терлетіп әкем мен шешем келеді. Екеуі 
екі дорба азық-түлік әкеледі. Сонымен қатар, қалада тұратын нағашылар мен туған-
туыстар бар. Олардың бәріне әжем қоңыраулатып тыным бермейтін кӛрінеді, кезек-кезек 
тамақ тасиды. Күлшелі бала сүйкімді деген, Республиканың алыс бір түкпірінен келіп 
емделіп жатқан, ағайындары айына бір ат ізін салатын балаларға қарағанда менің 
абыройым жоғары. Әкелген тағамдардың дәмдісін жақын достармен бӛлісіп жейміз, 
артылғанын ӛзгелерге үлестіремін. Медбикелер мен дәрігерлерге де сыбаға беремін. Бәрі 


мені жақсы кӛреді. Бәрі менімен дос болуға құштар. Осылайша бірер аптада ауруханаға да 
үйреністім, жамбас етін шұрық-тесік қылған ине мен кермек дәмді дәріге де кӛндіктім. 
Бәрі жақсы, тек түсте ұйықтатып қоятыны жаман. Күні бойы үй кӛрмейтін, кешкілік 
талып жығылғанда ғана ұйықтайтын ауыл баласын тапа-тал түсте тӛсекке таңып қоюдан 
артық қорлық жоқ шығар.
-Поварачиваемся к стенке,- деген медбикенің айқайы шыққанда шекем тырыса 
қалады. Бастапқыда «ұйқысы келмеген адамды ұйықтатып қою деген заңды кім 
шығарған». Бүйткен «тихий частарыңның қызын ұрайын» деп атамның сӛзіне салып талай 
боқтадым. Кӛзім ілініп кеткенше кӛрпенің астында күбірлеп, күңкілдедім. Сӛйтіп жүріп 
түсте ұйықтауға да дағдыланып алдым.
Ауруханада бір жарым ай жаттым, Қадрон екеумізге бір жылға жетер әңгіме жинап 
қайттым. Бірақ дер кезінде ол хикаяларды айта алмай қалдым. Дәрігерлер барған бетте 
саумал ішкізіңіз депті, әкем үйге соқпастан жайлаудағы Жұмантай жекжатының үйіне 
апарып тастады. Жұмантайдың әйелі Нұрхан кӛк шелекті қарына іліп, бес мезгіл бие 
сауады. Ол желі басына бет алғанда кішкене кесемді кӛтеріп қоса ілесем. Дәкемен сүзіп 
жіберіп, жып-жылы саумалды қарным сыздағанша сіңкілдетіп ішемін. Құлындар ӛздеріне 
тиесілі сүтке ортақтасып жатқан маған кӛздерін тӛңкеріп, алая қарайды. Оларды 
қызықтыра түскім келіп, саумал қотарылған шелек бетіндегі кӛбікті қолыммен кӛсіп алып, 
аузымды толтыра асаймын. Шашымды саумалмен сылап, қайырып қоямын.(Ол кезде 
Қадрон секілді шаш ӛсірген болатынмын) 
Саумалдың теріні ағартатын емдік қасиеті бар. Нұрхан апа негізі қараторы әйел. 
Бірақ екі қолы әппақ. Оның сырын сұрағанымда – күніге қолыңды бес мәрте сүтке малып 
отырсаң сенің де қолың әппақ болады деген, күлімсіреп.
-Баяғы хандардың қызы сүтке шомылған дейді ғой ертегілерде. Сол сүт осы саумал, 
саумалға шомылған адам ақ борықтай әдемі болып шығады деп Жұмантай аға әйелін 
қоштады. 
-Қой әрі сүтке шомылған деген не сұмдық. Обал емес пе деп Нұрхан апа шоршып 
түсті. 
-Обал болсын болмасын, солай болған. Жұмантай қойшы ӛзінше кесіп пішеді. Ал 
мен Қадрон секілді әппақ болып барсам ауылға деп армандадым емес пе?! Ендеше неге 
саумалды кәдеге жаратпасқа. Бие сауын болған сайын енді бетіме кӛбік жағатынды 
шығардым. Бастапқыда теріңді желімше тартып, құрыстырып тастайды. Бірер уақыттан 
соң сумен жуып жіберсең, бет-әлпетің жұп-жұмсақ болып былбырап шыға келеді. 
Жүзіңдегі бүкіл жара, тартылған теңіздің орнындай болып жарылып тұрған 
қабыршақтарды алып түседі.
Қойшы әйтеуір Жұмантайдың үйінде бір ай жатып саумал іштім, ауруханадан дәрі 
сорып келген басым мұнда құлындардың несібесіне ортақтасып, құлындай құлдыраңдап 
шықтым. Кӛкіректегі сырыл кетті, демікпейтін болдым. Әппақ сазандай болып семіріп 
ауылға келдім. Кӛліктен түскен бетте Қадронның үйіне қарадым, ешкім кӛрінбеді. Бірер 


сағат күттім, келмеді. Кеш батты әлі жоқ. Тек кешкі ас үстінде Қадронның «ревматизмі» 
қайта қозып бір апта бұрын Алматыдағы кардиология институтына алып кеткенін естідім. 
Осылайша Қадронға деп жинақтаған аурухана хикаяттары мен жайлау қызығы дер кезінде 
айтылмай қалды. 
*** 
Қадрон бұл жолы қатты ауырған секілді. Ауруханадан жүні жығылып, жүдеңкіреп 
келді. Дорба-дорба дәрі ішеді. Ұзақты күнге үйінен шықпайды. Кӛшедегі ойындарды тек 
терезеден тамашалап отырады, немесе қалың киініп алып бақша шетіндегі қарақшыдай 
қалқиып қарап тұрады. Мені де бір ауырып тұрған соң, әке-шешем қадағалауға алған. 
Әсіресе қыстыңкүні үйдегі бүкіл шүберекті үстіңе жапсырып барып, далаға әзер 
шығарады. Қалың жемпірдің сыртынан әжем тіккен желетке одан кейін барып, күртеше 
киесің. Бұрындары хоккей ойнағанда бусана бастасақ аязды күні шешініп тастап кірісуші 
едік, енді құлақшынды бастан алмау басты міндет. Оған қоса тұмшалап бӛкебай орайды. 
Бұндай киіммен ойнамақ түгіл далада жүріп-тұрудың ӛзі қиын. Сондықтан амалсыз 
Қадронның қасынан табылам. Екеуміз жылы үйде отырып алып, «пробка» (шӛлмектердің 
қақпағы), «фантик»(сағыздың қабығы) ойнаймыз. Зеріге бастасақ ертегі айтамыз, 
ауылдағы түрлі жағдайды әңгіме қыламыз. Қадронның әртістік қабілеті бар. Кинодағы 
кейбір күлдіргі кейіпкерлер мен мас адамның образын керемет салады. Оның үйінің 
қасында Кәтек қайнардың құдығы барын әлгінде айттық, сол құдықтың басы күні-түні 
ығы- жығы адам. Жас та, мас та сонда. Қадрон теледидардағы қызықты кино-
мультфильмдер таусылғанда терезенің алдында телміріп отырып солардың қылығын 
тамашалайды. Мастардың сӛзін жаттап алып, диалогтарын айнытпай келтіріп, келеке 
қылады. Оның мұнысына мен тырқылдап күлемін, жер жүзіндегі жалғыз кӛрерменін разы 
қылғанына масаттанған балаң актер даусын одан сайын құбылтады. Қадрон сәтті шыққан 
пародиясын қойылымнан шеттетпейді, айына бір сахналап отырады. Кейде ӛзім 
қолқалаймын. «Сақау Алмас пен Сәбиттің тӛбелескенін кӛрсетші», «Жекпе-жек 
Жайықтың трактормен елді қуғаны», «Құдіренің Шандырды қылқындырғаны» 
«Магнитофонның ӛлеңі», «Иманқұлдың Кипитокқа айтқанын салшы» деп сұрап аламын. 
Ондайда ол бӛгелмейді. 
-Е, Сәбит, ей, Сәбит,- деп мезетте сақау Алмастың рӛліне кіріп кетеді. Артынша 
Сәбит болып, шешініп тастап атып шығады. Екеуден екеу арақ ішіп отырып керілдесіп 
қалып, ақыры тӛбелесейін десе, бір-біріне батпай тұрған, айналасында ажырататын адам 
жоқ болған соң құры гүжілдесіп тарқаған екі құрдастың болмысын керемет ашады.
-Мен үшін тұрасың ба? 
-Тұрамын 
-Мен де тұрам.....ыңқ деп ықылық атады. 
-Сен үшін «иллюбой» адамның мұрным бұзам...
-Әкеш бетті.. 


-Мә... 
-Мәссаған....былш еткізіп ұрады 
-Е, Сәбит, е, Сәбит.... қатын екенсің ғой... Сәбит....е .Сәбит- ей... Тісім түсіп қалды-
ей, алтын тісім түсіп қалды деп кемсеңдеп жылағанда мен шыдай алмаймын, ішімді басып 
Қадронның сықырлауық тӛсегіне құлаймын. Ол ары қарай жалғайды. «Алтын тіс» дегенді 
ести сала, Сәбиттің жетіп келіп, екеулеп сіріңке шағып алтын тісті іздегені. Оны тауып 
алып бір жәшік араққа ӛткіземіз деп комерсанттардың үйіне бет алғанын нәшіне келтіріп 
айтады. Оған күлісіп алған соң келесіге ӛтеді. 
-Кипиток жүз граммның ішінде бұрқ-бұрқ қайнайды деп басталатын Иманқұл 
серінің, ел-жұрт бұрқылдап сӛйлейтін мінезіне қарап Кипиток атап кеткен Тұрсын деген 
ағамызға айтқан әзілін тӛгілдіреді. Қадрон осылайша әркімді бір мазақтап отырғанда 
маған оның ешбір жері ауырмайтын адам секілді кӛрінетін. Бір рет осы күмәнімді айтып 
қалғанмын. Ол мұң шалған жанарымен сынай қарап, мырс етіп езу тартты. Бар айтқаны 
түні бойы сырқырағанда, ұйықтай алмаймын, әсіресе сол аяғым қатты ауырады. Ол 
қақсағанда мына жерден кесіп тастағым келеді деп қарасанын алақан қырымен бір ұрды. 
Артынша тереңнен тартып күрсінді де жанарын терезеге аударып әкетті.
Далада біздің достарымыз самоход жарыстырып жатқан болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет