91
3. Мектептегі сабақ.
Мектептегі оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ
болып табылады. Әрбір сабақ оқушылардың білімін, дағдысын, іскерлігін,
сапалық қасиеттерін қалыптастырушы қызмет атқарады. Сабақ өзінің
біртұтастығымен, қорытындысымен, міндеттерді орындаушылығымен
ерекшеленуі тиіс.
Арнаулы мектептегі әрбір сабақ күрделі дидактикалық жүйелерге ие.
Сабақтың бөлімдері: мазмұны – мұғалімнің сөзімен, оқулықпен, көрнекі
құралдармен, оқытудың әдістерімен, формаларымен анықталады.
Әрбір сабақта негізгі дидактикалық міндеттер шешіледі: оқыту,
тәрбиелеу, коррекциялау. Сабаққа қойылатын талаптар:
-
өткенмен байланысты болуы және жаңа сабақ арасындағы
байланыс;
-
жаңа білімнің ғылымилығы, шындықпен байланысуы;
-
оқушылардың қабілеті мен психофизикалық ерекшеліктеріне
қарамастан білімнің жеткіліктілігі;
-
сабақ
үстіндегі
оқушылардың
танымдық
қабілеттерді
қалыптастыруы;
-
оқыту процесіндегі саралау принципінің орындалуы;
-
педагогикалық процестің ғылыми түрде ұйымдастырылуы;
-
дидактикалық
мақсаттарға
сай
көрнекі
құралдармен
жабдықталуы;
-
сабақ құрылымының қойылған мақсаттарға сай болуы.
Сабақтың мақсаты мен негізгі бағыттарына сай оқушылардың жеке
тәжірибелері есепке алған жөн. Себебі, оқушылар игерілетін материалдың
өмірмен, табиғатпен, шындықпен байланысты болғанын қалайды.
Сабақтың дидактикалық мақсаттарына қарай сабақтың типтері
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: