канаттары едәуір жанына карай майыскан; angulus subpubicus тік
бүрышка дейін үлкейген (әйелдерде).
Дененің тік калпына сәйкес
жамбас астауының кисаюы (ineicinatio) артып, ортан жіліктің мойны
мсн денесі арасындағы бүрыш азайған. Ұршык буынын иык буынымен
салыстырганда шектеулі кимыл-козғалыс жасайтындыктан, дененің тік
қалыптагы орныктылығы артты, дененің артка күлауына
кедергі
жасайтын lig. iliofemorale және m. iliopsoas күшті дамыды; сирак
сүйектері пронация мен супинация кабілетіне ие бола алмады, аз
қозғалатын
синдесмоздармен
байланысып
калды;
тізе
буыны
байламдары (крест тәрізді және коллатералды) буынды жазғанда тік
түруды жеңілдетіп, керілетіндей болып ығысты. Тік жүруге байланысты
аяк үшы маймылдарға тән үқсау кабілетін жоғалтып, бүкіл дене тірегіне
айналды. Маймылдардың жалпақ үстағышы аяқ үшының бастапқы
пішіні да қатты өзгереді: онда үш тірек пункті, әсіресе өкшеде, I бакайда
және V табан сүйегінде пайда болды да, сондыктан ол соккыны
жүмсартатын күмбезді күрылысқа ие болды. Осымен байланысты
кейбір тілерсек сүйектерінің, әсіресе, аяқ үшының жерге түсетін үш
тірек пунктінің біріне (артқысы) айналған өкше сүйегінің салмағы
артты. Керісінше, бақай бақайшактары
өз маңызын жоғалтып,
кішірейді, ал кейбір жерде тіпті редукцияланады (мысалы, V бакайда).
Аяқ үшының сүйекті күмбездері берік байламдармен, әсіресе lig.
plantare longum және бүлшықеттермен нығайды. Бүлшықеттер аяқ
үшын бойлық бағытта да (бойлық күмбездер) - аяқ үшы мен бакай
бүккіштері (терең қабат), сондай-ақ көлденең бағытта да - m. peroneus
longus және m. adductor hallucis-тің көлденең басы - нығайтты.
Соның өзінде маймылдармен салыстырғанда адам үшін сирак пен
аяқ үшы бүлшықеттерінің бастамаларының
латералды бағытта ал
бекитін жерлерінің медиалды жиекке ығысуы, олардың көбінің үлкен
бақайға жинатылып, оның жерге жабыса кысылуына, демек, аяк
үшының пронациясына жәрдемдесуі және аяк үшы күмбезін
нығайтады. Егер олар әлсіресе, аяқбасты
маймылдардікі сияқты
жалпақтанады, ал бүл адам үшін патология (нормадан ауытку -
жалпақтабандылық) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: