Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


ІШКІ АҒЗАЛАР ТУРАЛЫ ІЛІМ - SPLANCHNOLOGIA



Pdf көрінісі
бет358/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   369
ІШКІ АҒЗАЛАР ТУРАЛЫ ІЛІМ - SPLANCHNOLOGIA
Ііикі агзалар, viscera s. splanchna
деп негізінен дене қуыстарында 
(кеуде, іш, жамбас астауында) орналасқан ағзаларды айтады. Оған 
асқорыту, тынысалу және несеп-жыныс жүйлері жатады. Ішкі ағзалар 
зат алмасуға катысады; тек көбею қызметін атқаратын жыныс агзалары 
ғана оған жатпайды. Бүл үрдістер өсімдіктерге де тән болғандықтан, 
ішкі ағзаларды өсімдік тіршілікті ағзалар деп те атайды. Алғашқы кезде 
хорда мен ми түтігінің жандарында дорзалды бөлікте дамитын
337


бұлшықет жүйесінен өзгеше өсімдік тіршілікті ағзалар ұрықтың 
вентралды бөлігінде басталып қаланады. Бұл жерде энтодермадан 
алғашқы ішек түтікшесі түзіліп, ол дененің қайталама (екінші) қуысы, 
coelom
бар жұп целомдық қаптар түріндегі мезодерманың іштік 
бөлімдерімен (mesoderma laterale) қоршалады. Энтодермаға жанасқан 
қаптар қабырғалары мезодерманың ішкі (висцералды) жапырақшасын - 
спланхнологиялық мезодерманы, ал эктодермаға жанасатын қабырға- 
лар мезодерманың қабырғалық (париеталды) жапырақшасын - сомалық 
мезодерманы түзеді. Осы жапырақшалардан сірлі қабықтар эпителилері 
пайда болады. Эктодерма мен сомалық мезодерма дене қабырғасының 
дамуына бастама береді де, ал ішек түтігі ас қорыту мен тынысалу 
ағзалары дамуына негіз болады. Сомалық және спланхнологиялық 
мезодерма ұрық денесі қуысын, coelom, шектейді, одан бөліну арқылы 
төрт сірлі қабықша пайда болады: үшеуі кеуде қуысында (екі өкпеқап 
қабы мен жүрекқап) және іш қуысында бір қабық (ішастар қабы) ұмада 
ата бездерді қоршап тұратын екі кішкене сірлі қап бар; олар ішастар 
қабынан бөлініп шыққан түзілістер болып табылады.
Басқа ішкі ағзаларға қарағанда несеп-жыныс жүйесінің дамуы 
өзгеше жүреді. Бұл жүйенің бастамасы алғашқы ішек аймағында емес 
мезодерманың әрі сомалық, әрі спланхнологиялық мезодермаға 
жанасатын шекаралық бөлігінде пайда болады.
Құрсақішілік даму кезеңінде ішкі ағзалардың түзілуі филогенезді 
бейнелейді. Бұл үрдіс кезінде алдымен жануарлардың басынан 
құйрығына дейін созылатын түтік түрінде алғашқы (бірінші) ішек пайда 
болады. Одан кейін осы түтіктен оның бас бөлімінде тыныс алу 
ағзалары өсіп, құйрық бөлімінде несеп-жыныс ағзалары онымен 
байланысады да, соның себебінен құйрық бөлімінде асқорыту, зәр 
шығару және көбею ағзаларына ортақ клоака түзіледі. Күрделі 
сүтқоректілерде несеп-жыныс ағзалары оқшауланып, жеке шығатын 
болады. Нәтижесінде күрделі омыртқалылар мен адамда өсімдік 
тіршілікті ағзалар тесіктер арқылы сыртқы ортамен қатысатын төрт 
түтіктен тұрады: 1) асқорыту түтігі екі тесігімен - кіретін (ауыз) және 
шығатын (anus) бүкіл денені бойлап өтеді; 2) бір кіретін тесігі (мұрын) 
бар тынысалу түтігі; 3) несеп және 4) жыныс, олардың тек дененің 
төменгі (артқы) шетінде, асқорыту түтігінің алдында ғана шығар 
тесіктері бар: еркектерде - несеп шығару өзегі, әйелдерде - несеп 
шығару өзегі мен қынап, яғни екі тесік болады. Бүкіл дене бойымен 
созылатын және кірер әрі шығар тесіктері бар асқорыту түтігінен пайда 
болған ағзалар барлық дене қуыстарында (көкірек, іш және жамбас 
астауы) орналасады. Тынысалу түтігінен дамыған, бір кірер тесігі бар 
және дененің бас жағында басталатын ағзалар кеуде қуысында 
орналасады. Ақырында тек шығар тесігі бар несеп-жыныс ағзалары 
негізінен іш және жамбас астауы қуыстарында орналасады. Осындай 
жобамен құрылған өсімдік тіршілікті ағзалардың түтіктері түрлі
338


бөлімдерінде әркелкі өсуіне байланысты пішіні жағынан күрделенеді. 
Бүл өзгерістерінен ортак принципті байкауға болады: түтіктің аз 
көлемінде барынша көп алмасу процесіне жағдай туады.
Кеуде, іш және жамбас астауы куыстарынын кабырғалары ерекше 
сірлі кабыкпен астарланған (өкпекап, жүреккап, ішастар), олар ішкі 
ағзалардын көп бөлігіне ауысып, оларды бекітуге көмектеседі. 
Қүрылысы жағынан сірлі қабык, tunica serosa, талшыкты дәнекер тіннен 
түрады, онык сырткы бос жағы бір кабатты тегіс эпителимен 
(мезотелий) капталған. Ол астында жаткан тінмен әр жерде әркелкі 
дамыған борпылдак сірлі шелмай кабаты, tela subserosa, аркылы 
байланысады. Сірлі кабықтын бос беті тегіс әрі ылғалды, соның 
салдарынан онымен жабылған ағзалар айнатәрізді жылтырап түрады. 
Сірлі кабык тегіс және ылғалды болғандыктан козғалыс кезінде ағзалар 
және олардың бөліктері арасындағы үйкелісті азайтады. Сірлі қабык 
жок жерде ағзалардың беті талшыкты дәнекер тін қабатымен, adventitia 
(латынша - сыртқы) жабылады, ол ағзаларды көрші бөліктермен бай- 
ланыстырады. Ағзаларды сырт жағынан жабатын сірлі кабыкка карама- 
қарсы шырышты қабық, tunica mucosa, олардың ішкі жабынын күрайды. 
Оның сыртқы түрі ылғалды, шырышты затпен жабылған, түсі 
қызғылттан ашык кызылға дейін (қантамырлардын канға толуына 
карай) болып келеді.
Шырышты қабық мына- 
лардан түрады (185-сурет):
1) 
эпителий; 
2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет