А д а м н ы ң т і р е к - қ и м ы л а п п а р а т ы н ы ң ж а н у а р л а р д а н ө з г е ш е -
л е й т і н е р е к ш е л і к т е р і .
I. Тулга.
Тік жүруге байланысты омыртқада иілімдер (кифоздар мен
лордоздар) пайда болады: бес сегізкөз омыртқасы бір сүйекке -
сегізкөзге - қосылып тұтасты, кеуде торы қол бұлшықеттерінің тірегіне
айналып, қысқарып, бірақ кеңейді (басым шама - фронталды); омырт-
қаны тікейтетін, m. erector spinae-нің
массасы едәуір ұлғайды, ал
арқаның жалпақ бұлшықеті (тек адам ғана шалқасынан жатып үйықтай
алады) мен боксе бұлшықеттерінің де массасы өсті, әсіресе тұлғаны
ұршық
буынында жазатын, отыру үшін жұмсақ жастыққа айналған
(адам ғана орындықта отыра алады) m. gluteus maximus бұлшықетінің
массасы өсті. Адам тәрізді маймылдар
екі аяғында ұзақ тұрып, жүре
алмайды, олардың тұлғасы көп ұзамай алға қарай құлайды да, олар
қолдарына сүйенеді, өйткені оларда адамның тіктелген денесін тепе-
теңдікте ұстайтын шонданай (боксе) бұлшықеттері нашар дамыған.
II. Бас.
Тік жүрумен байланысты
бас сезім ағзаларымен коса
жоғарыда орналасатын болды. Бастың осы қалпын сақтауға көмектесетін
бас ұстағыш ш. stemocleidomastoideus-пен оның сүйекке бекитін жері
processus mastoideus - барынша дамиды. Мидың дамуына байланысты
оның орналасатын жері - бассүйек - барынша үлкейді (сыйымдылығы
1500 см3 дейін). Осыдан барып бассүйек бет
бөліміне қарағанда едәуір
үлкендеу болып, маңдай биіктеп, тіктеліп, ал жақсүйектері кішірейеді.
Түсінікті сөз сөйлеуге байланысты os hyoideum-нен жоғары, әсіресе ауыз
айналасындағы ымдау бұлшық- еттері жақсы жетілген.
Достарыңызбен бөлісу: