Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Оқытудың жеке формасын қандай жағдайда қолданамыз? Жеке
сабақтың ұйымдастыру ерекшеліктері.
2. Оқытудың жеке-топтық ұйымдастыру формасын сипаттаңыз.
3. Арнайы мектептегі сабақтың ұйымдастырылу ережелері.
4. Сабақтың типтері.
5. Сабақтың негізгі құрылымы.
95
6. Тақырыптық күнтізбелік жоспар құрылуы неге негізделген.
7. Күнделікті сабақ жоспары кұру талаптарын атаңыз.
§ 15. АРНАЙЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН КӘСІПТІК ЕҢБЕККЕ
БАУЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ МЕН МАЗМҰНЫ
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытудағы кәсіптік енбекке
оқытудың ролі
2. Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепте кәсіптік
еңбекке даярлау
3. Есту қабілеті зақымдалған оқушыларды кәсіптік еңбекке
даярлау мазмұнының сипаттамасы
4. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептегі кәсіптік
еңбекті оқытуды ұйымдастыру
5. Тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп оқушыларын кәсіби
еңбекке оқыту ерекшелігі
6. Ерекше қажеттілігі бар балаларды кәсіби еңбекке даярлауды
жетілдірудің болашақ мүмкіндіктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесін
жетілдіруге және дамытуға байланысты барлық міндеттер кешені ішінен
оларды кәсіптік еңбекке даярлау ең маңызды міндеті болып табылады.
Арнайы мектеп еңбектің қалыптастырушы мен дамытушы ролін және
еңбек бастамасын мүмкіндігі шектеулі баланың психикалық өмірінің
әртүрлі жағын коррекциялау мен компенсаторлық дамыту мақсатымен
пайдалануды әлдеқашан мойындаған.
Түрлі категориядағы кемтар балаларға қатысты арнайы міндеттерді
шешуде еңбекке оқыту мен кәсіптік даярлаудың мәні келесіде: мүмкіндігі
шектеулі, мысалы саңырау балаға қатысты «...барлық тігіріктен жол
табады. Ең бастысы: еңбек тәрбиесі өмірге деген ең жақсы жол; ол
алғашқы жылдардан бастап өмірге белсене қатысудың кепілі болмақ,
сондықтан ол саңырау бала үшін барлығын қатамасыз етеді – қарым-
қатынасын, сөйлеу тілін, ой-санасын» - Л.С.Выготскийдің бұл сөздері
еңбектің адамға әсер ететін көпқырлы ықпалын анық ашады. Әр ауытқу,
мысалы мүлдем естімеу немесе әлсіз есту кәсіпті таңдау мүмкіндігін
шектейді. Саңырау балаларда сөйлеу тілінің дамуында жетіспеушілік
байқалады, ол бірінші дәрежелі кемістіктің жиынтығымен таным іс-
әрекетінің ерекшелігін анықтайды, есту кемістігі қимыл-қозғалыс
аясының дамуына әсер етеді. Еңбек сабағы мен кәсіптік даярлауда балалар
вербальді жүйе арқылы өздерінің жұмыс әрекеттерін ұйымдастыруға
үйрене отыра, қалыптасқан сөйлеу тілі негізінде күрделі, әртүрлі
96
деңгейдегі ойлау операцияларын меңгереді. Еңбек үрдісіне енетін нақты
заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін анықтау үшін жағымды
жағдайлар жасалады, практикалық әрекеттерді орындау себеп-салдар
тәуелділігін түсінуімен байланысты, жалпы моторлы өрісінің дамуына
жағымды ықпал ететін қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасады. Дұрыс
ұйымдастырылған еңбекке оқыту көрсетілген міндеттерді сәтті шешуге
көмектеседі, ал бұл саңырау адамдарды өнеркәсіп еңбегіне қатыстыруда
маңызды болып табылады.
Көру кемістігі бар балаларды да дамыту үшін еңбектің маңызы аз
емес. Бұл категориядағы балаларда сенсорлық сипаттағы қиындақтары
бар, кеңістікте бағдарлауы шектеулі, еңбек сабағында сау анализаторларға
сүйене отырып түрлі нысаналармен үнемі әрекет жасау зағиптің
танымдық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оның кеңістік бұзылыстарын түзете
отырып, конструктивті-техникалық ойлауын дамыту амалы ретінде,
балаларға жаңа ұғымдарды меңгертеді, зағиптіктің орын толтыру
фактісіне айнала отыра, олардың сөйлеу тілі нақтылай түседі. Яғни,
еңбекке оқыту зағип балаларды тәжірибелік біліктілік пен дағдылармен
қаруландыра отырып, сонымен қатар дене және интеллектуалді еңбектің
түрлі жақтарын жан-жақты дамыту мен жетілдіру мүмкіндіктерімен
қамтамасыз ететін механизмдерді қалыптастыратын құрал болып
табылады.
Зияты бұзылған балаларды дамытуда еңбек жетекші орын алады.
Заттық-тәжірибелік әрекет орындау барысында оқушылардың сенсорлық
өрісі жетіліп, сөйлеу тілі мен моторикасы түзетіледі. Еңбек үрдістері
зияты бұзылған балалардың қоршаған орта туралы нақты емес, таяз және
қате түсініктерін түзетеді де ойлау операцияларына деген қабілетін
дамытады. Сөйтіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды еңбекке оқыту мен
кәсіпке даярлау бір қатар міндеттерді шешуге бағытталған. Ең алдымен
оқушылар мектепті бітіргеннен кейін өндіріс еңбек іс-әрекетіне араласуға
тәжірибелік дайындық алады. МШ балалардың дамуындағы ауытқуларды
түзету және орын толтыру құралы ретінде еңбекке оқытудың мәні зор.
Сонымен қатар, еңбек сабақтары оқушылардың жалпы білім беретін
пәндерді меңгеруде қызығушылығы мен белсенділігін жоғарлатып,
тұлғаның жан-жақты даму шарты болып табылады. Кәсіптік еңбекке
оқыту ақыл ойы және дене ауытқулары бар адамдарды әлеуметтік
оңалтуын, олардың азаматтық қалыптасуын анықтайды.
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектептегі кәсіптік еңбекке
оқыту оқушылардың ақыл ойы мен дене мүмкіндіктеріне сай болу керек.
Кәсіптік еңбекке оқытудың соңғы мақсаты түлектерді өнеркәсіптік және
шаруашылық өндіріс жағдайында күрделі емес еңбек түрлерін өздігінен
және квалификациялық деңгейде орындауға даярлау болып табылады. Бұл
мақсатты іске асыру үшін бірнеше арнайы міндеттерді шешу қажет.
97
Соның ішінде – зияты бұзылған оқушылардың еңбек іс-әрекетінің
кемшіліктерін түзету және соның негізінде олардың жалпы даму деңгейін
көтеру. Осы міндет еңбекке оқытуды ұйымдастырудың және мазмұнының
ерекшелігін анықтайды: оқытудың арнайы коррекциялық бағытталған
әдістер мен тәсілдерді іріктеу; көмекші мектеп ерекшелігіне сәйкес оқу
шеберханаларында жағдай жасау; оқушылар үшін еңбек әрекеттері мен
операцияларын орындау барысында оларға әрекеттенуге, сонымен бірге
ұйымдастыру талаптарын сақтауға көмектесетін жалпы ережелерді
белгілеп қою.
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепте еңбек бойынша оқу
бағдарламалары ең қажетті білім қалыптастыруды қарастырады,
оқушыларда сәйкес дағдылар болса да, онсыз кәсіптік дайындық аяқталды
деп есептеуге болмайды. Оқу-өндірістік шеберханаларында теориялық
оқыту мен практикалық жұмыс еңбекке дайындаудың екі бір-бірімен
байланысты бөліктері болып табылады.
Арнайы мектеп өзінің тәрбиенушілерін мынандай мамандықтар
бойынша біліммен, біліктілікпен және дағдылармен қаруландыруды
көздейді: темір ұстасы, ағаш ұстасы, тігінші, қатырмақағазды түптеу, аяқ
киім жөндеуші, сонымен бірге күрделі емес ауыл шаруашылық
бағытындағы мамандықтар (бақ шаруашылығының жұмысшысы, мал
шаруашылық), құрылысшы мамандықтар (сылаушы, бояушы, түсқағаз
жапсырушы).
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектептегі еңбекті оқытудың
арнайы
коррекциялық-дамытушылық
міндеті
балалармен
жасөспірімдердің таным іс-әрекетінің жетіспеушілігін түзету үшін және
жағымды тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуде еңбекке дайындау үрдісін
белсенді пайдалану, оларды мектепті бітіргеннен кейін адамдармен
еңбектік қарым-қатынасқа түсуді қамтамасыз ету болып табылады.
Ақыл-ойында жетіспеушілігі бар балаларды еңбекке оқытудың
мазмұны келесі талаптарға сәйкес болу керек:
а) кәсіптік еңбекке даярлаудың әлеуметтік мәнін қамтамасыз ету,
оқушыларда жағымды тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу;
б) теориялық пен практикалық білімді, оған енетін біліктілік пен
дағдыны және практикалық әркетті қамтамасыз ететін ойлау
операцияларының жетілуін ескере отырып іріктеуді қарастыратын еңбекті
оқытудың коррекциялық бағыттылығы;
в) кең бағыттағы және тікелей мамандандыру бойынша дайындықтың
негізін қалайтын бағдарлама талаптарының дифференциалді болуы, бұл
балалардың
психофизиологиялық
дамуының
шынайы
деңгейіне
сәйкесінше өздеріне лайықты жұмыс операцияларын меңгеруін білдіреді.
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектеп оқушыларын кәсіптік
еңбекке оқыту жалпы еңбекке дайындауды (1-8 сынып) қамтиды, 8
98
сыныпта кәсіптік оқытуға ауысу жүзеге асады, 9 сынып еңбекке келісім
шартты түрі бойынша мамандандыруды жүзеге асыруды көздейді.
Кәсіптік еңбекке даярлау нысаны өзінің күрделігі бойынша біркелкі
емес. Фрезерлеуші, тоқ жөндеуші, темір ұстасы мамандықтарына оқыту
ерекше қиындық туғызады. Тігінші-мотористка мен темір ұстасын
даярлау күрделігінің деңгейі біршама төмен. Зиятының дамуы біраз төмен
оқушылар үшін қатырмақағазды түптеу ісі, кейбір ауыл шаруашылық
мамандықтары сияқты еңбек түрлері қолайлы.
Зияты бұзылған балаларға арналған мектеп оқушыларын оқыту
бағдарламасы «темір ұстасы» мамандығы бойынша өндірістік
тапсырмаларды өздігінен орындауға даярлауды қарастырады. 5-8 сынып
оқушылары жалпы слесарлық курсын меңгереді. 9 сынып үшін оқыту
мазмұны базалық кәсіпкерлік бағытына және кадр қажеттілігіне сәйкес
жасөспірімдердің мамандандыруын көздейді.
Ұста шеберхана базасында төртінші сынып оқушыларын еңбекке
оқыту әртүрлі материалдарды өңдеудің қарапайым операцияларымен
таныстыруды және құрастырғыш бөлшектермен бұйым жинауды
қарастырады.
5-ші сыныпта оқушылар қарапайым ұсталық операцияларымен,
тәсілдерімен танысады.
6-ші сыныптан бастап, бағдарлама оқушыларға металлдардың қасиеті
мен қолдануын, тоқпен жұмыс істеу мазмұнын т.б. сипаттайтын бұдан да
күрделі техникалық және технологиялық мәліметтерді хабарлауды
қарастырады. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін тәжірибелік түрде меңгеруіне
үлкен көңіл бөлінуге тиіс.
Сонымен қатар, оқушыларды металлды өңдеудің басқа да түрлері
бойынша жеке тақырыптарымен таныстырады (электротұрмыстық заттар
мен шаруа құралдарын жөндеу)
Тоғызыншы сыныпта механика-ұсталық жұмысшысы және ұста-
жөндеуші мамандықтары бойынша даярлау жүзеге асырылады.
Бесінші және келесі сыныптарда оқушылар жону, аралау
операцияларын меңгереді. Нақты жұмыс әрекетін орындау үшін материал
ретінде ағаштың қатты түрлері алынады. Мектепке және ұста
шеберханасына қажетті бұйымдар мен құралдарды өздігінен жасау
еңбекке даярлауда маңызды кезең болып табылады.
Сонымен қатар, 5-ші сынып бағдарламасы тұрмыстық тігін
бұйымдарында әртүрлі кескіндерді өңдеу бойынша тақырыптарды, тігін
машинасында жұмыс істеу тәсілдерін арықарай меңгертуді қамтиды.
5-6-ші сынып оқушылары іш киім бұйымдарын тігу технологиясын
оқып, тәсілдерін меңгереді. 7-8 сыныпта оқыту нақты берілген өнімді
жасау үрдісінде жүзеге асады.
99
8-9-ші сыныптарда алынған білімдері толықтырылады, кеңейе түседі,
тәжірибелік дағдылар жетіледі.
Тігін ісі бойынша оқу бағдарламасы оқушыларды жеңіл киім тігу
сияқты өндірістік тапсырмаларды өздігінен орындауға және «Әйелдер мен
балалар жеңіл киімін тігінші-мотористка» мамандығы бойынша даярлау
мақсатын қояды. Төртінші сыныпта оқушыларды дайын пішілген
қарапайым бұйымды жасау арқылы кейбір тігін операцияларымен
таныстыру қарастырылған.
Тоғызыншы сыныпта оқушылар әйелдер мен балалар жеңіл киімін
тігу технологиясын және өндірістік тігін машиналарында жылдам жұмыс
істеу тәсілдерін меңгереді.
Ауыл шаруашылық еңбегі бойынша бағдарлама оқушыларды жемісші
мен бақшы бригадаларының, мал өсіру фермаларының жұмысшылары
ретінде ауыл шаруашылық жұмыстарына даярлауға бағытталған.
Ауыл шаруашылық бағыты бойынша оқытудың негізгі кезеңі 5-8
сыныптарға сәйкес келеді. Оқушылар жеміс өсіру және малды күту
бойынша әртүрлі қол жұмыстарын орындайды.
Тоғызыншы сыныпта өлке сұранысын ескере отырып нақты
мамандық бойынша мамандандыру болады.
Зияты бұзылған оқушыларды еңбекке оқыту бойынша оқу
бағдарламаларының негізгі жетістігі - еңбекке даярлаудың коррекциялық
ролін күшейтуі, бұл оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлі
деңгейде болуынан көрініс табады: слесарлық ісі бағдарламасы зияты
жеңіл деңгейде бұзылған және дене бітімі жоғары балалар үшін
ұсынылады; столярлық, тігін ісі бағдарламалары ақыл ойы кем
балалардың орта деңгейіндегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Талаптар
деңгейі бойынша бірдей емес бағдарламалар ақыл ойы кем оқушылардың
психикалық, дене және жеке ерекшеліктерін ескере отырып кәсіптік
еңбекке даярлаудың бағытын таңдауға мүмкіндік береді. Арнайы білім
беру жүйесінде кәсіптік бағдарлау мәселесіне үлкен көңіл бөліну керек.
Дамуында ауытқуы бар балалар үшін мамандықты дер кезінде және дұрыс
таңдау өте маңызды, өйткені бұл өндірісте сәтті бейімделудің шешуші
шарты болып табылады.
Еңбекке баулу оқу пәні ретінде саңырау және нашар еститін
балаларға арналған мектептерде барлық сыныптарды қамтиды, дайындық
сыныбынан бастап он екіншіге дейін.
Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектептің оқу жоспары
жалпы оқыту мен кәсіптік еңбекке даярлауды өзара байланыстыруды
қарастырады. Қоғамға пайдалы өндірістік еңбек жеке бөлім ретінде
белгіленген. Жалпы білім беретін мектеппен салыстырғанда, есту қабілеті
бұзылған балаларды еңбекке даярлауға төрт есе көп уақыт жұмсалады.
100
Еңбекке оқытуды 3 кезеңге бөлуге болады. 1 кезеңді бастауыш сынып
оқушыларын заттық-тәжірибелік оқыту құрайды. Бұл кезең саңыраулар
мектебінің барлық басқа типтегі арнайы оқу мекемелерінен және жалпы
білім беретін мектептен айырмашылығы.
Заттық-тәжірибелік оқыту орта буын естімейтін оқушыларын еңбекке
оқытудың негізі болып табылады. Заттық-тәжірибелік оқыту барысында
балалар еңбек құралдарымен, материалдарымен танысады, нақты еңбек
операцияларын, тәжірибелік іс-әрекетті жоспарлау тәсілдерін меңгереді,
қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерімен танысады. Сөйлеу
тілінің дамуымен қатар балаларда арнайы және техникалық терминдер
сөздігі жинақталады.
Келесі, еңбекке оқытудың 2-ші кезеңді 5-8 сыныптарды қамтиды.
Еңбекке оқытудың оқу бағдарламасы дифференциалді оқытуды
қарастырады: ұлдар үшін – техникалық еңбек, қыздар үшін - қызмет
көрсету еңбегі. Бағдарлама теориялық материалды, технологияны
оқытуды, сызу-графикалық сауаттылығын дамытуды, техникалық және
технологиялық құжаттарды оқып үйренуді жоспарлап отыр. Бұл кезеңде
жалпы міндеттермен бірге арнайы міндеттер де шешімін табады:
материалды өңдеу тәсілдерін үйрету, техника мен технология
элементтерін меңгерту, еңбекті ұйымдастыру және өндіріс негіздерімен
таныстыру.
Техникалық және қызмет көрсету еңбек сабақтары мектеп оқу
шеберханасында өтеді. Техникалық еңбек сабақтарының мазмұны
машинатану элементтерін меңгертуді, электротехника жұмыстарын
игертуді
қарастырған,
әр
тақырыпты
меңгерту
тәжірибелік
тапсырмаларды орындауды қажет етеді.
Қызмет көрсету еңбегі барысында тағам дайындау, матаны өңдеу
технологиясы меңгеріледі. Негізгі бөлім - маталарды өңдеу технологиясы,
сонымен бірге материал тану элементтерін, моделдеу, графикалық
сауаттылықты, тігін машиналарын меңгеруді, оларда жұмыс істеу
тәсілдерін үйренуді қамтиді. Әр тақырыптың теориясын меңгеру
тәжірибелік жұмыспен қатар жүреді.
Еңбекке даярлау бағытына сәйкес қазіргі өндіріспен таныстыру үшін
өндірістік экскурссиялар ұйымдастырған жөн.
Қарастырылып отырған кезеңнің өзгешілігі - тіл дамыту
жұмыстарының қажеттілігі болып табылады. Бағдарламада әр тақырып
бойынша еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар меңгеруге тиісті арнайы
терминдер сөздігі анықталған.
Еңбекке оқытудың 3-ші кезеңі 9-12 сыныптарға сәйкес келеді, онда
жалпы еңбекке даярлау жүзеге асады. Жалпы еңбекке даярлық мынаны
қарастырады:
101
а) барлық мамандықтар үшін бірдей өз еңбегін жоспарлау,
ұйымдастыру және бақылау бойынша білім, біліктілік, дағдылар жүйесін
меңгеру;
б) таңдалған кәсіптің ерекшелігін ескере отырып, жалпы техникалық
дайындығын жетілдіру;
в) жасөспірімде таңдаған мамандық бойынша еңбектің бастапқы
біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру.
Бұл кезеңде оқыту нақты бір мекеме базасында ұйымдастырылады.
Жоғары сынып оқушыларын еңбекке оқытуды ұйымдастыру
формалары әртүрлі: бұл әртүрлі типтегі сабақтар, тәжірибелік дәрістер,
оқу-өндірістік жұмыстар, экскурссиялар, өндірістік практика.
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептің оқушылары үшін
кәсіби оқыту бағытын қамту жағынан көбіне дәстүрлі болған столярлық
(ағаш ұстасы), слесарлық (темір ұстасы), аяқ киім жөндеу, тігін ісі негізгі
болып табылады.
Қазіргі кезде бұл кәсіптерді өндірісте жетекші деуге болмайды,
сондықтан еңбектің жаңа түрлері бойынша жұмысшыларды даярлау
қажет. Саңыраулар мектебінде кәсіптік даярлық бағытын өзгерту
қажеттілігі, түлектердің 50-60% мектепте меңгерген еңбек түрімен
айналыспайтындығынан да туындайды. Естімейтін жастардың мектеп
қабырғасында үйрететін мамандықтардың тар шеңберінен шығуға
ұмтылатыны
байқалады.
Саңыраулар
мектебінде
оқушыларды
радиомонтажшы, тоқ жөндеуші, сызушы кәсіптеріне оқыту тәжірибесі
жинақталған.
Саңыраулар мен нашар еститіндер мектебінде кәсіби бағдар беру
ерекшелігі оқушылардың сөйлеу тілінің даму өзгешілігімен, олардың
таным процестерінің ерекшелігімен анықталады. Осы ерекшелік кәсіби
бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыруына, мазмұнына, формаларына
өзінің талаптарын қояды.
Мектептегі кәсіби еңбекке даярлау кезеңі және кәсіби бағдар беру
жұмысының мазмұны саңырау мен нашар еститін түлектердің бейімделу
мүмкіндігіне үлкен (тіпті шешуші) ықпал етеді. Әлеуметтік-еңбектік
бейімделудің сәттілігі және бұл үрдістің оптимизациялауы көбіне
мектептегі кәсіби еңбекті оқыту бағытына, түлектер өз еңбек іс-әрекетін
бастайтын мамандықтарға сәйкестендіруге және олардың жақын қоршаған
ортасының қарым-қатынасына тәуелді. Қоғамдағы көпшілік ерекше
қажеттілігі бар адамдармен қарым-қатынас жасауға дайын еместігін айта
кету керек, ол болса оладың интеграциясын (кірігуін) қиындатады.
Саңырау мен нашар еститіндерге кәсіби бағдар беруге, оларды кәсіби
еңбекке даярлауға, жұмысқа орналасуға, квалификациялық өсуге және
кәсіби жоғарлауына байланысты мәселелерді шешу үшін арнайы мектеп,
102
өндіріс мекемелері, Қазақстан саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік
мекемелер жүйесі арасындағы байланысты нығайту керек.
Естімейтін адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру және
отбасылық тәрбие деңгейін көтеру мақсатында, оларға жұмысқа орналасу
мүмкіндіктері бар өндірісте еститіндер арасында ағартушылық сипаттағы
шараларды ұйымдастыру қажеттілігі де бар.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру есту ауытқулары бар балалар мен
жасөспірімдерге арнайы білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға және
қоғамға сәтті бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі кезде зағип және нашар көретін оқушыларды еңбекке
даярлаудың жолдары еңбекке оқыту мазмұнын жалпы техникалық
біліммен, құзыреттілікпен байытуды, еңбекке оқытуды жалпы және
политехникалық білім берумен байланысын тереңдетуді, компенсаторлы
дамудың резервті мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік
еңбекке даярлаудың алдынғы қатарлы ғылыми негізделген әдістерді
құруды қарастырады.
Еңбек көруі зақымдалған балалар үшін бұзылған функцияларды
түзетудің және қалпына келтірудің маңызды құралы ретінде қызмет
атқарады, өмірге дайындаудың, қоғамда еңбектенудің негізі болып
табылады. Сондықтан, зағип және нашар көретін балаларға арналған
мектептегі кәсіпке даярлау, басқа да арнайы мекеме түрлері секілді, оқу-
тәрбие үрдісінің жалпы жүйесінде маңызды орын алады.
Көру кемістігі бар балаларды еңбекке оқыту оқушылардың
спецификалық даму ерекшеліктерін көрсететін және жас ерекшелік
сипатына сәйкес келетін үш кезең арқылы жүзеге асады.
Бастауыш буында (1-4 сынып) еңбекке оқыту жалпы міндеттерді
(еңбек мәдениетінің бастапқы дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі
материалдармен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін меңгерту, техника
элементтерімен және бастауыш сынып оқушыларына түсінікті болатын
кәсіптер ерекшеліктерімен таныстыру т.б.) жүзеге асыруға бағытталады,
сонымен бірге даму ауытқуларын түзетуді және орын толтыруды
қамтамасыз ететін арнайы міндеттерді шешеді (еңбек түрлері,
нысаналары, құралдары туралы түсініктерін нақтылау; түйсігін, естуін,
бұлшық ет сезімін, көру мүмкіндігін, көрнекі-практикалдық ойлауын
дамыту, кеңістікте бағдарлау біліктілігін қалыптастыру).
Еңбекке оқыту бағдарламасы техникалық, ауылшаруашылық, қызмет
көрсету
еңбегінің
шығармашылық-конструктивті
іс-әрекетінің
элементтерін қарастырады. Техникалық еңбекке оқыту үрдісінде балалар
құралдармен, материалдармен және оның қасиеттерімен, еңбек
үрдістерімен, әртүрлі материалдарды өңдеу тәсілдерімен танысады.
Оқушылар жоспарлау, есептеу, өлшеу, графикалық жұмыс әдістерін
меңгереді.
103
Оқушыларды ауылшаруашылық еңбек барысында оқу-тәжірибе
участігіндегі, тірі табиғат бұрышындағы жемістер мен гүлді-декоративті
өсімдіктерді өсіретін жұмыс жасауды қарастырады, үй жануарларын күту
бойынша еңбек мазмұнымен таныстырады. Оқыту мақсаты -
ауылшаруашылық еңбегінің қарапайым тәжірибелік біліктіліктерін
меңгерту болып табылады.
Қызмет көрсету еңбегіне тоқталсақ - бағдарламаның осы бөлімі
оқушыларды азық-түлігімен, маталардың түрлерімен таныстыруды, киім
күту, үй жинау дағдаларын қалыптастыруды көздейді. Оқушыларда
әртүрлі еңбек іс-әрекетінде мәні бар жалпы еңбек біліктілігін
қалыптастыруға көңіл бөлінеді: еңбек үрдісін жоспарлау, еңбекті
ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау, жұмыс нәтижесін бағалау.
5-8-ші сынып оқушыларын еңбекке оқыту өндірістік, қоғамға
пайдалы еңбекке қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін еңбек біліктілігі
мен дағдыларын арықарай қалыптастыруға, техникалық, технологиялық
және бастапқы экономикалық білімін дамытуға бағытталған. Еңбекке
дайындау сол бағыттар бойынша жүзеге асады: техникалық,
ауылшаруашылық және қызмет көрсету еңбегі.
Оқушылар техникалық еңбекке оқыту барысында машинатану,
электротехника, арнайы графика, металл өңдеу саласындағы өндіріс
негіздері бойынша бастапқы білім алады. Сабақ мектеп оқу шеберхана
базасында өтеді, өндірістік мекемелерге экскурссия ұйымдастырылады.
Осы кезең ерекшелігі – Қазақстанның зағиптар қоғамының (ҚЗҚ) оқу-
өндірістік мекемелерінің өндірістік жоспарына сәйкес оқушылардың
әртүрлі бұйымдарды даярлауды қарастыратын өндірістік еңбекпен
бірлесуі.
Ауылшаруашылық еңбегі: оқушылар сол өлкеде өсетін жемістерді,
жидектерді, гүлді-декоративті өсімдіктерді өсіру бойынша білім мен
біліктілігіне үйренеді.
Қызмет көрсету еңбегі сабағында (кулинария, тұрмыс техникасын
жөндеу, маталарды өңдеу, киімдерді күту) тек оқу-тәрбие емес, сонымен
кәсіптік бағдар беру міндеттері де жүзеге асады, өйткені оқытудың бұл
кезеңі оқушыларды кәсіпке даярлаудың келесі кезеңімен тығыз
байланысты.
9-11-ші сыныптағы еңбекке оқыту оқушыларды кәсіби даярлауды
мақсат етеді. Кәсіптік еңбекке даярлау бағыты алдымен ауытқу
құрылымымен және оқушының шынайы мүмкіндігімен анықталады. Көру
мүгедектерінің
еңбегі
қазіргі
жағдайда
қол
және
кешенді-
механикаландырылған өндірістерде кең әрі толық пайдаланылады.
Бірінші бағыт (қол өндірісі) электротехника, радиотехника,
техникалық механика, арнайы технология бойынша білімді талап ететін
104
механика жинаушы, электро және радиомонтажды жұмыстарды
орындауды қарастырады.
Екінші бағыт (жартылай және кешенді механикаландырылған өндіріс)
еңбек механизімінің негізгі құралы ретінде электр тоғының, қысылған
ауаның энергиясын қолданатын, электр, пневматикалық құралдарды
пайдалануды қарастырады. Бұл еңбек түрлеріне қатысу қазіргі кездегі
өндіріс талабына сәйкес келетін кең жалпы техникалық, арнайы
даярлықты талап етеді. Мектептегі кәсіптік еңбекті оқыту сондай
деңгейдегі білімді меңгертуге бағытталу керек.
Кәсіптік еңбекке оқыту өндірістік практика өтілген мекемедегі
квалификациялық емтиханмен аяқталады.
Көру кемістігі бар балаларды еңбекке баулу дифференциалді болу
керек. Топтау барысында медициналық ұсыныстарды ескеру қажет, ол
бойынша нашар көретін оқушылар үш топтың біріне кіреді: 1 топ көру
және дене ауыртпалығы жалпы күн тәртібіне бейім балаларды қамтиды; 2
топ көру және дене ауыртпалығы шектелген күн тәртібіне бейім балалар
үшін ұйымдастырылады; 3 топ еңбектен босатуды қажет ететін балаларды
қамтиды.
Көру кемістігінің дәрежесі еңбекті оқыту бағытының таңдауын
анықтайды. Сонымен қатар, нақты экономикалық салада соқырлар
қоғамының өндірістік мекемеде болашақ даму мүмкіндіктерін,
түлектердің жұмысқа орналасу құқығын басшылық еткен маңызды.
Оқушылардың қалауы мен икемін, кәсіби даярлыққа сәйкес оқу өндірістік
шеберханаларды материалды қамтамасыз ету мүмкіндігін ескеру қажет.
Бұрын көру жағынан мүгедек түлектер, әдетінше, соқырлар
қоғамының мекемлерінде мынадай мамандық бойынша жұмысқа
орналасқан: массажист, ұста-жинақтаушы т.б. Мектепте кәсіби еңбекке
даярлау бағыты түлектердің жұмысқа орналасуында анықтаушы болып
табылады. Қазіргі кезде жоғарыда аталған мекемелердің көбі жабылған.
Көру кемістігі бар балаларға арналған мектеп түлектерінің жұмысқа
орналасу мәселесі өршіп тұр. Көру кемістігі бар оқушылар бұрын аталған
бағыттардан өзге тоқу ісіне, массажист кәсібіне, картонажшы кәсіптеріне
үйренеді.
Көру кемістігі кәсіпті игеру диапазонын күрт тарылтады, сол
себептен оқушыларды нақты көру арқылы айыруды, үнемі көру арқылы
бақылауды талап етпейтін кәсіптерді таңдауға бағыттау өзекті мәселе.
Зағип және нашар көретіндерге арналған мектеп түлектерінің
кейбіреулері оқуларын жоғары оқу орындарында жалғастырады (1-2 % ).
Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп естуі
қалыпты, интеллектісі сақталған бірақ жалпы білім беретін мектепте оқуға
кедергі жасайтын ауыр жүйелі тіл кемістігі бар балаларға арнайы
педагогикалық, логопедиялық және медициналық көмек көрсетуді мақсат
105
етеді. Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектептегі оқу-тәрбие
жұмысы коррекциялық бағытында жүргізіледі. Еңбекке оқыту оқу-тәрбие
үрдісінің құрамды және ажырамас бөлігі болып табылады.
Кәсіби оқыту оқушылардың өндірістік тапсырмаларды бастапқы
квалификациялық разряд деңгейінде өздігінен орындау жағдайында
өндірістік мекеме базасында немесе мектеп оқу шеберханасында жүзеге
асады. Алынған квалификация мамандық бойынша жұмысқа қабылдау
үшін негіз болып табылады.
Тереңдетілген кәсіби даярлық мекемедегі станокты құрылғы
базасында немесе кәсіпке сәйкес бағытталған оқу шеберханасында
оқытуды қарастырады, оның ішінде ағаш өңдеу, металл өңдеу, тігін ісі т.б.
қамтылған.
Еңбекке баулуға келетін болсақ, ол үш негізгі бағыт бойынша
жүргізіледі: шаруашылық-тұрмыстық еңбек, ауылшаруашылық еңбекке
оқыту, техникалық еңбекке оқыту. Мектеп шеберханаларының өзінде
кәсіби оқыту мынадай мамандыру бойынша өтеді: темір ұстасы, ағаш
жонушылар, ағаш ұстасы, тігін ісі, тоқымашы, кестелеп тігу.
Мектепті бітіргеннен кейін түлектердің көбі оқуын жалғастырады:
бұл жұмыс істейтін жастар үшін кешкілік орта мектептегі оқу, кәсіби-
техникалық оқу орындары болуы мүмкін.
Тіл кемістігі бар балаларға арналған мектебінің түлектері әртүрлі
мамандық бойынша дайындықтан өтеді: электромеханик монтажшы,
слесаршы, тұрмыстық құралдарды жөндеуші, киномеханик, түптеуші,
аспазшы, декоративті бақ өсіруші т.б.
Түлектердің техникумдар мен училищелерде де кең диапазондағы
мамандықтарды игеруге мүмкіндіктері бар: автожолшы, электромашина
құрылысшысы,
құрылысшы,
машина
құрастырушы,
байланыс
қызметкерлері, теміржолшы, қаржы-экономикалық мамандықтар т.с.с.
Түлектердің аз ғана пайызы (1-2%) оқуын жоғарғы оқу орындарында
жалғастырады. Материалды өндіріс саласында түлектердің еңбек етуі көп
байқалады.
Тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп түлектерінің жұмысқа
ораналасу мәселесін зерттеу, мектеп бітірушілердің аз ғана пайызы (20%)
болашақта меңгерген мамандық бойынша жұмыс істейтінін көрсетеді.
Мектепте еңбекке оқыту барысында темір ұстасы ісін игерген
түлектердің арасында тек 56% ғана темір ұстасы мамандығын алды.
Қалғандары материалдық өндіріс саласындағы басқа мамандықты
меңгеруде. Қыздардың 15% ғана мектепте меңгерген тігінші мамандығын
таңдайды. Түлектердің 29% ғана оқуды бітіргеннен кейінгі қызметі
мектептегі мамандығымен біршама байланысты. Мысалы, мектепте
слесарлық ісі немесе техникалық моделдеу бойынша бағытталған
түлектер болашақта техника саласында жұмыс істейді.
106
Зерттеу мәліметтері бойынша тіл кемістігі бар балаларға арналған
мектеп түлектерінің еңбектік бейімделуі, жалпы алғанда, жақсы екендігін
куәлік етеді (Колповская И.К.). Мамандықты дұрыс таңдаған кезде
түлектер еңбек іс-әрекетіне толық бейімделе алады, яғни кәсіпке даярлау
бағытын анықтау кезінде кемістік көрінісін, жасөспірімдердің
психофизиологиялық мүмкіндіктерін және қабілетін ескерген маңызды.
Мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде
интеллектісі сақталған тіл кемістігінің типі білім алуды жалғастыруға,
әдетте, кедергі болмайтындығын ескеру керек.
Тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп оқушылары туралы айта
келе, әдетте, тіл жетіспеушілігі баланың жалпы психикалық дамуына із
қалдырады және оларда әртүрлі жағымсыз сезімдер қалыптастырады:
сөйлеу
қорқынышы,
тым
ұялшақтық,
айналасындағылармен,
құрбыларымен сөйлеу қарым-қатынас жасаудан қашу. Осымен тіл
мектебінің оқушылары, жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен
салыстырғанда, мәнсапты мамандықтарды таңдамау фактісін түсіндіруге
болады, соған байланысты қарастырып отырған балалар үшін мектепте
психологиялық қызмет ұйымдастыру мәселесі маңызды болып тұр.
Тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп оқушыларын кәсіби
еңбекке даярлау тиімділігі мен сапасын көтеруге бағытталған ұсыныстар
ретінде сөйлеу ауытқулары бар оқушылар үшін лайықты кәсіптерді
анықтау, тіл және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті
түрде дифференциалді оқыту, белгілі бір жағдайда жеке даярлауды өткізу
қажеттілігін айту керек.
Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін арнайы мектептегі кәсіби
еңбекті оқыту коррекциялық бағытта жүргізіледі. Келесі міндеттерді
жүзеге асыру кәсіби еңбекке даярлауды арықарай жетілдіруге септігін
тигізеді:
- арнайы мектептегі еңбекке оқытудың материалды-техникалық
базасын
нығайту.
Мектеп
оқу
шеберханаларын
жабдықтау
тәрбиеленушілердің ауытқу құрылымы мен тереңдігін ескере отырып
жүргізілуі тиіс;
- ҚР спецификалық ерекшелігін ескере отырып еңбекке оқыту
бағдарламасының мазмұнын жетілдіру;
- еңбек сабағының мұғалімдерінің біліктілігін көтеру жұмыстарын
жоспарлы, жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыру;
- дамуында ауытқуы бар балаларды кәсіби еңбекке даярлау бағытын
таңдауын ғылыми негіздеу, арнайы мектеп түлектерін жұмысқа орналасу
мүмкіндіктерін арнайы зерттеу;
-
оқушылардың өндірістік практикасын олардың болашақ жұмыс
орындарында ұйымдастыру, ол үшін мектептің базалық мекемелерімен
107
байланысын нығайту маңызды, өндірістік құрылымдарымен араласудың
жаңа дәстүрден тыс формаларын іздестіру;
-
оқуын
жалғастырған
мүмкіндігі
шектеулі
түлектерін
дифференциалды оқу-тәрбиелік ықпал етудің әдістемелік жабдығын
жасау;
-
мүмкіндігі шектеулі балаларды өзіндік еңбек іс-әрекетіне даярлау
ісінде жетекшілер тәжірибесін кең пайдалану, сол саладағы жұмыстың
үздік дамыған формаларын іздестіру және тәжірибеге ендіру;
-
арнайы білім беруде психологиялық қызметін дамыту және
жетілдіру.
Көрсетілген міндеттерді шешу мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы
мектеп жағдайында кәсіби еңбекке оқытуды жетілдіруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |