Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет80/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Балалар церебральды салының клиникалық формаларына 
сипаттама жасаңыз. 
2. Балалар церебральды салы кезідегі қимылдық бұзылуларды 
атаңыз. 
3. Балалар церебральды салы кезіндегі бала психикасының 
дамуындағы ерекшеліктер қандай? 
4. Балалар церебральды салы кезіндегі арнайы балабақшаларда 
жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың мазмұнын 
ашыңыз. 
5. Балалар церебральды салы кезіндегі арнайы мектептердегі 
педагогикалық процестің ерекшеліктерін атаңыз. 
6. Жалпы білім беретін мектептердегі тірек-қимыл аппараты 
бұзылған балалармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық 
жұмыстардың ерекшеліктерін анықтаңыз. 
§ 25. КҮРДЕЛІ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН 
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. Бала дамуындағы күрделі кемістік туралы заманауи ғылыми 
көзқарастар 
2. Біріккен кемістіктерге ие балалардың жіктемесі 
3. Күрделі кемшілігі бар балаларға көмек көрсету жүйесі
 
Соңғы жылдары күрделі кемістігі бар балалар санының қатары дүние 
жүзінде көбеюі мен оларды біліктілік тұрғысынан қолдау бойынша 
ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтардың аздығы осы проблемасының 
көкейкестілігін арттырып отыр. Заманауи практикасы әр түрлі 
кемістіктердің бірігуі барлық типтегі арнайы мекемелерде кездесетіндігін 
дәлелдейді. «Күрделі кемістік» түсінігі немесе, қазіргі ғылыми 
айналымдағы «дамудағы күрделі кемістік» ұғымы әдебиеттерде әр түрлі 
тұжырымдалған. 


201 
Осы ұғымдар қарастырылған арнайы әдебиеттер мен зерттеулерді 
жан-жақты талдау негізінде «дамудағы күрделі кемістік» бойынша көп 
түрлі ұғымдар бар екендігін байқатты. Осы ұғымның синонимдері болып 
«дамудың күрделі зақымдануы», «дамудың күрделі аномалиялары», 
«бірігіп кеткен зақымданулар», «кешенді зақымданулар», «жиынтық 
кемістіктер» «ауыр және көп зақымданулар» және т.б. табылады. 
Н.М. Назарова балалардың күрделі зақымдануына бір тұлғаның 
басында екі және одан көп бастапқы психикалық және дене кемістіктердің 
бірігулерін (есту мен көруі бұзылуы, зияты мен есту қабілетінің 
бұзылысы, есту қабілетінің зақымдануы мен церебралдық паралич, 
көрудің бұзылуы мен балалар церебральдық параличі және т.б.) 
жатқызады. 
Қазіргі уақытта АҚШ-та балалардың көру мен есту қабілеті 
зақымдануымен қатар оқытудың «көп кедергілері бар» арнайы 
бағдарламалары жұмыс істейді. Бұл термин бірнеше зақымдары бар, 
мәселен 
ақыл-есі 
кемістердің 
көру 
немесе 
есту 
органдары 
зақымдануларымен бірігіп кетуін білдіреді. Бұл жағдайдағы «кедергі» 
оқыту міндеттерін қиындатады, өйткені бұл балалар бір кемістікке 
бағытталған арнайы мекемелерге орналаса алмайды. 
С.Е. Гайдукевич көптеген зақымдануы бар ауыр форма тұрғысынан 
интеллектулдық дамуы бұзылған балалардың көру, есту, дене 
құрлысының жетіспеушілігі мен тәрбиедегі қиындықтарының бірігуін 
түсіндіреді. 
В.Н. Чулковтың пайымдауынша күрделі кемістік дегеніміз баланың 
әлеуметтік бейімделуіндегі дамуының зақымдануы мен қиындықтарының 
құрылымын анықтайтын бірдей дәрежедегі екі немесе одан да көп 
бұзылулардың бірігуі. 
«Кемістіктің күрделі құрамы» және «күрделі кемістігі бар балалар» 
ұғымдарының 
теңестірілуі 
дұрыс 
емес. 
Л.С. 
Выготскийдың 
тұжырымдарына негізделе отырып, 
М.В. Жигарева әрбір тұрақты бұзылу 
бастапқы және кейінгі иеархиялық құрылымына ие екендігін анықтайды. 
Яғни әр кемістік сатылылы: бастапқы сатысынан және оның 
салдарынан (кемістіктің екінші сатысынан) тұрады – бұл әр жеке 
кемістіктің күрделі құрамын білдіреді. 
Демек, практикалық сұрақтардың дұрыс шешімі күрделі және 
күрделенген бұзылуларды анықтау барысындағы негіздемені нақты 
түсінуді талап етеді. Кешенді зақымданулар туралы мәселені аномальдық 
дамудың күрделі құрылымының негізгі ережелері туралы білімдер 
контексінде ғана қарастыру мүмкін. Бұзылыстар бірігіп бір-біріне көп 
қырлы ықпал етеді және өзара күшейе түседі. Оның соңынан, бөлек бір 
зақымданудың қарапайым сомалық қосындысымен салыстырғанда 


202 
сапалық және сандық тұрғыдан айтарлықтай дөрекі кері салдары болуы 
мүмкін. 
Күрделенген зақымдану 
– бірқатар бастапқы зақымдануларға ие, бірақ 
оның біреуі негізгісі, жетекшісі болып табылатын, аномальдық даму 
құрылымын анықтайтын, яғни екінші ауытқуға негіз болатын бұзылуды 
айтады. Сонымен бірге екінші кемістік бастапқы болғанымен айқын 
көрініс таппаған немесе компенсацияға бағынатын, дейтұрғанмен ол 
негізгі жетекші кемістікке ықпал етеді. 
Бұдан басқа, бірқатар дереккөздерде 
«көптік зақымданулар
» ұғымы 
қарастырылып, баланың дамуындағы екі-үш немесе одан да көп бастапқы 
бұзылулардың жиынтығы. Оның әр қайсысы кері ықпалды ауытқуға ие 
болатындығын 
білдіреді, 
мәселен: 
соқыркерең 
ақыл-есінің 
зақымдануымен ұштасуы. 
Жоғарыда айтылғандар негізінде мынадай тұжырым жасауға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет