өсуі айтылған жаспен шек-
телмей 25 жасқа дейін жалғаса
береді,
ол
көбінесе
ішкі
секреция бездері қызметінің
артуына байланысты.
Белгілі
еңбектерде дүние жүзіндегі
көптеген қалыптан тыс бойы
ұзын - алыптарды студенттер
жоғарғы курстарда біле жатар.
Осы жолдардың авторының өзі
.
көрген Алматыда туып, өмір
* Лк
Ш N
и
сүрген тым биік адамды айта
кеткені жөн болар.
Василий
Увайс, ұлты - шешен, 1950 жыл-
дары физкультура институтын
бітіріп, баскетбол командасын-
да ойнаған. Оның бойының
ұзындығы 238 см (толығырак
мәліметтерді “Караван” газе-
тінде 1992 жылы жариялаған
едім). Ал, 31-суретте шоу-
бизнеспен шұғылданатын Ма
рокко
азаматы - Радуан, бой-
ының
ұзындығы
240
см,
салмағы 180 кг, табанының
ұзындығы 60 см.
Дененің пропорциясы жас
пен
жынысқа
байланысты.
Құрсақтағы нәрестенің дамуы
үрдісінде алдымен оның дене-
сінің жоғарғы бөлімдері тезірек өседі, ал туғаннан кейін - төменгі бөлім-
дері жылдам өседі. Міне, сондықтан туғаннан кейін бастың биіктігі тек
2 есе, ал тұлғаның ұзындығы 3 есе, қолдікі - 4 есе, аяқтікі 5 есе өседі.
Дене пропорциясындағы жыныстық айырмашылықтар:
әйелдердің
иығы қушықтау да, жамбасы кеңдеу, аяқ-қолдары біршама қысқалау, ал
тұлғасы ұзындау.
Еркекті әйелден айыратын жыныстық белгілер - біріншілік және
екіншілік деп бөлінеді. Біріншілік белгілерге көбею ағзалары, ең алды
мен жынысты анықтайтын жыныс бездері жатады; қалғандары екінші-
лік белгілерді құрайды. Әйелдердің бойы (орташа 12 см) қысқалау,
салмағы төмендеу келеді.
Бізде ересек еркектің салмағы 66 кг, әйелдікі - 59 кг.
Дене салмағының дара ауытқуы орташа
шамамен салыстырғанда
18-25 кг болады.
Достарыңызбен бөлісу: