«Педагогикалық қолдау» ұғымы



бет1/3
Дата18.10.2023
өлшемі16,98 Kb.
#117972
  1   2   3
Байланысты:
«Педагогикалық қолдау» ұғымы


«Педагогикалық қолдау» ұғымы

Педагогикалық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.


Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.
Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.
3.1. Мектептің тәрбиелік жұмыс жүйесінде педагогикалық қолдаудың мәні.

Педагогикалық қолдау – педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын көрсететін миссиясы. Педагогикалық қолдаудың мәні – оқушының ішкі күші мен қабілетіне қарауға негізделген тұлғаның субъектілігін қалыптастыру.


Баланың танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуі үшін ашық ақпараттық білімдік кеңістік жағдайында педагогикалық қолдау көрсету.
Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б.). Оқушыларда тұлғалық өзін-өзі жетілдіруге мақсатты бағытталған өзін-өзі рефлексиялау туралы ұғым қалыптастыру.
Педагогикалық қолдау – баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары (тұлғааралық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педагогикалық әдеп және т.б.). Тәрбиешінің кәсіби ұстанымын педагогикалық қолдау нормасында бейнелеп көрсету. Қолдаудың тактикасы: «қорғау» тақтикасы, «көмектесу» тактикасы, «ықпал ету» тактикасы, «өзара әрекеттесу» тактикасы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет